О закреплении охотничьих угодий за общественным объединением «Областное общество охотников и рыболовов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне аңшылық жерлерді бекіту 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.11.2009 № 27 шешімімен. Облыстың аңшылық қорын сақтау, көбейту және тиімді пайдалану мақсатында және Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және тиімді пайдалану туралы" Заңының 14-бабына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. "Аңшылар мен балықшылар қоғамы" қоғамдық бірлестігіне аңшылық шаруашылықты жүргізу құқын бере отырып, Қамысты ауданының аумағынан 800,088 мың га. көлеміндегі аңшылық жер және қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданы аумағында 438,344 мың га. жер көлемі бекітіліп берілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің "Қамысты ауданының аумағынан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына аңшылық жер бекітіп беру туралы" 1999 жылғы 20 шілдедегі № 178 шешімі және Қостанай облысы әкімінің "Аңшылықпен айналысушыларға аңшылық жер бекітіп беру туралы" 1998 жылғы 24 сәуірдегі 69 шешімі 2-қосымшасының 7, 12 тармақтарының күші жойылсын.
Басқа 3. Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына бекітілетін аңшылық жерлер көлемі
Қазақстан Республикасының Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 20 шілдедегі № 151 шешіміне қосымша Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына бекітілетін аңшылық жерлер көлемі Аңшылық шаруашылықтың атаулары Аңшылық шаруашылық ауданы (га) Ауданы 1. Тұмарлы 150080 Қамысты 2. Близкопа 107757 Қамысты 3. Қулыкөл 221879 Қамысты 4. Батпақкөл 212757 Қамысты 5. Шөптікөл 107615 Қамысты Жиынтығы: 800088 6. Көбек 194023 Алтынсарин 7. Байжаркөл 142236 Алтынсарин 8. Қабылкөл 102085 Алтынсарин Жиынтығы: 438344