О наименовании и переименовании улиц Кос-Истекского сельского округа Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қос Естек ауылдық округінің көшелерін атау және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4)тармақшасына сәйкес, және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қос Естек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қос Естек ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
«Киров» көшесін «Абай» атындағы көшесіне;
«Потемкин» көшесін «С. Вавилов» атындағы көшесіне;
«Октябрьская» көшесін «Д. Қонаев» атындағы көшесіне;
«Нагорная» көшесін «Шали Балниязов» атындағы көшесіне;
«Советская көшесін «Ә. Молдағұлова» атындағы көшесіне;
«Ленина» көшесін «Д. Шампиев» атындағы көшесіне;
«Новая» көшесін «Сабыр Рақымов» атындағы көшесіне;
«Заводская» көшесін «Астана» көшесіне;
«Набережная» көшесін «М. Маметова» атындағы көшесіне;
«Чапаев» көшесін «Бірлік» көшесіне;
«Чкалов» көшесін «М. Әуезов» атындағы көшесіне;
«Фрунзе» көшесін «Қ. Сәтпаев» атындағы көшесіне;
«М.Горького» көшесін «А. Жұбанов» атындағы көшесіне;
«Мира» көшесін «Бейбітшілік» көшесіне;
«Джамбула» көшесін «Жамбыл Жабаев» атындағы көшесіне;
Тармақ 2
2. Қос Естек ауылының көшесіне
төмендегі атау берілсін:
Әбілқайыр хан көшесі
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қос Естек ауылдық округі әкімінің жетекші маманы А. Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.