Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 04 мамырдағы N 129 ұсынысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаракөз ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің бастығы                        Келгенбаев Мұрат Даулыбайұлы 08 маусым 2012 жыл "Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы                        Темирханов Берік Елемесұлы 08 маусым 2012 жыл