Об утверждении Правил организации деятельности Центров социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства Қолданыста
Басқа 0
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2012 № 498-ө-м бұйрығымен (01.01.2013 бастап күшіне енеді).
"Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16 наурыздағы N 408 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі;
Тармақша 2
2) Әлеуметтік бейімделу орталығының шамамен алғандағы құрылымы мен қызмет көрсететін қызметкерлерінің штаттық саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3. Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесi
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі В.М.Ивановқа жүктелсін.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрі
2000 ж.1.06
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2000 ж. 7.06
Бекітілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
2000 жылғы 25 сәуірдегі
N 29 бұйрығымен
Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесi
"Осы Ереже Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы N 408 қаулысына сәйкес құрылатын Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының (бұдан әрi - Орталық) қызметiн ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орталыққа орналастырылған белгiлi тұрағы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген азаматтардың барлық құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Тармақ 2
2. Орталықтар белгiлi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ, медициналық және өзге де көмектi, әлеуметтiк еңбекпен бейiмдеудi қажет ететiн адамдардың уақытша болуы үшiн құрылады.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 295-өбұйрығымен.
Тармақ 3
3. Орталықтың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Орталықтарды құру
2. Орталықтарды құру
Тармақ 4
4. Орталықтар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады және Жарғының негізінде жұмыс істейді.
Тармақ 5
5. Орталықтар 100 мың адамнан астам халқы бар қалаларда құрылады. Олар мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық аумақтық органдардың келiсiмi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Орталықтың балансына берген, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, өртке қарсы талаптар мен техника қауiпсiздiгi нормаларына жауап беретiн үй-жайларда орналасады.
Тармақ 6
6. Орталықты жалпы басқаруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Орталықтар өз жұмысын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарымен, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен, өзге де ұйымдармен тығыз байланыста жүргiзедi.
Тарау 3. 3. Орталықтардың жұмыс iстеуiнiң жағдайы мен тәртiбi
3. Орталықтардың жұмыс iстеуiнiң жағдайы мен тәртiбi
Тармақ 8
8. Орталық үйiнiң iшiнде:
Тармақша 1
1) еркектер мен әйелдердi, балалы әйелдердi жеке ұстауға арналған бөлмелер;
Тармақша 2
2) тамақ дайындауға және iшуге арналған бөлмелер (немесе асхана);
Тармақша 3
3) әкiмшiлiк, кезекшi, милиция, медицина қызметкерлерiне арналған бөлмелер;
Тармақша 4
4) жеке заттарын сақтау қоймасы;
Тармақша 5
5) кiр жуатын орындар, санитарлық бөлмелер;
Тармақша 6
6) санпропускник, душ қабылдау бөлмелерi, дезакамера;
Тармақша 7
7) оқшау бөлме болуға тиiс.
Тармақ 9
9. Қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, қылмыстың және өзге де тәртiп бұзушылықтың алдын алу мен оның жолын кесу мақсатында Орталықта iшкi iстер органдарының күшiмен сөтке бойы полиция қызметi белгiленедi, оның жұмыс iстеу жағдайы мен режимiн iшкi iстер органдары бекiтедi. Полиция постары Орталық әкiмшiлiгiнiң және облыстар мен қалалардың IIБ арасындағы шарттар негiзiнде жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының келiсiмiмен белгiленедi. Полицияның кешендi күшi нарядтарының бағыттары Орталық орналасқан жерге жақын болуға тиiс.
Тармақ 10
10. Орталық жұмысының режимiн Орталықтың директоры жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының келiсiмi бойынша белгiлейдi.
Тармақ 11
11. Орталықта тұрудың режимi Орталықтың директоры бекiтетiн iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi.
Тармақ 12
12. Белгiленген ережелердi бұзған жағдайда, қылықтың сипатына қарай кiнәлi адамдарға қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. Орталық ай сайын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне Орталыққа түскен және одан шығарылған адамдардың тұруы туралы әкiмшiлiк белгілейтiн нысанда есептеме ұсынады.
Тарау 4. 4. Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары
4. Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары
Тармақ 14
14. Орталыққа адамдарды қабылдау сөтке бойына жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Орталыққа белгiлi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ адамдар, соның iшiнде осы аталған азаматтар санаттары қатарындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар қабылданады.
Қабылдау жеке өтiнiшi немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, iшкi iстер органдарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және белгiлi тұрағы жоқ адамдар iшкi iстер органдарының жолдамасымен қабылданады.
Жеке басын растайтын құжаттарды ресiмдеудi Орталықтың орналасқан жерiндегi аумақтық iшкi iстер органы азаматтардың жазбаша өтiнiшi немесе Әлеуметтiк бейiмдеу орталығы директорының өтiнiмi бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Орталыққа түсетiн әрбiр адам мiндеттi түрде медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден, киiмдерi мен жеке заттарын дезинфекциялаудан өткiзіледi.
Тармақ 17
17. Мынадай ауруларды:
Тармақша 1
1) туберкулездiң асқынған сатысындағы;
Тармақша 2
2) жұқпалы ауруларды;
Тармақша 3
3) түсу сәтiнде тәртiбiнде науқастың өзiне және айналасындағы адамдарға қауiптi көрiнiс байқалатын психикалық ауруларды;
Тармақша 4
4) алкогольдiк, есiрткiлiк заттармен мас болған адамдарды Орталыққа қабылдауға болмайды.
Тармақ 18
18. Жоғарыдағы аурушаңдық белгiлерi бар адамдар денсаулық сақтау, iшкi iстер мекемелерiне жiберілуге тиiс.
Тармақ 19
19. Орталыққа жiберiлетiн адамдар өзiне өзi қызмет көрсететiндей болуы керек, қоғамдық пайдалы еңбекке, өндiрiстiк шеберханалардағы жұмыстарға, Орталықтың iшi мен аумағын жинастыруға, Орталық үйi мен оның аумағындағы құрылыстарды жөндеуге тартылуы мүмкiн.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру
5. Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру
Тармақ 20
20. Орталық белгiлi тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтiк көмектiң мынадай түрлерiн көрсетедi:
Тармақша 1
1) түнеп шығу үшiн төсек-жабдықтарымен қоса төсек бередi;
Тармақша 2
2) тұрмыстық қызмет көрсетедi (жеке заттарын жуу мен өтектеу, аяқ киiмiн тазалау және т.б.);
Тармақша 3
3) зейнетақыларды, жәрдемақыларды ресiмдеуге, айғақтамасы болған жағдайда мүгедектiк тобын белгiлеуге, қарттар мен мүгедектерге, жүйке ауруларына арналған интернат үйлерiне жiберуге, басқа да әлеуметтiк көмектер көрсетуге жәрдемдеседi;
Тармақша 4
4) қайырымдылық қорлары, демеушiлер арқылы материалдық көмектер алуына, өздерiне бекiтiлген асханаларда тамақтануға талондар бөлiнуiне жәрдемдеседi.
Тармақ 21
21. Орталықта тұратын адамдар қайтыс болған жағдайда оларды жерлеудi жерлеу бюросы жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Тарау 6. 6. Медициналық көмектi ұйымдастыру
6. Медициналық көмектi ұйымдастыру
Тармақ 22
22. Орталық мынадай медициналық көмек көрсетедi:
Тармақша 1
1) қажеттi алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
Тармақша 2
2) санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы алдын алу шараларын жүргiзедi;
Тармақша 3
3) медициналық тексеру, санитарлық өңдеу жүргiзедi;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарында жедел жәрдем көрсетуге жәрдемдеседi.
Тарау 7. 7. Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру
7. Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру
Тармақ 23
23. Орталық еңбек арқылы емдеудi жүргiзедi, ол:
Тармақша 1
1) Орталық жанынан еңбек ету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында өндiрiстiк шеберханаларын ашуды;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншiк нысанындағы жеке және заңды тұлғалар арқылы қайта оқытуға немесе еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетудi қамтиды.
Тарау 8. 8. Орталықтарды қаржыландыру
8. Орталықтарды қаржыландыру
Тармақ 24
24. Орталықты қаржыландыру жергiлiктi қаражаттың есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерiнен жүзеге асырылады.
Ақша қаражаттарын жұмсау қатаң түрде бекiтiлген сметаға сәйкес
жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Бөлiнген қаржы шегiнде Орталықтың шығындар сметасын, құрылымын және штаттық кестесiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтедi.
Тарау 9. 9. Орталықтардың қызметiн бақылау
9. Орталықтардың қызметiн бақылау
Тармақ 26
26. Орталықтың қызметiн осы Ереженiң талаптарына сәйкес қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметiн бақылау үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң шешiмiмен әкiмшiлiктiң, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау және iшкi iстер органдарының өкiлдерiнен қамқорлық кеңестерi құрылады.
Тармақ 27
27. Орталықтың санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдердi сақтауын, мұқтаж адамдарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуiн бақылауды белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Бөлiнетiн қаражаттың өз мақсатында пайдаланылуын бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырып отырады.
Басқа 64. Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу
орталықтарының үлгi құрылымы мен штаттық саны
Қазақстан Республикасы
Еңбек министрлiгiнiң "Белгілi
тұрағы жоқ адамдарға арналған
әлеуметтiк бейiмдеу
орталықтарының қызметiн
ұйымдастыру ережесiн бекiту
туралы" 2000 жылғы 25 сәуiрдегi
N 99 бұйрығына
Қосымша
Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу
орталықтарының үлгi құрылымы мен штаттық саны
____________________________________________________________________
NN ! Лауазымының атауы ! Штат бiрлiгiнiң саны
п/п
____________________________________________________________________
1 Директор 3
2 Бас есепшi 1
3 Әлеуметтiк мәселелер бойынша маман 1
4 Шаруашылық меңгерушiсi 1
5 Кезекшi әкiмшi 3
6 Фельдшер 3
7 Ғимаратқа қызмет көрсетумен
айналысатын жұмыскер (сантехник,
электрик) 1
8 Кiр жуатын машинист 1
9 Дезинфектор 1
10 Тазалаушы-санитар 1
Барлығы: 14
____________________________________________________________________
Ескерту: Асхана болған жағдайда аспазшы мен асхана қызметкерiнiң
штат бiрлiгi енгiзiледi.