О порядке и сроках публикации финансовой отчетности банковскими и страховыми холдингами Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктік және сақтандыру холдингтері жыл сайын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жылдық қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін бір айдың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында:
Тармақша 1
1) еншілес ұйымдары жоқтары - аудиторлық ұйым растаған, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті;
Тармақша 2
2) еншілес ұйымдары барлары - аудиторлық ұйым растаған, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті жарияласын.
Тармақ 2
2. алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.