О присвоении наименований безымянным улицам села Булакты Егиндыбулакского сельского округа Мугалжарского района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақты ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бұлақты ауылының көшелеріне келесідей атаулар берілсін. № 1 көшеге - Полтинников Карп Федорович; № 2 көшеге - Төлеу Алдабергенов; № 3 көшеге - Ідіріс Алмашұлы Ермағанбетов; № 4 көшеге - Бұлақты; № 5 көшеге - Жем; № 6 көшеге – Тәнтісай; № 7 көшеге - Бейбітшілік; № 8 көшеге – Қаракөл;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.