О ликвидации государственного учреждения "Комитет по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті" мемлекеттік мекемесін тарату туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) 3-тармағы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) 4-тармағы.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.