О медицинских работниках в общеобразовательных и профессиональных школах области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы және кәсіптік білім беретін мектептердегі дәрігер қызметкерлері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңының 31, 37 - баптарын және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын орындау, балалардың денсаулығын жақсарту, оқушылардың денсаулық жағдайын ұдайы бақылауды жүзеге асыру және мектеп оқушыларына көрсетілетін дәрігерлік қызметтің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық білім басқармасы (Қатаев) облыстың білім беру ұйымдарында мектептердің дәрігер қызметкерлері лауазымын штатқа енгізсін және оларды ұстауға қосымшадағы нормативке сәйкес қаражат қарастыратын болсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) облыстық мәслихат сессиясының қарауына облыстың 2000 жылға арналған бюджетіне тиісті өзгертулер туралы ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) облыстың мектептерін қажетті дәрігер кадрлармен қамтамасыз етсін, оқушыларға дәрігерлік қызмет көрсетуге жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырсын және дәрігерлік бөлмелерді қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасы (Қатаев) жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер үшін орындар бөлсін.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.
Басқа 6. Облыстың білім беру ұйымдарында мектептердің және КТМ дәрігер қызметкерлерінің лауазымын штаттық кестеге енгізу кезіндегі қажетті есептері
Облыс әкімінің 2000 жылғы 9 маусымдағы N 115 шешіміне қосымша Облыстың білім беру ұйымдарында мектептердің және КТМ дәрігер қызметкерлерінің лауазымын штаттық кестеге енгізу кезіндегі қажетті есептері № п/п Атаулары Барлық орта мектеп тер Барлық КТМ Барлық оқушы лар Дәрігер қызмет керлерінің айлығы (облыс бойынша оқушылар санының есебімен) Айылық жалақы қоры мың. теңге Жылға барлық жалақы мың. теңге Аударыл ған сомалар Барлық шығыс тар 1. Орал қаласы 33 40945 33 221 1702 604 2307 2. Облыстық КТМ 7 2639 7 47 361 128 489 ЖИЫНТЫҒЫ: 33 7 43584 40 268 2063 732 2796