О создании открытого акционерного общества "Жас оркен" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамын құру туралы "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы мен "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Жас өркен" ААҚ) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) "Жас өркен" ААҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" және "Дружные ребята" балалар мерзiмдi баспасөз басылымдарының мүлкiн "Жас өркен" ААҚ-ның жарғылық капиталына беру қарастырылсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-6-жолмен толықтырылсын: "123-6 "Жас өркен" ААҚ";
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.
Тармақша 3
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына : Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1-жолмен толықтырылсын: " 224-1 "Жас өркен" ААҚ". 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.