О переименовании некоторых улиц города Темир Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 бабтарына сәйкес, Темір қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Темір қаласындағы мына көшелер:
Тармақша 1
1) Приречная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі деп;
Тармақша 2
2) Советская көшесі Әбілқайыр хан көшесі деп;
Тармақша 3
3) Октябрьская көшесі Әбу Тәкенов көшесі деп;
Тармақша 4
4) 42-х партизан көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі деп;
Тармақша 5
5) 40 лет ВЛКСМ көшесі Мәншүк Мәметова көшесі деп;
Тармақша 6
6) Сакко-Ванцети көшесі Әлия Молдағұлова көшесі деп;
Тармақша 7
7) Туркестанская көшесі Ахмет-Халфе көшесі деп;
Тармақша 8
8) Саратовская көшесі Ағайынды Жұбановтар көшесі деп;
Тармақша 9
9) Ленин көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесі деп;
Тармақша 10
10) Ряхов көшесі Сәнкібай батыр көшесі деп;
Тармақша 11
11) Борцов революции көшесі Сайын Балмұханов көшесі деп;
Тармақша 12
12) Московская көшесі Шоқан Уәлиханов көшесі деп;
Тармақша 13
13) Ташкентская көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі деп;
Тармақша 14
14) Гражданская көшесі Толғанай көшесі деп;
Тармақша 15
15) Вознесенская көшесі Бөгенбай батыр көшесі деп;
Тармақша 16
16) Оренбурская көшесі Нұрпейіс Байғанин көшесі деп;
Тармақша 17
17) Қазан көшесі Қожабай Жазыков көшесі деп;
Тармақша 18
18) Базарная көшесі Сақтаған Бәйішев көшесі деп;
Тармақша 19
19) Илецкая көшесі Абай көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Н. С. Қалауовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.