О присвоении наименований улицам села Ермаковка Северного сельского округа Зыряновского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Северное селолық округінің Ермаковка ауылының көшелеріне атау беру туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ермаковка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Северное селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ермаковка ауылының атаусыз көшелеріне төмендегідей атау берілсін: «Иртышская» атауы - Ермаковка ауылындағы Ертіс өзенін жағалай батыстан шығысқа қарай орналасқан атаусыз көшеге; «Достық» атауы – Ермаковка ауылындағы Иртышская көшесіне қатарлас орналасқан атаусыз көшеге.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.