О введении временного запрета на экспорт мазута Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы Елдің ішкі қажеттерін қамтамасыз ету үшін мазут қорын жасау қажеттігіне, жылу маусымына дайындыққа және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2000 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы аумағынан мазутты (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мазутпен қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлап отырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.