О присвоении наименований безымянным улицам села Уил Уилского сельского округа Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Ойыл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойыл ауылдық округінің Ойыл ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін: № 1 көшесіне - Шернияз Жарылғасұлы; № 2 көшесіне - Құрманов Исламғали; № 3 көшесіне - Сатпаев Қаныш; № 4 көшесіне - Құрманғазы Сағырбаев; № 5 көшесіне - Құрманғазин Бейсұлла; № 6 көшесіне - Қлипанов Отар; № 7 көшесіне - Қойшығұлов Ахметжан; № 8 көшесіне - Төлебаев Мұса; № 9 көшесіне - Ержанов Қуаныш; № 10 көшесіне - Масатов Сауытбай; № 11 көшесіне - Берсиев Шығанақ; № 12 көшесіне - Жолмырзаев Байсалбай; № 13 көшесіне - Дәуленов Сәлкен; № 14 көшесіне - Қарақұлов Ишанбай; № 15 көшесіне - Дүсіпов Үмбет; № 16 көшесіне - Оноприенко Николай; № 17 көшесіне - Аманкелді Иманов; № 18 көшесіне - Еркінов Шүкір; № 19 көшесіне - Медетбаев Дауылбай; № 20 көшесіне - Абай Құнанбаев; № 21 көшесіне - Байғанин Нұрпейіс; № 22 көшесіне - Екібаев Амантұрлы № 23 көшесіне - Бақаев Бауетдин; № 24 көшесіне - Молдағұлова Алия; № 25 көшесіне - Алтынсарин Ыбырай; № 26 көшесіне - Тапалова Нұрсұлу; № 27 көшесіне - Көкжар; № 28 көшесіне - Желтоқсан; № 29 көшесіне - Қаңтарбаев Тұрғали.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.