Об установлении надбавки к окладам и тарифным ставкам в размере двадцати пяти процентов к заработной плате специалистам работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района в сфере здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұйғыр ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Ұйғыр ауданы әкімінің 2012 жылғы 05 сәуірдегі N 1-7/180 ұсынысына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұйғыр ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Ұйғыр ауданының "Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Исмаилов Мырзалим Муталимұлы 13 сәуір 2012 жыл