О присвоении наименований новым улицам села Каргалы Каргалинского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Қарғалы ауылдық округі Қарғалы ауылындағы жаңа көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және Қарғалы ауылдық округінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарғалы ауылдық округі Қарғалы ауылының солтүстік батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге – Отан, екінші көшеге – Шығыс, үшінші көшеге – Ақжар, төртінші көшеге – Аңырақай, бесінші көшеге – Шаңырақ, алтыншы көшеге – Байқоңыр, жетінші көшеге – Таусамалы, сегізінші көшеге – Батыс, тоғызыншы көшеге – Алтынбесік, оныншы көшеге – Ақбосаға, он бірінші көшеге – Ақшатыр, он екінші көшеге – Қарасу, он үшінші көшеге – Жастар, он төртінші көшеге – Болашақ, он бесінші көшеге – Күрті, он алтыншы көшеге – Ақсуат, он жетінші көшеге – Тарбағатай, он сегізінші көшеге – Қызыл тас, он тоғызыншы көшеге – Кербұлақ, жиырмасыншы көшеге – Өтеген, жиырма бірінші көшеге – Хан Тәңірі, жиырма екінші көшеге – Ертіс, жиырма үшінші көшеге – Ақ Қайнар, жиырма төртінші көшеге – Сарыжазық, жиырма бесінші көшеге – Боғаз, жиырма алтыншы көшеге – Текес, жиырма жетінші көшеге – Іле, жиырма сегізінші көшеге – Сарықамыс, жиырма тоғызыншы көшеге – Ақши, отызыншы көшеге – Сарыбастау, отыз бірінші көшеге – Астана, отыз екінші көшеге – Алатас, отыз үшінші көшеге – Алтын адам, отыз төртінші көшеге – Ақбұлақ, отыз бесінші көшеге – Бәйтерек, отыз алтыншы көшеге – Бастау, отыз жетінші көшеге – Бірлік, отыз сегізінші көшеге – Достық, отыз тоғызыншы көшеге – Жаңадәуір, қырқыншы көшеге – Жерұйық, қырық бірінші көшеге – Желтоқсан, қырық екінші көшеге – Жетісу, қырық үшінші көшеге – Қара арша, қырық төртінші көшеге – Көкбастау, қырық бесінші көшеге – Көктөбе, қырық алтыншы көшеге – Қоңыртөбе, қырық жетінші көшеге – Қарғалы, қырық сегізінші көшеге – Мамыр, қырық тоғызыншы көшеге – Майтөбе, елуінші көшеге – Сұңқар, елу бірінші көшеге – Суықтөбе, елу екінші көшеге – Тәуелсіздік, елу үшінші көшеге – Атамекен, елу төртінші көшеге – Атамұра, елу бесінші көшеге – Ақорда, елу алтыншы көшеге – Ұзынағаш, елу жетінші көшеге – Жаңақұрылыс, елу сегізінші көшеге – Отау, елу тоғызыншы көшеге – Ақ жайық, алпысыншы көшеге – Бейбітшілік, алпыс бірінші көшеге – Бесмойнақ, алпыс екінші көшеге – Алатау 2 аттары қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарғалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қондыбаева Әсел Шарыпбекқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.