О перечне должностей военнослужащих, сотрудников органов военной прокуратуры Республики Казахстан, имеющих право на денежную компенсацию на содержание жилища и оплату коммунальных услуг Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.05.2002 N 593 (01.01.2002 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 сәуірінен қолдануға енгізіледі және жариялауға жатады.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының Тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры мен оның орынбасарлары
Тармақ 2
2. Бас әскери прокуратура басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары, Бас әскери прокурордың аға көмекшілері
Тармақ 3
3. Бас әскери прокуратура басқармалары мен бөлімдері бастықтарының орынбасарлары
Тармақ 4
4. Бас әскери прокуратураның аға әскери прокурорлары мен әскери прокурорлары
Тармақ 5
5. Бас әскери прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бас мамандары 6. Гарнизонның (әскерлердің) әскери прокурорлары мен олардың орынбасарлары
Тармақ 7
7. Гарнизондардың (әскерлердің) әскери прокурорларының аға көмекшілері мен көмекшілері