Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Тобол в пределах Каратомарского водохранилища на территории земельного участка пансионата «Горняк» в районе Беимбета Майлина Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы «Горняк» пансионатының жер учаскесі аумағындағы Қаратомар су қоймасының шегінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті органдармен келісу бойынша, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы «Горняк» пансионатының жер учаскесі аумағындағы Қаратомар су қоймасының шегінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы «Горняк» пансионатының жер учаскесі аумағындағы Қаратомар су қоймасының шегінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-
Торғай бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Г. Оспанбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
директорының міндетін атқарушы
_____________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігінің Қостанай облысы
бойынша өңіраралық жер инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ М. Дихаев
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-
Торғай экология департаменті"
мемлекеттік мекемесі Қостанай
филиалының бастығы
_____________________ А. Кәрімов
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" ММ бастығы
_____________________ К. Төлеубаев
Таран ауданының әкімі
_____________________ А. Бондаренко
Басқа 4
Әкімдіктің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 254 қаулысына
1-қосымша
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы "Горняк" пансионатының жер учаскесі аумағындағы Қаратомар су қоймасының шегінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Орташа
көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)
ұзындығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
ұзындығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
Қаратомар су
қоймасы шегінде
Тобыл өзені
Қостанай облысы
Бейімбет Майлин ауданы
"Горняк"
пансионатының жер
учаскесі аумағы
(су қорғау аймағы
мен белдеуін
белгілеу жобасына
тапсырыс беруші –
"Соколов-Сарыбай
кен-байыту
өндірістік
бірлестігі"
акционерлік
қоғамы)
1125
500
56,25
1125
35
3,375
160,0
Басқа 5. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы «Горняк» пансионатының жер учаскесі аумағындағы Қаратомар су қоймасының шегінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Әкімдіктің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 254 қаулысына
2-қосымша
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы «Горняк» пансионатының жер учаскесі аумағындағы Қаратомар су қоймасының шегінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.