О присвоении наименований улицам станций Бухтарма, Селезневка и села Сажаевка поселка Октябрьский Зыряновского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрьск кенті Бұқтырма, Селезневка бекеттеріндегі және Сажаевка ауылындағы көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Бұқтырма, Селезневка бекеттерінің және Сажаевка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Октябрьск кентінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жол бойындағы Бұқтырма бекетінің сол жағында орналасқан атауы жоқ көшеге – Железнодорожная;
Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолындағы Бұқтырма бекетінің оң жағында орналасқан атауы жоқ көшеге – Береговая;
Бұрынғы балық зауытының бойындағы Бұқтырма бекетінде орналасқан аты жоқ көшеге – Рыбозаводская;
Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолына қатар орналасқан Селезневка бекетіндегі атауы жоқ көшеге – Железнодорожная;
Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолы бойындағы Сажаевка ауылының сол жағында орналасқан атауы жоқ көшеге – Подгорная;
Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолының оң жағында орналасқан Сажаевка ауылындағы атауы жоқ көшеге – Береговая атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.