О присвоении наименований улицам поселений Бобровка и Теплый Ключ Парыгинского сельского округа Зыряновского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Парыгино селолық округінің Бобровка және Теплый Ключ елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Бобровка және Теплый Ключ елді мекендерінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Парыгино селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Келесі көшелерге төмендегідей атау берілсін: Бобровка елді мекенінің орталығында орналасқан атауы жоқ көшеге - Таежный; Теплый Ключ елді мекенінің орталығында орналасқан атауы жоқ көшеге - Луговой.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі