Об утверждении Правил обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (И.А. Әбішев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтыған кезде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су нысандарын тіркеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2006 жылы 2 маусымда № 99-100 (906) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің өзге­рі­стер ен­гі­зі­ле­тін бұй­рық­та­ры­ның тіз­бе­сіне қо­сым­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2012 жы­л­ғы 18 сәу­ір­де­гі № 19-02/183 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 92-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібі
2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Су пайдалануды міндетті тіркеуді су объектісінің орналасқан жері бойынша тиісті ЖАО жүргізеді.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) ЖАО-ға мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; * ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Тармақша 3
3) су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы паспортының көшірмесі;
Тармақша 4
4) өзінің өндірістік зертханасы болған кезде – бактериологиялық санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу бөлігінде санитариялық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы қызметке лицензияның көшірмесі; зертханалық зерттеулерді басқа зертханаларда жүргізген жағдайда – зертханалық зерттеулерді жүргізу шартының көшірмесі және аталған зертхананың көрсетілген қызмет түріне арналған лицензиясының көшірмесі;
Тармақша 5
5) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісінің су көздеріне, шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының көшірмесі.
Тармақ 5
5. ЖАО өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу журналына мәліметтерді енгізу арқылы тіркеуді жүзеге асырады және өтініш берушіге су пайдаланудың тіркелгені туралы хат жолдайды. Журнал тігілуге, нөмірленуге, басшының қолымен және мөрімен бекітілуі тиіс.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда, өтініш қарауға қабылданбайды.
Тармақ 7
7. ЖАО тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін тіркелген күнін көрсете отырып, тиісті бассейндік су шаруашылығы басқармасына жолдайды.
Басқа 1
Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның су пай­да­ла­ну­ды мін­дет­ті тір­кеу қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша Ны­сан __________________________________________________________________________ (ЖАО толық атауы) __________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы) ӨТІНІШ Су пайдалануды тіркеуді сұраймын. Су объектісінің атауы және оның сипаттамасы _________________________________ _______________________________________________________________________________ Су тұтынушылардың саны туралы мәліметтер __________________________________ Суды есепке алу аспаптарының типтері мен саны, оларды тексеру күні ________________________________________________________________________________ 20___жылғы "____" _______________. ________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөр (бар болса) орны Өтініш "____"_______________20___жылы қарауға қабылданды. ________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу ЖУРНАЛЫ
Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның су пай­да­ла­ну­ды мін­дет­ті тір­кеу қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша Ны­сан Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу ЖУРНАЛЫ № Же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), заң­ды тұл­ға­ның ата­уы Су объ­ек­ті­сі­нің ата­уы Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның қо­ры­тындысы Тір­кел­ген кү­ні 1 2 3 4 5