Об утверждении правил финансирования государственного заказа за счет областного бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тапсырысты облыстық бюджеттің есебінен қаржыландыру Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.08.2001 № 199 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" N 1872 қаулысын орындау мақсатында :
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған мемлекеттік тапсырысты облыстық бюджеттің есебінен қаржыландыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттің көрсетілген қызмет бойынша атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес қаржыландырылатын және мемлекеттік тапсырыс құнының бірлігі есебінен қаржыландырылатын бағдарламалары (бағдарламашалары) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттің бағдарламаларына әкімшілік етуші-мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде орындалатын бағдарламаларды (бағдарламашаларды) қаржыландыру барысында осы Ережені басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Аудандар мен қалалардың әкімдері мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырудың тиесілі Ережесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің 2000 жылғы 21 ақпан N 55 шешімімен бекітілген Мемлекеттік тапсырыстарды Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің есебінен қаржыландырудың Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже бағдарламаларға әкімшілік етуші - мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тапсырыстарды орындауда шығындарды төлеудің негізгі шарттары мен тәртібін қарастырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландыру тиісті қаржы жылында облыстық бюджетте қарастырылған қаржы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырыстар негізіндегі бағдарламаларды (бағдарламашаларды) жүзеге асыру үшін бағдарламаларға әкімшілік етуші-мемлекеттік мекемелер (бұдан былай - Тапсырыс беруші) заңды тұлғалармен (бұдан былай - Орындаушы) мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісім-шарт (контракт) жасасады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі барлық азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 25 желтоқсанындағы "Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерінің өсімін ескерту жөніндегі шаралар туралы" N 1336 қаулысына сәйкес облыстық қазынашылық басқармасында тіркеуден өткізілуі тиіс.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландырудың шарттары
2. Мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландырудың шарттары
Тармақ 5
5. Облыстық бюджеттің мемлекеттік тапсырыстар негізінде қаржыландырылатын бағдарламалар (бағдарламашалар) екі топқа бөлінеді: - атқарылған жұмыс (көрсетілген қызмет) көлеміне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (бағдарламашалар); - мемлекеттік тапсырыстар құнының бірлігі есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар (бағдарламалар). Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларды (бағдарламашаларды) жоғарыда аталған топтар бойынша бөлу облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Бірінші кезеңде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар (бағдарламашалар) бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындау жөніндегі келісім шарт (контракт) бекітілген бюджеттің әр бағдарламасы (бағдарламашасы) бойынша жылдық сомасының 70% мөлшеріне жасалынады. Бірінші кезеңде жасалынған келісім шарт (контракт) бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген лимит игерілгеннен кейінгі екінші кезеңде бекітілген облыстық бюджеттің әр бағдарламасы (бағдарламашасы) бойынша жылдық көлемі шегінде қалған қосымша келісім-шарт (контракт) жасалынады.
Тармақ 7
7. Келісім-шарт (контракт) ағымдағы қаржы жылының шегіндегі мерзімге жасалынады. Облыстық бюджет нақтыланған жағдайда келісім-шарт (контракт) өзгертіледі.
Тармақ 8
8. Егер бір бағдарламаны (бағдарламашаны) орындау үшін келісім шарт (контракт) бірнеше Орындаушымен жасалатын болса, мұндай келісім- шарттардың (контракт) жалпы сомасы осы бағдарлама (бағдарламаша) бойынша жасалынған келісім-шарттағы сомадан асып кетпеуі керек.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі келісім-шартта мыналар болуы керек: - осы Ереженің N 1 және N 2 қосымшаларына сәйкес нысандағы атқарылатын жұмыс (көрсетілетін қызмет) көлемінің саны мен бағалық көрінісі; - егер бағдарлама (бағдарламаша) бірінші топқа жатса міндетті түрде облыстық қазынашылық басқармасына атқарылған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісін, егер екінші топқа жатса мемлекеттік тапсырыс құнының бірлік санын немесе нақты көлемі көрсетілген есеп жасап, ұсынуды қарастыратын шарттар; - келісім-шарттың (контракт) орындалуына жауапты адамдар.
Тармақ 10
10. Атқарылған жұмыс (көрсетілген қызмет) (бағдарламаның 1 тобы) актісінде және есепте (бағдарламашаның 2 тобы) мыналар болуы керек: - Тапсырыс беруші мен Орындаушының атауы; - атқарылған жұмыстың (көрсетілген қызмет) келісім-шарт іске аса бастаған сәттегі жалпы құны; - Орындаушыға аударылған несиенің сомасы; - атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызмет) бойынша бұрын акті жасалған сомалар; - белгілі кезеңдегі (күні, айы көрсетіледі) атқарылған жұмыс (көрсетілген қызмет) түрлерінің 1 топ үшін көлемі және 2 топ үшін мемлекеттік тапсырыс құны бірлігінің нақты санын шынайы түрде көрсету; - көрсетілген жұмыс (қызмет) түрін орындау үшін Орындаушының нақты жұмсаған шығындарының сомасы; - атқарылған жұмыс (қызмет) үшін несие есебінен Орындаушыға аударылатын бағдарлама бойынша қаржыландырылатын айдағы лимит қалдығынан аспауға тиіс сома; - басшылардың қолы мен Тапсырыс берушінің және Орындаушылардың таңбасы.
Тармақ 11
11. Актіде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілікті Тапсырыс беруші мен Орындаушы мойнына алады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі.
3. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін Орындаушымен есеп айырысу екінші деңгейдегі банктегі, яғни қазынашылық органдарындағы олардың есепшоттары арқылы жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде бағдарламаларды (бағдарламашаларды) орындағаны үшін әрбір Орындаушыға облыстық бюджеттің есебінен несие беру облыстық бюджеттің бекітілген шығыстар нұсқасына сәйкес қаржыландыру басталған айдағы сомадан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Облыстық қазынашылық басқармасы үшін әкімшілік етуші-мемлекеттік мекеменің бюджеттегі қаржысы есебінен мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі жұмысты (қызмет) Орындаушының есепшотына ақша аударуына егер бағдарлама (бағдарламаша) бірінші топқа жататын болса, атқарылған жұмыс (қызмет) актісі, екінші топқа жатса - тиесілі есептер негіз болады. Бұл орайда төлем қағазында мыналар болуы керек: Қазақстан Республикасы Їкіметінің тауарларды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібі туралы Нұсқауға сәйкес конкурстық процедура нәтижесі бойынша рәсімделген хаттаманың нөмірі мен толтырылған мезгілі, келісім-шарттың (контракт) нөмірі мен толтырылған мезгілі, мемлекеттік мекеме міндеттемесінің нөмірі.
Тармақ 15
15. Облыстық қазынашылық басқармасы ақша аудару кезінде ағымдық мөлшердегі бақылау жүргізеді және мұнан соңғы бақылауды тексерістер кезінде облыс әкімшілігінің қаржы басқармасы жүргізеді.
Басқа 25
Облыс әкімінің 2000 жылының 21 ақпандағы N 55 шешіміне N 1 қосымша Облыстық бюджеттің атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемі бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын бағдарламалары (бағдарламашалары) Атауы FGR1 FUN1UCH1 PRG1 PPR1 RNAME 1 топ 3 Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 1 Құқық қорғау қызметі 274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылықтары атқару органы 44 Елді мекендердегі жол қозғалысын реттеуші құрал-жабдықтарды пайдалану 4 Білім беру 2 Бастауыш және орта білім беру 263 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы 32 Жергілікті деңгейде орта білім жүйесін ақпараттандыру 5 Денсаулық сақтау 1 Кең бейінді ауруханалар 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы 36 Жергілікті деңгейде халыққа стационарлық медициналық көмек көрсету 2 Халықтың денсаулығын қорғау 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы 34 Жергілікті деңгейде қан орнын ауыстырушылар өндіру 41 Жергілікті деңгейде халыққа салауатты өмір салтын насихаттау 45 Аналар мен балаларды қорғау 31 Балаларға стационарлық көмек көрсету 32 Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге стационарлық көмек көрсету 3 Мамандырылған медициналық көмек 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы 47 Онкологиялық ауруларға стационарлық медициналық көмек көрсету 48 Алкогольдік, нашақорлық және токсикологиялық тәуелді ауруларға стационарлық медициналық көмек көрсету 49 Тері-венерологиялық ауруларға стационарлық медициналық көмек көрсету 9 Денсаулық сақтау саласындағы басқа қызмет көрсетулер 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы Облыстардағы халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі басқа қызмет көрсетулер 31 Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 32 Азаматтардың жекелеген санаттарын балалар тағамдарының арнаулы өнімдерімен қамтамасыз ету 6 Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек 2 Әлеуметтік көмек 258 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтік көмек қорғау бойынша атқару органы 30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіби даярлау 7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 Тұрғын үй шаруашылығы 274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналды және жол шаруашылықтары атқару органы 43 Тұрғын үй шаруашылығы 30 Халықтың аса мұқтаж адамдарын тұрғын үймен қамтамасыз ету 2 Коммуналдық шаруашылық 274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналды және жол шаруашылықтары атқару органы 42 Коммуналдық шаруашылықты дамыту 30 Коммуналдық шаруашылықты жалпы дамытуды ұйымдастыру 8 Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік 3 Ақпараттық кеңістік 105 Әкімдер аппараты 46 Газеттер мен журналдар арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық Телерадио хабарлары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу 263 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы 48 Ескерткіш кітаптарын шығару 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 1 Ауыл шаруашылығы 257 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылық атқару органы 30 Жергілікті деңгейде ветеринарлық шараларға қолдау көрсету 2 Су шаруашылығы 105 Әкімдер аппараты 35 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу 5 Қоршаған ортаны қорғау 105 Әкімдер аппараты 34 Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау қоры 31 Қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар 12 Көлік және байланыс 1 Автомобиль көлігі 274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналды және жол шаруашылықтары атқару органы 50 Жергілікті деңгейде жол жүйесін пайдалану 12 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Басқа 26
Облыс әкімінің 2000 жылының 21 ақпандағы N 55 шешіміне N 2 қосымша Облыстық бюджеттің мемлекеттік тапсырыс құнының бірлігі есебінен қаржыландырылатын бағдарламалары (бағдарламашалары) Атауы Топ FGR1 FUN1UCH1 PRG1 PPR1 RNAME 2 топ 4 Білім беру 4 Арнаулы орта білім беру 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы 8 Жергілікті деңгейде арнаулы 1-студентке орта оқу орындарында кадрлар даярлау жұмсалатын шығын 263 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы 8 Жергілікті деңгейде арнаулы орта оқу 1-студентке орындарында кадрлар даярлау жұмсалатын шығын 5 Кадрларды қайта даярлау 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы 11 Жергілікті деңгейде кадрларды 1-оқушыға қайта даярлау жұмсалатын шығын 263 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы 11 Жергілікті деңгейде кадрларды қайта даярлау 6 Мемлекеттік мекемелердің кадрларын 1-оқушыға қайта даярлау жұмсалатын шығын 5 Денсаулық сақтау 4 Емханалар 254 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқару органы 46 Емханаларда халыққа алғашқы 1-тұрғынның дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету емделуіне жұмсалатын шығын
Басқа 27
Облыс әкімінің 2000 жылының 21 ақпандағы N 55 шешіміне N 3 қосымша БЕКІТЕМІН Бағдарламаға әкімшілік етуші- мемлекеттік мекеменің басшысы ______________________________ "______" _____________ 2000 ж. Мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде орындалатын жұмыстың (қызметтің) жоспары Кодтар Бағдарламаға әкімшілік етуші-мемлекеттік мекеме Бағдарлама Бағдарламаша Мемлекеттік тапсырысты орындаушы Жұмыс (қызмет) жоспары Сомасы (мың теңге) қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан Барлығы Мемлекеттік тапсырысты орындаушы __________________________________ Бағдарламаға әкімшілік етуші- мемлекеттік мекеме қаржы бөлімінің басшысы __________________ Ескерту: Бұл нысан 1 топқа жататын мемлекеттік тапсырыстар негізінде қаржыландырылатын бағдарламалар (бағдарламашалар) үшін толтырылады
Басқа 28
Облыс әкімінің 2000 жылының 21 ақпандағы N 55 шешіміне N 4 қосымша БЕКІТЕМІН Бағдарламаға әкімшілік етуші- мемлекеттік мекеменің басшысы ______________________________ "______" _____________ 2000 ж. Мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде орындалатын жұмыстың (қызметтің) жоспары Кодтар Бағдарламаға әкімшілік етуші-мемлекеттік мекеме _______________________ Бағдарлама бойынша құнның бірлігіне жұмсалатын шығындардың негізгі түрі ________________________ бағдарламаша бойынша _______________________ Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ________________________ (теңге) Код Атауы Болжам тар 2000 жыл Барлық саны, бірлігі. Шығыны _____________________ Барлық санының шығындары Бағдарламаға әкімшілік етуші- мемлекеттік мекеме қаржы бөлімінің басшысы __________________ Мемлекеттік тапсырысты орындаушы __________________________________ Ескерту: Бұл нысан 2 топқа жататын мемлекеттік тапсырыстар негізінде қаржыландырылатын бағдарламалар (бағдарламашалар) үшін толтырылады