О присвоении наименования улице села Заводинка поселка Прибрежный Зыряновского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Прибрежный кенті Заводинка ауылының көшелеріне атау ұсыну туралы
2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2 тармағына, 1993 жылдың 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес Заводинка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Прибрежный кентінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Заводинка ауылындағы Бұқтырма су қоймасы жағалауының батыстан шығысқа қарай орналасқан атаусыз көшеге - Центральная атау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.