Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 14 наурыздағы N 01 ұсынысы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты 5-ші разъезд тұрғындарының ірі қара малдарының арасынан құтырма ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бескөл ауылдық округінің бас маманы мал дәрігері Бейсембаев Серик Кумитовичке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.