Об утверждении Методики расчета объемов образования эмиссий (в части отходов производства, сточных вод) от бурения скважин Қолданыста
Басқа 0
Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны
қорғау министрінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 129-ө бұйрығымен бекітілген
Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ұңғымаларды бұрғылаудан эмиссиялардың (өндіріс қалдықтары, сарқынды сулар бөлігінде) түзілу көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ұңғымаларды бұрғылаудан өндіріс қалдықтары мен сарқынды сулардың түзілу көлемдерін есептеуге бірыңғай әдіснамалық тәсілді құру, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларды одан кейінгі анықтау мақсатында әзірленген.
Тармақ 2
2. Ұңғымаларды бұрғылау Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекспен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тарау 2. 2. Өндіріс қалдықтарының түзілу көлемдерін есептеу әдісі
2. Өндіріс қалдықтарының түзілу көлемдерін есептеу әдісі
Тармақ 3
3. Барлық ұңғыманың бұрғыланған жынысының жиынтық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
мұнда Vж.ара. – ұңғыма аралығының бұрғыланған жыныс көлемі, м3.
мұнда К1 – кеуектілік коэффициенті (белгілі бір жыныс көлеміндегі барлық кеуектер көлемінің осы жыныс көлеміне қатынасымен көрсетілген кеуектілік шамасы);
R – ұңғыма аралығының радиусі, м;
L – ұңғыма аралығының тереңдігі, м.
Тармақ 4
4. Бұрғылау шламының көлемі мына формула бойынша анықталады:
мұнда 1,2 – бұрғыланған жыныстың босауын ескеретін коэффициент, геологиялық кеніштің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеруі мүмкін және есептеулермен негізделеді.
Тармақ 5
5. Бұрғылау шламының массасы мына формула бойынша есептеледі:
мұнда - бұрғылау шламының көлемді салмағы, т/м3.
Тармақ 6
6. Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің көлемі мына формула бойынша есептеледі:
мұнда К1 – дірілдегіш елеуіште, құм ажыратқышта және тұнба ажыратқышта тазарту кезінде шламмен бөлінетін бұрғылау ерітіндісінің шығындарын ескеретін коэффициент ([1] сәйкес К1 = 1,052);
Vа – бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің көлемі, м3. Бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің көлемі қондырғының паспорттық деректеріне сәйкес анықталады;
бұрғылау ерітіндісін қайталама пайдаланған кезде 1,2-ден 0,25-ке ауыстырылады.
Тармақ 7
7. Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің массасы мына формула бойынша есептеледі:
мұнда - пайдаланылған бұрғылау ерітіндісінің үлестік салмағы, т/м3.
Тарау 3. 3. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемдерін есептеу әдісі
3. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемдерін есептеу әдісі
Тармақ 8
8. Бұрғылау сарқынды суларының түзілу көлемі мына формула бойынша есептеледі:
айналмалы сумен қамсыздандыру енгізген кезде 2-ден 0,25-ке ауыстырылады.
Тармақ 9
9. Бұрылатын бұрғылау сарқынды суларындағы ластаушы заттар төгінділерінің массасы мына формула бойынша анықталады:
мұнда Сi – бұрылатын сарқынды сулардың құрамына сәйкес i-ші ластаушы заттың шоғырлануы, г/м3.