Об охранной зоне Баянаульского государственного национального природного парка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 123-баптарына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына, 18, 48-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар: ауылдық округтердің аумақтарында жер пайдаланушылары мен жер телімдерінің меншік иелерінен қайтарып алусыз, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сыртқы шекарасы бойында ені екі шақырым, жалпы ауданы 67420 га болатын қорғау аймағы; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекара конфигурациясына сәйкес келетін көрсетілген қорғау аймағының шекарасы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 364 бұйрығымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын әзірлеу бөлігіндегі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің техникалық-экономикалық негіздемесін түзету жобасына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 48-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілген қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің директорына (келісім бойынша) қорғау аймағының шекарасын арнайы таңбалармен белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Қ. Әшімбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.