О ратификации Конвенции о международных гарантиях в отношении подвижного оборудования и Протокола по авиационному оборудованию к Конвенции о международных гарантиях в отношении подвижного оборудования Қолданыста
Басқа 0
Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы
(2009 жылғы 1 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Бап 1
1-бап. 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда жасалған Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенция мынадай мәлімдемелермен ратификациялансын:
Тармақ 1
1. Конвенцияның 39-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес:
Қазақстан Республикасы кредиторлардың мынадай шарттан тыс құқықтары немесе кепілдіктері санаттарының:
Тармақша 1
1) объектіні қаржыландырудың немесе оның лизингінің шарты бойынша жұмыс берушінің міндеттемелерін орындамаудың басталғаны жарияланған кезден бастап туындаған еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарының;
Тармақша 2
2) өздерінің иелігіндегі объектіде жөндеу жұмыстарын жүргізген адамдардың жүргізілген жұмыстар құнының сомасы және объектінің ұлғайтылған құнының сомасы шектерінде осындай жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі талаптарының, -
оның заңнамасына сәйкес объектіге қандай да бір кепілдікке қатысты тіркелген халықаралық кепілдік иесіне тиесілі кепілдіктің басымдығына балама басымдыққа ие болатынын және олардың тіркелген халықаралық кепілдіктің алдында осы кепілдіктің дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге байланысты немесе байланысты емес екендігіне қарамастан, басым күші болатынын мәлімдейді.
Тармақ 2
2. Конвенцияның 39-бабы 1-тармағының b) тармақшасына сәйкес:
Қазақстан Республикасы осы Конвенциядағы ешнәрсе де Қазақстан Республикасының немесе мемлекеттік ұйымның, үкіметаралық ұйымның немесе қоғамдық қызмет көрсететін басқа да жеке өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған объект немесе басқа объект үшін мұндай қызмет көрсетуді ұсынуға тікелей қатысы бар осындай ұйымға немесе өнім берушіге тиесілі сомалар төлемі үшін объектіге тыйым салу немесе оны кідірту құқығына әсер етпейтінін мәлімдейді.
Тармақ 3
3. Конвенцияның 39-бабының 4-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Конвенцияның 39-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес жасалған мәлімдеме қолданылатын санаттардың бірінің құқығы немесе кепілдігі Хаттама ратификацияланған күнге дейін тіркелген халықаралық кепілдікке қатысты басымдыққа ие болатынын мәлімдейді.
Тармақ 4
4. Конвенцияның 40-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасы шарттан тыс құқықтардың немесе кепілдіктердің мынадай санаттары:
Тармақша 1
1) күшіне енген сот шешімін толық немесе ішінара орындау мақсатында авиациялық объектіге тыйым салуды көздейтін сот актісін алған тұлғаның құқығы;
Тармақша 2
2) салықтар және кез келген басқа төлемдер бойынша берешектің төленуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың мүлікке тыйым салу құқығы және басқа құқықтары (Конвенцияның 39-бабы 1-тармағының а) тармақшасы бойынша мәлімдемеге енгізілмегендері);
Тармақша 3
3) Конвенцияның 39-бабы 1-тармағының а) тармақшасы бойынша мәлімдемеге енгізілмеген кез келген өзге де шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер, -
осындай құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктерді білдіретіндей объектілердің кез келген санаты бойынша осы Конвенцияға сәйкес тіркелуге жататынын және халықаралық кепілдіктер ретінде қарастырылуға тиіс екенін мәлімдейді.
Тармақ 5
5. Конвенцияның 53-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Конвенцияның 1-бабының және ХІІ тарауының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті дау сотта қарауына жатқызылған Қазақстан Республикасының барлық соттары тиісті соттар болып табылатындығын мәлімдейді.
Тармақ 6
6. Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Конвенцияның қандай да болсын ережелеріне сәйкес және онда құқықтарды қорғаудың тәсілі ретінде айқын белгіленбеген, ол үшін сотқа жүгіну керек болатын, кредиторда бар құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілі сот бұйрығы, шешімі және кез келген өзге сот актісі болмаса да, қолданылуы мүмкін екендігін мәлімдейді.
Бап 2
2-бап. 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда жасалған Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттама мынадай мәлімдемелермен ратификациялансын:
Тармақ 1
1. Хаттаманың XXX бабының 1-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Хаттаманың VIII бабын қолданатынын мәлімдейді;
Қазақстан Республикасы Хаттаманың XII бабын қолданатынын мәлімдейді;
Қазақстан Республикасы Хаттаманың XIII бабын қолданатынын мәлімдейді.
Тармақ 2
2. Хаттаманың ХХХ бабының 2-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Хаттаманың Х бабын толық қолданатынын және Хаттаманың Х бабының 2-тармағында көрсетілген шекті мерзімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын жұмыс күндерінің саны:
Тармақша 1
1) Конвенцияның 13-бабы 1-тармағының а), b) және с) тармақшаларында айқындалған шараларға қатысты (авиациялық объектілерді сақтау және олардың құны туралы; авиациялық объектілерді иелікке, бақылауға немесе сақтауға беру туралы; авиациялық объектілердің орналасқан жерін өзгертуге тыйым салу туралы) – күнтізбелік 10 (он) күннен;
Тармақша 2
2) Конвенцияның 13-бабы 1-тармағының d) және e) тармақшаларында көрсетілген шараларға қатысты (осы көрсетілгеннен табыс ала отырып, авиациялық объектіні лизингке немесе басқаруға беру туралы; авиациялық жабдықты сату және сатудан түскен түсімді пайдалану туралы) – күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс екенін мәлімдейді.
Тармақ 3
3. Хаттаманың XXX бабының 3-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Хаттаманың ХІ бабының А Нұсқасын дәрменсіздік жөніндегі рәсімдердің барлық түрлеріне толық қолданатынын және осы нұсқаны Хаттаманың ХІ бабы 3-тармағының мақсаттары үшін күту мерзімі күнтізбелік 60 (алпыс) күнді құрайтынын мәлімдейді.
Бап 3. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖАБДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
3-бап. Осы Заң 2008 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Конвенцияның мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Конвенциясының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Конвенцияларды тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖАБДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР
жоғары құндылығы немесе айрықша экономикалық маңызы бар жылжымалы жабдықты сатып алу мен пайдалану және осындай жабдықты сатып алуды қаржыландыру мен тиімді пайдалануға көмек көрсету қажеттігін СЕЗІНЕ ОТЫРЫП,
лизингтің және активтермен қамтамасыз етілген қаржыландырудың артықшылықтарын ТАНИ ОТЫРЫП және осындай мәмілелерге нақты реттеу қағидаларын белгілеу жолымен жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
осындай жабдықтарға қатысты кепілдіктерді әмбебап танумен және қорғаумен қамтамасыз ету қажеттігін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
барлық мүдделі тараптардың кең әрі өзара экономикалық тиімділіктерін қамтамасыз етуге НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,
осындай қағидалар лизингтің және активтермен қамтамасыз етілген қаржыландырудың негізінде жатқан қағидаттарды көрсетуге және тараптардың осы мәмілелердегі еркінің автономдығы қағидатының құрметтелуін қамтамасыз етуге тиіс екеніне СЕНІМ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,
осындай жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер үшін құқықтық шеңберлер белгілеу және осы мақсатта оларды қорғау үшін халықаралық тіркеу жүйесін құру қажеттігін СЕЗІНЕ ОТЫРЫП,
осындай жабдыққа қатысты қолданыстағы конвенцияларда жария етілген мақсаттар мен қағидаттарды НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
төмендегі ережелермен КЕЛІСТІ:
Тарау 20. І тарау Қолданылу саласы және жалпы ережелер
І тарау Қолданылу саласы және жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Анықтамалар
1-бап. Анықтамалар
Осы Конвенцияда мән-жайлар өзгеше талап ететін жағдайларды қоспағанда, мына терминдер төменде көрсетілген мәнінде пайдаланылады:
Тармақша а
а) «келісім» міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісімді, меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісімді немесе лизинг туралы келісімді білдіреді;
Тармақша b
b) «цессия» шартты білдіреді, оған сәйкес цессонарийге осы шарттың қамтамасыз ету ұсыныла отырып жасалған-жасалмағанына қарамастан, тиісті халықаралық кепілдік беріліп немесе берілмей, объектімен байланысты құқықтар беріледі;
Тармақша с
с) «объектімен байланысты құқықтар» объектімен қамтамасыз етілген немесе онымен байланысты келісім бойынша төлемақыны алуға немесе борышкердің өзгедей орындауына деген барлық құқықтарды білдіреді;
Тармақша d
d) «дәрменсіздік жөніндегі рәсімдердің басталуы» дәрменсіздік туралы қолданылатын заңға сәйкес дәрменсіздік жөніндегі рәсімдер басталды деп есептелетін уақытты білдіреді;
Тармақша е
е) «әлеуетті сатып алушы» меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісім бойынша сатып алушыны білдіреді;
Тармақша f
f) «әлеуетті сатушы» меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісім бойынша сатушыны білдіреді;
Тармақша g
g) «сату-сатып алу шарты» сатушының сатып алушыға объектіні сатуы туралы шартты білдіреді, ол жоғарыда, а) тармағында айқындалғандай келісім болып табылмайды;
Тармақша h
h) «сот» жалпы юрисдикция сотын немесе әкімшілік трибуналды немесе Уағдаласушы Мемлекет құрған төрелікті білдіреді;
Тармақша і
і) «кредитор» міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісім бойынша - кепіл ұстаушыны, меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісім бойынша әлеуетті сатушыны немесе лизинг туралы келісім бойынша лизинг берушіні білдіреді;
Тармақша j
j) «борышкер» міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісім бойынша - кепіл берушіні, меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісім бойынша - әлеуетті сатып алушыны, лизинг туралы келісім бойынша - лизинг алушыны немесе объектіге құқығына қандай да бір өзгеше тіркелетін, шарттан тыс құқықпен немесе кепілдікпен ауыртпалық салынған тұлғаны білдіреді;
Тармақша k
k) «дәрменсіздік бойынша басқарушы» қайта ұйымдастыруды немесе таратуды басқару құқығы берілген, оның ішінде уақытша негізде тағайындалған тұлғаны білдіреді және, егер бұл дәрменсіздік туралы қолданылатын заңда рұқсат етілсе, иеліктегі борышкерді де қамтиды;
Тармақша 1
1) «дәрменсіздік жөніндегі рәсімдер» уақытша рәсімдерді қоса алғанда, банкроттықты, таратуды немесе басқа да ұжымдық соттық немесе әкімшіліктік рәсімдерді білдіреді, олардың кезінде борышкердің активтері мен шаруашылық қызметі қайта ұйымдастыру немесе тарату мақсатында сот тарапынан бақылануға немесе қадағалануға жатады;
Тармақша m
m) «мүдделі тараптар»:
Тармақша і
і) борышкерді;
Тармақша ii
ii) кредитордың пайдасына қандай да бір міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бірінші талап ету бойынша кепілгерлікті беретін немесе кепілдікті ұсынатын, резервтік аккредитивті немесе кредиттің қамтамасыз етілуі туралы кез келген басқа құжатты ұсынатын кез келген тұлғаны;
Тармақша ііі
ііі) объектіге құқығы бар кез келген басқа тұлғаны білдіреді;
Тармақша n
n) «ішкі мәміле» егер мәміле жасалған кезде осындай мәміледегі барлық тараптардың негізгі мүдделер орталығы және мәміле объектісі (оның тұрған жері Хаттаманың ережелеріне сәйкес айқындалады) бір ғана сол Уағдаласушы Мемлекетте болса және, егер мәмілемен жасалған кепілдік 50-баптың 1-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған осы Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тіркелімінде тіркелген болса, 2-баптың 2-тармағының а) - с) тармақшаларында атап санамаланған типтердің бірінің мәмілесін білдіреді;
Тармақша o
o) «халықаралық кепілдік» кредиторда бар, өзіне 2-бап қолданылатын кепілдікті білдіреді;
Тармақша p
p) «Халықаралық тіркелім» осы Конвенцияның немесе Хаттаманың мақсаттары үшін құрылатын халықаралық тіркеу қызметін білдіреді;
Тармақша q
q) «лизинг туралы келісім» ол бойынша бір тұлға (лизинг беруші) басқа тұлғаға (лизинг алушыға) жалдау немесе өзгедей төлем үшін объектіге иелік ету немесе оны басқару құқығын (оны сатып aлу құқығымен немесе ондай құқықсыз) беретін келісімді білдіреді;
Тармақша r
r) «ұлттық кепілдік» кредитор иелік ететін объектіге қатысты және 50-баптың 1-тармағына сәйкес жасалған мәлімдеменің аясына кіретін ішкі мәміле нәтижесінде қалыптасатын кепілдікті білдіреді;
Тармақша s
s) «шарттан тыс құқық немесе кепілдік» мемлекет, мемлекеттік ұйым немесе үкіметаралық немесе жекеше ұйым алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, 39-бапқа сәйкес мәлімдеме жасаған уағдаласушы Мемлекетке міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін заңға сәйкес берілетін құқықты немесе кепілдікті білдіреді;
Тармақша t
t) «ұлттық кепілдік туралы хабарлама» ұлттық кепілдіктің құрылғаны туралы, Халықаралық тіркелімде тіркелген немесе тіркелуге жататын хабарламаны білдіреді;
Тармақша u
u) «объект» 2-баптың ережелері қолданылатын санаттардың біріне жататын объектіні білдіреді;
Тармақша v
v) «бұрын болған құқық немесе кепілдік» осы Конвенция күшіне енген күнге дейін туындаған немесе болған, 60-баптың 2-тармағының а) тармақшасында айқындалған объектіге қатысты кез келген түрдегі құқықты немесе кепілдікті білдіреді;
Тармақша w
w) «өтеу» объектінің толық немесе ішінара жоғалтылуы, физикалық бұзылуы немесе оның толық немесе ішінара тәркіленуі, мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы немесе реквизициялануы нәтижесінде туындайтын ақшалай немесе ақшалай емес түсімдерді білдіреді;
Тармақша x
x) «шартты цессия» осы оқиғаның басталатынына сенімнің бар-жоғына қарамастан, болашақта, мәлімделген оқиға басталған бойда жасауға ниет етілген цессияны білдіреді;
Тармақша y
y) «шартты халықаралық кепілдік» осы оқиғаның басталатынына сенімнің бар-жоғына қарамастан, болашақта, мәлімдеген оқиға басталған бойда (борышкердің осы объектіге қандай да бір құқықты ықтимал сатып алуын қоса алғанда) қандай да бір объектіге қатысты халықаралық кепілдік ретінде беруге немесе көздеуге ниеті етілген кепілдікті білдіреді;
Тармақша z
z) «шартты сату» осы оқиғаның басталатынына сенімнің бар-жоғына қарамастан, болашақта, мәлімделген оқиға басталған бойда жүргізуге ниет етілген сатуды білдіреді;
Тармақша aa
aa) «Хаттама» осы Конвенция қолданылатын объектілердің және объектілермен байланысты құқықтардың кез келген санаты үшін осы объектілер және олармен байланысты құқықтар санатына қатысты қолданылатын Хаттаманы білдіреді;
Тармақша bb
bb) «тіркелген» V тарауға сәйкес Халықаралық тіркелімге енгізілгенді білдіреді;
Тармақша cc
cc) «тіркелген кепілдік» V тарауға сәйкес тіркелген халықаралық кепілдікті, тіркелетін шарттан тыс құқықты немесе кепілдікті не ұлттық кепілдік туралы хабарламада көрсетілген ұлттық кепілдікті білдіреді;
Тармақша dd
dd) «тіркелетін шарттан тыс құқық немесе кепілдік» 40-бапқа сәйкес сақтауға берілген мәлімдемеге сәйкес тіркелуге жататын шарттан тыс құқықты немесе кепілдікті білдіреді;
Тармақша ee
ee) «Тіркеуші» Хаттамаға қатысты алғанда Хаттамада айқындалған немесе 17-баптың 2-тармағының b) тармақшасына сәйкес тағайындалған тұлғаны немесе органды білдіреді;
Тармақша ff
ff) «қағида» Хаттамаға сәйкес Бақылаушы орган белгілеген немесе бекіткен қағиданы білдіреді;
Тармақша gg
gg) «сату» сату-сатып алу шартына сәйкес объектіге меншік құқығын беруді білдіреді;
Тармақша hh
hh) «қамтамасыз етілген міндеттеме» тиісті қамтамасыз ету кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемені білдіреді;
Тармақша ii
ii) «міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісім» ол бойынша кепіл беруші кепіл алушыға кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның кез келген қазіргі бар немесе болашақтағы міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәртібімен объектіге қандай да бір құқықты (меншік құқығын қоса алғанда) беретін немесе беруге келісетін келісім;
Тармақша jj
jj) «қамтамасыз ету кепілдігі» міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісімнің негізінде жасалған кепілдікті білдіреді;
Тармақша kk
kk) «Бақылаушы орган» Хаттамаға қатысты тұрғыда 17-баптың 1-тармағында аталған Бақылаушы органды білдіреді;
Тармақша ll
ll) «меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісім» объектіге меншік құқығы осындай келісімде айтылған шартты немесе шарттарды орындағанға дейін ауыспайтыны туралы ескертуі бар объектіні сату туралы келісімді білдіреді;
Тармақша mm
mm) «тіркелмеген келісім» осы Конвенцияға сәйкес тіркелуге жататын-жатпайтынына қарамастан, әлі тіркелмеген шарттық кепілдікті не шарттан тыс құқықты немесе кепілдікті (өзіне 39-бап қолданылатын кепілдіктен басқасын) білдіреді;
Тармақша nn
nn) «жазбаша түрде» мaтериалдық немесе өзгеше нысанда жасалған және кейіннен материалдық нысанға келтіріле алатын және осындай жазбаны жіберген тұлғаның келісімін ақылға қонымды түрде көрсететін ақпарат жазбасын (электр-байланыс құралдары арқылы берілген ақпаратты қоса алғанда) білдіреді.
Бап 2. 2-бап. Халықаралық кепілдік
2-бап. Халықаралық кепілдік
Тармақ 1
1. Осы Конвенция жылжымалы жабдықтың және объектілермен байланысты құқықтардың жекелеген санаттарына қатысты халықаралық кепілдіктердің туындау тәртібі мен салдарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдік 3-тармақта атап тізбеленген және Хаттамада белгіленген объектілер санаттарының біріне тиесілі:
Тармақша a
a) міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісім бойынша кепіл беруші берген;
Тармақша b
b) меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісімге сәйкес әлеуетті сатушы болып табылатын тұлғаға тиесілі немесе
Тармақша c
c) лизинг туралы келісім бойынша лизинг беруші болып табылатын тұлғаға тиесілі біртекті бірдейлендірілетін объектіге қатысты 7-бапқа сәйкес туындаған кепілдік болып табылады.
Осы орайда а) тармақшасының қолданысы аясына кіретін кепілдік b) немесе с) тармақшаларының қолданысы аясына кірмейді.
Тармақ 3
3. Алдыңғы тармақтарда аталған объектілер санатына:
Тармақша a
a) әуе кемелерінің планерлері, авиациялық қозғалтқыштар және тікұшақтар;
Тармақша b
b) теміржол жылжымалы құрамы;
Тармақша с
с) ғарыш құралдары кіреді.
Тармақша 4
4) Қолданылатын құқық 2-тармақ қолданылатын кепілдіктің аталған тармақтың а), b) немесе с) тармақшаларының қолданысы аясына кіретін-кірмейтіні туралы мәселені айқындайды.
Тармақша 5
5) Объектіге қатысты халықаралық кепілдік ол бойынша өтеуге де қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Қолданылу аясы
3-бап. Қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Конвенция халықаралық кепілдікті туындататын немесе көздейтін келісім жасалған сәтте борышкер Уағдаласушы Мемлекетте болған кезде қолданылады.
Тармақ 2
2. Кредитордың Уағдаласушы Мемлекет болып табылмайтын мемлекетте болу фактісі осы Конвенцияның қолданылуына әсер етпейді.
Бап 4. 4-бап. Борышкердің тұрған жері
4-бап. Борышкердің тұрған жері
Тармақ 1
1. 3-баптың 1-тармағының мақсаттары үшін борышкер:
Тармақша а
а) заңнамасына сәйкес өзі құрылған немесе қалыптасқан;
Тармақша b
b) онда оның тіркелген мекемесі немесе заңнамада көзделген штаб-пәтері бар;
Тармақша с
с) онда ол өзінің әкімшілік орталығына ие немесе
Тармақша d
d) онда ол өзінің шаруашылық қызметін жүргізетін Уағдаласушы Мемлекеттің бірінде тұрады деп есептеледі.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармақтың d) тармақшасындағы борышкердің шаруашылық қызмет жүргізу орнына сілтеме, егер ол бірден көп осындай қызмет орнына ие болса, негізгі шаруашылық қызметті жүргізу орнын немесе, егер ол мұндай қызмет орнына ие болмаса, оның әдеттегі болу орнын білдіреді.
Бап 5. 5-бап. Түсіндіру және қолданылатын құқық
5-бап. Түсіндіру және қолданылатын құқық
Тармақ 1
1. Осы Конвенцияны түсіндірген кезде оның кіріспеде айқындалған мақсаттары, оның халықаралық сипаты және оны бірыңғай және реттеп қолдануға жәрдемдесу қажеттігі назарға алынуға тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Конвенцияның қолданылу аясына жататын, бірақ онда тікелей реттелмеген мәселелер Конвенция негізделетін жалпы қағидаттарға сәйкес немесе мұндай қағидаттар болмаған ретте, қолданылатын құқыққа сәйкес реттелуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қолданылатын құқыққа сілтеме мемлекетте әрекет ететін соттарда халықаралық жекеше құқық нормаларының күшіне орай қолданылатын мемлекетішілік құқық нормаларына сілтеме болып табылады.
Тармақ 4
4. Егер мемлекет әрбірі реттелуге жататын мәселеге қатысты өз құқық нормаларына ие бірнеше аумақтық бірліктен тұратын болса және, егер тиісті аумақтық бірлікке нұсқау болмаса, нормалары қолданылуға жататын аумақтық бірлік осы мемлекеттің құқығымен айқындалады. Осы себеп бойынша қандай да бір норма болмағанда, іс барынша тығыз түрде байланысты болатын аумақтық бірліктің құқығы қолданылады.
Бап 6. 6-бап. Конвенция мен Хаттама арасындағы өзара байланыс
6-бап. Конвенция мен Хаттама арасындағы өзара байланыс
Тармақ 1
1. Осы Конвенция мен Хаттама бірлескен түрде бір құжат ретінде қарастырылады және түсіндіріледі.
Тармақ 2
2. Осы Конвенция мен Хаттама арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда Хаттама артықшылыққа ие болады.
Тарау ii. II тарау Халықаралық кепілдіктің қалыптасуы
II тарау Халықаралық кепілдіктің қалыптасуы
Бап 7. 7-бап. Формальді талаптар
7-бап. Формальді талаптар
Осы Конвенцияға сәйкес, егер кепілдікті жасайтын немесе көздейтін келісім:
Тармақша а
а) жазбаша түрде жасалса;
Тармақша b
b) кепіл беруші, әлеуетті сатушы немесе лизинг беруші билік ету құқығына ие объектіге жататын болса;
Тармақша c
c) объектіні Хаттамаға сәйкес бірдейлендіруге мүмкіндік берсе;
Тармақша d
d) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісімге қатысты тұрғыда қамтамасыз етілген міндеттемелерді айқындауға мүмкіндік берсе, бірақ қамтамасыз етудің сомасына немесе ең жоғарғы сомасына нұсқауды міндетті түрде қамтымаса, кепілдік халықаралық ретінде қалыптасады.
Тарау iii. III тарау Міндеттемелер орындалмаған кезде құқықтарды қорғау тәсілдері
III тарау Міндеттемелер орындалмаған кезде құқықтарды қорғау тәсілдері
Бап 8. 8-бап. Кепіл ұстаушының құқықтарын қорғау тәсілдері
8-бап. Кепіл ұстаушының құқықтарын қорғау тәсілдері
Тармақ 1
1. 11-баптың мәні тұрғысынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда кепіл ұстаушы қандай да бір сәтте осымен келіскендей дәрежеде және Уағдаласушы Мемлекет 54-бапқа сәйкес жасауы мүмкін кез келген мәлімдемені ескере отырып, төменде атап санамаланған құқықтарды қорғау тәсілдерінің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана алады:
Тармақша a
a) өзіне міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәртібімен берілген объектіні иелігіне қабылдау немесе оған бақылау орнату;
Тармақша b
b) кез келген осындай объектіні сату немесе лизингке беру;
Тармақша c
c) осындай объектіні басқару немесе оны пайдалану нәтижесінде қалыптасқан кез келген табысты немесе пайданы инкассалау немесе алу.
Тармақ 2
2. Кепіл ұстаушы балама ретінде соттан алдыңғы тармақта көрсетілген іс-әрекеттердің кез келгенін жасауды санкциялайтын немесе нұсқайтын шешім қабылдау туралы өтіне алады.
Тармақ 3
3. 1-тармақтың a), b) немесе с) тармақшаларында немесе 13-бапта көрсетілген құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілі коммерциялық қатынас тұрғысынан ақылға қонымды түрде пайдаланылады. Егер құқықтарды қорғау тәсілі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісімнің қандай да бір ережесіне сәйкес қолданылса, осындай ереже анық өзін-өзі ақтамайтын болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ол коммерциялық қатынас тұрғысынан ақылға қонымды болып есептеледі.
Тармақ 4
4. 1-тармаққа сәйкес объектіні сатуды немесе оны лизингке беруді ұйғарған кепіл ұстаушы ақылға қонымды мерзімде:
Тармақша а
а) l-баптың m) тармағының і) және іі) тармақшаларында көрсетілген мүдделі тұлғаларға;
Тармақша b
b) 1-баптың m) тармағының ііі) тармақшасында көрсетілген, объектіні сатқанға немесе лизингке бергенге дейін ақылға қонымды мерзімде кепіл ұстаушыны өздерінде бар құқықтар туралы хабардар еткен мүдделі тұлғаларға объектінің ұйғарылған сатылуы немесе оның лизингке берілуі туралы алдын ала жазбаша хабарлама табыс етеді.
Тармақ 5
5. 1 немесе 2-тармақта көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдерінің қандай да бірін пайдалану нәтижесінде кепіл ұстаушы инкассалаған немесе алған кез келген сома қамтамасыз етілген міндеттемелердің сомасын жабуға жіберіледі.
Тармақ 6
6. Егер 1 немесе 2-тармақта көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдерінің қандай да бірін пайдалану нәтижесінде кепіл ұстаушы инкассалаған немесе алған сома қамтамасыз ету кепілдігінің шеңберінде қамтамасыз етілген сомадан және құқықтарды осындай қорғау тәсілін қолданумен байланысты кез келген ақылға қонымды шығындардан асып түссе, онда егер сот өзгеше шешім шығармаса, кепіл ұстаушы артық соманы тіркелген немесе олар туралы кепіл ұстаушы хабардар етілген келесі кепілдіктер иелерінің арасында кезектілік тәртібімен бөледі және кез келген қалдықты кепіл берушіге төлейді.
Бап 9. 9-бап. Меншік құқықтарының міндеттемелерді қанағаттандыру тәртібімен ауысуы; кепіл ауыртпалығынан босату
9-бап. Меншік құқықтарының міндеттемелерді қанағаттандыру тәртібімен ауысуы; кепіл ауыртпалығынан босату
Тармақ 1
1. 11-баптың мәні тұрғысынан міндеттемелер орындалмағаннан кейін кез келген уақытта кепіл ұстаушы мен мүдделі тұлғалар өзіне қатысты қамтамасыз ету кепілдігі қолданылатын қандай да бір объектіге қатысты меншік құқығы (немесе кепіл берушінің кез келген өзге құқығы) қамтамасыз етілген міндеттемелердің барлығын немесе бір бөлігін қанағаттандыру тәртібімен кепіл ұстаушыға ауысатыны туралы келісімге келуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Кепіл ұстаушының өтініші бойынша сот қамтамасыз ету кепілдігі қолданылатын қандай да бір объектіге қатысты меншік құқығы (немесе кепіл берушінің кез келген өзге құқығы) қамтамасыз етілген міндеттемелердің барлығын немесе бір бөлігін қанағаттандыру тәртібімен кепіл ұстаушыға ауысатыны туралы қаулы етуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Сот, егер осындай ауысу жолымен қанағаттандырылуға жататын қамтамасыз етілген міндеттемелердің сомасы кепіл ұстаушының кез келген мүдделі тұлғаларға алдағы барлық төлемдерін ескергендегі объектінің құнына мөлшерлес болған жағдайда ғана алдыңғы тармақта көрсетілген өтінішті қанағаттандырады.
Тармақ 4
4. 11-баптың мәні тұрғысынан міндеттемелер орындалмағаннан немесе 2-тармаққа сәйкес шешім шығарылғаннан кейінгі кез келген уақытта кепіл ұстаушы немесе кез келген мүдделі тұлға кепіл ұстаушының объектіні 8-баптың 1-тармағының b) тармақшасына сәйкес немесе 8-баптың 2-тармағына сәйкес шығарылған шешім бойынша лизингке беруі шартымен қамтамасыз ету сомасын толық төлей отырып, қамтамасыз ету кепілдігімен ауыртпалық салынған объектіге қатысты міндеттемелерді өзінен алып тастай алады. Егер міндеттемелерді осындай орындамаудан кейін қамтамасыз ету сомасын толық көлемде төлеуді борышкер емес, қандай да бір мүдделі тұлға жасаса, кепіл ұстаушының құқығы осы тұлғаға ауысады.
Тармақ 5
5. Кепіл ұстаушының 8-баптың 1-тармағы b) тармақшасының күшіне орай сату кезінде ауысатын немесе осы баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес ауысатын меншік құқығы немесе кез келген өзге құқығы өзіне қатысты кепіл ұстаушының қамтамасыз ету кепілдігі 29-баптың ережелеріне сәйкес басымдыққа ие болатын кез келген басқа кепілдік ауыртпалығынан бос болып табылады.
Бап 10. 10-бап. Әлеуетті сатушының немесе лизинг берушінің құқықтарын қорғау тәсілдері
10-бап. Әлеуетті сатушының немесе лизинг берушінің құқықтарын қорғау тәсілдері
11-бапта айтылған, меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы келісім бойынша немесе лизинг туралы келісім бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда әлеуетті сатушы немесе мән-жайға қарай лизинг беруші:
Тармақша а
а) Уағдаласушы Мемлекеттің 54-бапқа сәйкес жасауы мүмкін кез келген мәлімдемесін ескере отырып, осындай келісімнің қолданысын тоқтатуы және осы келісім қатысты болатын кез келген объектіге иелік етуге кірісуі не оған бақылау орнатуы;
Тармақша b
b) жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің қандай да бірін санкциялайтын немесе нұсқайтын өкім шығару туралы қолдаухатпен сотқа жүгінуі мүмкін.
Бап 11. 11-бап. Міндеттемелердің орындалмауы
11-бап. Міндеттемелердің орындалмауы
Тармақ 1
1. Борышкер мен кредитор кез келген сәтте 8-10 және 13-баптарда көрсетілген құқықтар және құқықтардың қорғау тәсілдері туындау үшін міндеттемелердің орындалмауы немесе өзге де негіздердің қандай жағдайды қалыптастыратыны туралы мәселені жазбаша түрде келісе алады.
Тармақ 2
2. Егер борышкер мен кредитор осы мәселені келісіп алмаған жағдайда, 8-10 және 13-баптардың мақсаттары үшін «міндеттемелердің орындалмауы» кредиторды келісім бойынша жоспарлауына құқылы нәрсесінен едәуір дәрежеде айыратын міндеттемелердің орындалмауын білдіреді.
Бап 12. 12-бап. Құқықтарды қорғаудың қосымша тәсілдері
12-бап. Құқықтарды қорғаудың қосымша тәсілдері
Тараптардың арасында келісілген құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілдерін қоса алғанда, қолданылатын құқыққа сәйкес жол берілетін құқықтарды қорғаудың кез келген қосымша тәсілдері олар осы тараудың 15-бапта көрсетілген империативтік ережелеріне қайшы келмейтіндей шамада пайдаланылуы мүмкін.
Бап 13. 13-бап. Құқықтарды қорғау жөніндегі уақытша шаралар
13-бап. Құқықтарды қорғау жөніндегі уақытша шаралар
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекет өзі 55-бапқа сәйкес жасай алатын кез келген мәлімдемесін ескере отырып, борышкердің міндеттемелерді орындамауының дәлелдемелерін ұсынған кредитордың өз талабы бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін және борышкер кез келген сатыда келісімін бергендей шамада соттан кредитордың өтініш бергенімен сәйкес төменде келтірілген:
Тармақша а
а) объектіні және оның құнын сақтау туралы;
Тармақша b
b) объектіні иеленуге, бақылауға немесе сақтауға беру туралы;
Тармақша с
с) объектінің тұрған жерін өзгертуге тыйым салу туралы;
Тармақша d
d) объектіні лизингке немесе а)-с) тармақшаларында қамтылған жағдайларды қоспағанда, көрсетілгеннен табыс ала отырып, басқаруға беру туралы қаулылар түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі нысанында қорғау алу мүмкіндігі болуына ие болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Сот алдыңғы тармақта көзделген шешімдерден кез келгенін қабылдай отырып, егер кредитор:
Тармақша a
a) осындай қорғауды беру туралы кез келғен шешімді орындау кезінде осы Конвенция немесе Хаттама бойынша борышкер алдындағы өз міндеттемелерінің қандай да бірін орындамауға жол беретін немесе
Тармақша b
b) осы талап бойынша түпкілікті шешім шығару шеңберінде өз ұстанымын толық немесе ішінара тұжырымдай алмаған жағдайға орай мүдделі тараптарды қорғау үшін қажет деп есептейтін шарттарды белгілеуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Сот 1-тармаққа сәйкес қандай да бір қаулыны шығарғанға дейін кез келген мүдделі тұлғадан осындай сауал туралы хабарламаны талап ете алады.
Тармақ 4
4. Осы баптағы ештеңе 8-баптың 3-тармағын қолдануға әсер етпейді және 1-тармақта атап санамаланғаннан басқа, уақытша сот қорғауы нысандарын қолдану мүмкіндіктерін шектемейді.
Бап 14. 14-бап. Іс жүргізу сипатындағы талаптар
14-бап. Іс жүргізу сипатындағы талаптар
54-баптың 2-тармағы сақталған жағдайда, осы тарауда көзделген құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілі ол жүзеге асырылуға жататын аумақтың іс жүргізу нормаларына сәйкес пайдаланылады.
Бап 15. 15-бап. Шегіну
15-бап. Шегіну
Осы тарауға айтылған кез келген екі немесе одан да көп тарап кез келген уақытта жазбаша түрде ресімделген 8 (3-6-тармақтар), 9 (3 және 4-тармақтар), 13 (2-тармақ) және 14-баптардың ережелерін қоспағанда, келісім жасау жолымен осы тараудың алдыңғы кез келген ережелерін орындаудан бас тартуы немесе олардың қолдану салдарын өзгертуі мүмкін.
Тарау iv. IV тарау Халықаралық тіркеу жүйесі
IV тарау Халықаралық тіркеу жүйесі
Бап 16. 16-бап. Халықаралық тіркелім
16-бап. Халықаралық тіркелім
Тармақ 1
1. Халықаралық тіркелім:
Тармақша а
а) халықаралық кепілдіктерді, шартты халықаралық кепілдіктерді және тіркелетін шарттан тыс құқықтар мен кепілдіктерді;
Тармақша b
b) халықаралық кепілдіктердің цессияларын және шартты цессияларын;
Тармақша c
c) халықаралық кепілдіктерді заңның күшіне орай суброгациялау жолымен немесе қолданылатын құқыққа сәйкес шарт бойынша сатып алуды;
Тармақша d
d) ұлттық кепілдіктер туралы хабарламаларды;
Тармақша e
e) алдында аталған тармақшалардың кез келгенінде айтылған кепілдіктердің бағыныстылық тәртібін тіркеу үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Объектілердің және олармен байланысты құқықтардың әртүрлі санаттары үшін әртүрлі халықаралық тіркелімдер құрылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Осы тараудың және V тараудың мақсаттары үшін «тіркеу» термині тиісті жағдайларда тіркеу қолданысының өзгеруін, ұзартылуын немесе тоқтатылуын қамтиды.
Бап 17. 17-бап. Бақылаушы орган және Тіркеуші
17-бап. Бақылаушы орган және Тіркеуші
Тармақ 1
1. Хаттамада көзделген Бақылаушы орган құрылады.
Тармақ 2
2. Бақылаушы орган:
Тармақша a
a) Халықаралық тіркелімді құрады немесе оның құрылуын көздейді;
Тармақша b
b) Хаттамада өзгеше көзделетін жағдайларды қоспағанда, Тіркеушіні лауазымға тағайындайды және одан босатады;
Тармақша с
с) Халықаралық тіркелімнің үздіксіз тиімді жұмыс істеуі үшін талап етілетін кез келген құқықтар Тіркеуші ауысқан жағдайда жаңа Тіркеушіге беріле алатындай ережені қамтамасыз етеді.
Тармақша d
d) Уағдаласушы Мемлекеттермен консультациялардан кейін Хаттаманың орындалуы тұрғысынан халықаралық тіркелімнің жұмысына қатысты ережелерді қабылдайды немесе бекітеді және олардың жариялануын қамтамасыз етеді;
Тармақша е
е) Халықаралық тіркелімнің жұмысына шағыммен Бақылаушы органға жүгіну тәртібін реттейтін әкімшілік рәсімдерді белгілейді;
Тармақша f
f) Тіркеушінің қызметін және Халықаралық тіркелімнің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша g
g) Тіркеушінің сұратулары бойынша соңғысына Бақылаушы орган орынды деп есептейтіндей нұсқаулар береді;
Тармақша h
h) Халықаралық тіркелім ұсынатын операциялар мен көрсетілетін қызметтер үшін алымдардың тарифтерін белгілейді және оларды кезең-кезең сайын қайта қарайды;
Тармақша і
і) Осы Конвенция мен Хаттаманың мақсаттарын іске асыру үшін электрондық тіркеу жүйесінің тиімді ақпараттық базасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті барлық нәрсені жасайды;
Тармақша j
j) Уағдаласушы Мемлекеттердің алдында өзінің осы Конвенцияға және Хаттамаға сәйкес міндеттерін орындауы туралы кезең-кезең сайын есеп береді.
Тармақ 3
3. Бақылаушы орган 27-баптың 3-тармағында айтылған кез келген келісімді қоса алғанда, өз функцияларын іске асыруы үшін қажетті кез келген келісімді жасасуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Бақылаушы орган Халықаралық тіркелімнің деректер базалары мен мұрағаттарына қатысты барлық мүліктік құқықтарға ие болады.
Тармақ 5
5. Тіркеуші Халықаралық тіркелімнің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және өзіне осы Конвенцияға, Хаттамаға және ережелерге сәйкес жүктелген функцияларды орындайды.
Тарау v. V тарау Тіркеуге қатысты өзге де мәселелер
V тарау Тіркеуге қатысты өзге де мәселелер
Бап 18. 18-бап. Тіркеудің шарттары
18-бап. Тіркеудің шарттары
Тармақ 1
1. Хаттамада және ережелерде объектіні бірдейлендіру критерийлерін қоса алғанда, мыналар:
Тармақша а
а) тіркеуді жүзеге асыру үшін (20-бапқа сәйкес келісімі талап етілетін кез келген тұлғадан келісімнің алдын ала электрондық нысанда берілуі туралы ережені қоса алғанда);
Тармақша b
b) іздестірулерді орындау және іздестіру туралы сертификаттар беру үшін және осыны ескере отырып;
Тармақша c
c) тіркелуге жататын ақпарат пен құжаттардан басқа, Халықаралық тіркелім ақпараты мен құжаттарының құпиялық сипатын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар нақтыланады.
Тармақ 2
2. Тіркеуші 20-бапқа сәйкес тіркеуге нақтылы келісім берілді ме немесе ол шынайы болып табыла ма, оны анықтауға міндетті емес.
Тармақ 3
3. Шартты халықаралық кепілдік халықаралық кепілдікке айналған Жағдайда тіркеу барысында табыс етілген ақпарат халықаралық кепілдікті тіркеу үшін жеткілікті болу шартымен ешқандай қосымша тіркеу талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Тіркеуші тіркелген ақпарат Халықаралық тіркелімнің деректер базасына енгізілуі және ақпараттық келіп түсуінің хронологиялық тәртібімен іздестіруге қолжетімді болуы үшін щаралар қабылдайды және файлда алынудың күні мен уақыты тіркеледі.
Тармақ 5
5. Хаттамада Уағдаласушы Мемлекет өз аумағында тұрған ұйымды немесе ұйымдарды ол арқылы тіркеуге қажетті ақпарат Халықаралық тіркелімге берілетін немесе беріле алатын пункт немесе пункттер ретінде тағайындай алатыны көзделуі мүмкін. Осындай тағайындауды жүргізетін Уағдаласушы Мемлекет, егер осындай ақпарат Халықаралық тіркелімге берілгенге дейін орындалуға тиіс талаптар бар болса, ондай талаптарды ескертіп өтуі мүмкін.
Бап 19. 19-бап. Тіркеудің шынайылығы және уақыты
19-бап. Тіркеудің шынайылығы және уақыты
Тармақ 1
1. Тіркеу, егер ол 20-бапқа сәйкес жүргізілсе, шынайы болып табылады.
Тармақ 2
2. Тіркеу, ол шынайы болған жағдайда, талап етілетін ақпаратты іздестіру үшін қолжетімді болатындай түрде Халықаралық тіркелімнің деректер базасына енгізілгеннен кейін аяқталған болып табылады.
Тармақ 3
3. Тіркеу:
Тармақша а
а) халықаралық тіркеу реттік тізбектілікпен белгіленетін ресми тіркеу нөмірін берген;
Тармақша b
b) тіркеу деректері, оның ресми тіркеу нөмірін қоса алғанда, ұзақ сақталуын қамтамасыз ететіндей нысанда сақтауға берілген және оған Халықаралық тіркелімде қолжетімділік беріле алатын сәттен бастап алдыңғы тараптың мақсаттары үшін іздестіруге қолжетімді болып табылады.
Тармақ 4
4. Егер бастапқыда шартты халықаралық кепілдік ретінде тіркелген кепілдік халықаралық кепілдікке айналса, осы соңғы тіркеу 7-бапта көзделгендей халықаралық кепілдіктің қалыптасуының тікелей алдында әліде болса қолданылуы шартымен, шартты халықаралық кепілдіктің тіркелген сәтінен бастап тіркелген болып есептеледі.
Тармақ 5
5. Алдыңғы тармақ халықаралық кепілдіктің шартты цессиясын тіркеуге қажетті өзгерістерін ескере отырып, қолданылады.
Тармақ 6
6. Тіркеу Хаттамада белгіленген критерийлерге сәйкес Халықаралық тіркелімнің деректер базасында іздестіру үшін қолжетімді болып табылады.
Бап 20. 20-бап. Tiркеуге келісу
20-бап. Tiркеуге келісу
Тармақ 1
1. Халықаралық кепілдік, шартты халықаралық кепілдік не цессия немесе шартты цессия тіркелуі мүмкін және осындай тіркеуді оның қолданылу мерзімі біткенге дейін кез келген тарап басқа тараптың жазбаша түрде білдірілген келісіммен өзгертуі немес ұзартуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Халықаралық кепілдіктің басқа халықаралық кепілдікке бағыныстылығын кепілдігі бағыныстылыққа қойылатын тұлға кез келген уақытта тіркеуі немесе ол осындай тұлғаның жазбаша түрде білдірілген келісімі бойынша кез келген уақытта тіркелуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Тіркеу пайдасына жүргізілген тарап немесе оның жазбаша түрдегі келісімімен тіркеудің күші жойылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Халықаралық кепілдіктің заңның күшіне орай суброгациялау жолымен немесе шарт бойынша сатып алынуын осындай кепілдік өзіне өтетін тұлға тіркеуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Тіркелетін шарттан тыс құқықты немесе кепілдікті олардың иеленушілері тіркеуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Ұлттық кепілдіктің бар екені туралы хабарламаны осындай кепілдікті иеленуші тұлға тіркеуі мүмкін.
Бап 21. 21-бап. Тіркеудің қолданыс мерзімі
21-бап. Тіркеудің қолданыс мерзімі
Халықаралық кепілдіктің тіркелуі оның күші жойылғанға дейін немесе тіркеу кезінде айтылған мерзімі біткенге дейін күшінде қалады.
Бап 22. 22-бап. Ақпаратты іздестіру және беру
22-бап. Ақпаратты іздестіру және беру
Тармақ 1
1. Кез келген тұлға Халықаралық тіркелімде тіркелген кепілдіктер немесе шартты халықаралық кепілдіктер туралы ақпаратты Хаттамада және қағидаларда белгіленген тәртіппен одан іздестіруді жүзеге асыруы немесе іздестіруді сұратуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Тіркеуші тиісті сұратуды алған бойда Хаттамада және қағидаларда белгіленген тәртіппен кез келген объектіге қатысты:
Тармақша a
a) осындай ақпаратты тіркеудің күні мен уақытын көрсете отырып, бүкіл тіркелген ақпаратты қамтитын немесе
Тармақша b
b) мұндай ақпарат Халықаралық тіркелімде қамтылғанын белгілейтін мәліметтерді тіркелімде электрондық құралдармен іздестіру туралы сертификат береді.
Тармақ 3
3. Алдыңғы тармаққа сәйкес берілген іздестіру туралы сертификат осы тіркеуде аталған кредитордың объектіге қатысты халықаралық кепілдікті сатып алғанын немесе алуға ниет білдіргенін көрсетеді, бірақ, тіпті мұны тіркеудің тиісті деректері негізінде анықтауға болатын болса да, тіркелген кепілдіктің халықаралық кепілдік немесе шартты халықаралық кепілдік екенін көрсетпейді.
Бап 23. 23-бап. Шарттан тыс құқықтарды немесе кепілдіктерді мәлімдеулердің және олардың мәлімделгендерінің тізімі
23-бап. Шарттан тыс құқықтарды немесе кепілдіктерді мәлімдеулердің және олардың мәлімделгендерінің тізімі
Тіркеуші Уағдаласушы Мемлекеттердің 39 және 40-баптарға сәйкес өз ескертулерінде мәлімдегендері ретінде депозитарий тіркеушінің назарына жеткізген шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер мәлімдемелерінің, мәлімдемелер пікірлерінің және санаттарының тізімін, осындай мәлімдемелердің немесе мәлімдемелер пікірлерінің күндерін көрсете отырып, жүргізеді. Мұндай тізім тіркеледі және ескерту жасаған мемлекеттің атауы бойынша іздестіруге қолжетімді болады және оны сұратқан кез келген тұлғаға Хаттамаға және қағидаларға сәйкес беріледі.
Бап 24. 24-бап. Сертификаттардың дәлелдемелік күші
24-бап. Сертификаттардың дәлелдемелік күші
Халықаралық тіркелім берген сертификат ретінде қағидаларда көзделген нысанда жасалған құжат:
Тармақша а
а) оны Халықаралық тіркелім бергенінің фактісін;
Тармақша b
b) тіркелу күні мен уақытын қоса алғанда, онда көрсетілген деректердің prima facie дәлелдемесі болып табылады.
Бап 25. 25-бап. Тіркеудің күшін жою
25-бап. Тіркеудің күшін жою
Тармақ 1
1. Тіркелген қамтамасыз етілген кепілдіктер шеңберінде қамтамасыз етілген міндеттемелердің немесе тіркелетін шарттан тыс құқықтар мен кепілдіктердің туындауын шарттайтын міндеттемелердің қолданысы тоқтатылған жағдайда немесе меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы тіркелген келісім бойынша меншік құқығын беру шарттары орындалған жағдайда осындай кепілдікті иеленуші борышкердің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін тіркеудің күшін жоюды ешқандай негізсіз кедергісіз қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Егер шартты халықаралық кепілдік немесе халықаралық кепілдіктің шартты цессиясы тіркелсе, ықтимал кредитор немесе цессионарий ықтимал борышкердің немесе цеденттің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін осындай тіркеудің күшін ықтимал кредитор немесе цессионарий төлемді жүргізгенге немесе төлем жүргізу жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдағанға дейін жоюды ешқандай негізсіз кідіріссіз қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық кепілдік туралы тіркелген хабарламада айтылған ұлттық кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің қолданысы тоқтатылған жағдайда, осындай кепілдікті иеленуші борышкердің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін тіркеудің күшін жоюды ешқандай негізсіз кедергісіз қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Тіркеу қате болған немесе дұрыс емес жүзеге асырылған жағдайда, өзінің пайдасына тіркеу жүргізілген тұлға борышкердің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін тіркеудің күшін жоюды не оған өзгерістер енгізуді ешқандай негізсіз кедергісіз қамтамасыз етеді.
Бап 26. 26-бап. Халықаралық тіркеу қызметіне қолжетімділік
26-бап. Халықаралық тіркеу қызметіне қолжетімділік
Ешкім осы тарауда көзделген рәсімдерді сақтамаудан өзге қандай да бір себептер бойынша Халықаралық тіркелімнің жанындағы тіркеу және іздестіру қызметтеріне қолжетімділіктен айырылмайды.
Тарау vi. VI тарау Бақылаушы орган мен Тіркеушінің артықшылықтары мен иммунитеттері
VI тарау Бақылаушы орган мен Тіркеушінің артықшылықтары мен иммунитеттері
Бап 27. 27-бап. Құқықсубъектілік; иммунитет
27-бап. Құқықсубъектілік; иммунитет
Тармақ 1
1. Бақылаушы органға, егер ол бұған дейін оны иеленбесе, халықаралық құқық субъектілігі беріледі.
Тармақ 2
2. Бақылаушы орган және оның лауазымды адамдары Хаттамада айқындалғандай сот және әкімшілік іс-әрекеттерден иммунитетті пайдаланады.
Тармақ 3
3. а) Бақылаушы орган салықтан босатуды және өзі болатын мемлекетпен арадағы келісім бойынша берілетін басқа да артықшылықтарды пайдаланады.
Тармақша b
b) Осы тармақтың мақсаттары үшін «өзі болатын мемлекет» Бақылаушы органның тұратын жері бар мемлекетті білдіреді.
Тармақ 4
4. Халықаралық тіркелімнің мүлкі, құжаттары, деректер базасы және мұрағаттары қол сұғылмайтын болып табылады және тыйым салудан не басқа да сот немесе әкімшілік әрекеттерінен иммунитетті пайдаланады.
Тармақ 5
5. Талап қоюшы 28-баптың 1-тармағы немесе 44-бап негізінде Тіркеушіге қарсы бағытталған кез келген талаптар мақсаттары үшін талап қоюшыға талап қою бойынша іс жүргізу үшін қажет ақпарат пен құжаттарға қол жеткізу құқығына ие болады.
Тармақ 6
6. Бақылаушы орган 4-тармаққа сәйкес берілетін қол сұғылмаушылықтан және иммунитеттен бас тарта алады.
Тарау vii. VII тарау Тіркеушінің жауапкершілігі
VII тарау Тіркеушінің жауапкершілігі
Бап 28. 28-бап. Жауапкершілік және қаржылық кепілдіктер
28-бап. Жауапкершілік және қаржылық кепілдіктер
Тармақ 1
1. Тіркеуші, мұндай жұмыс істеу әдетте жүйені резервтеумен және қорғаумен және желіні ұйымдастырумен байланысты практиканы қоса алғанда, электрондық тіркелімдерді жобалау және пайдалану саласындағы ағымдағы практикада қолданылатын үздік құралдар үлгісімен алдына алмайтын қайтарымсыз және еңсерілмейтін сипаттағы оқиғадан туындайтын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір тұлғаға келтірілген және Тіркеушінің не оның лауазымды адамдарының және қызметшілердің қате іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен немесе халықаралық тіркеу жүйесінің тиісінше жұмыс істемеуінен тікелей туындайтын залалмен байланысты шығындарды өтеу үшін жауапты болады.
Тармақ 2
2. Тіркеуші алған немесе ол алған нысанда Тіркеушіге берілген тіркеу деректеріндегі нақтылы дәлсіздіктер үшін, сондай-ақ ол үшін Тіркеуші және оның лауазымды адамдары және қызметшілер жауапты болмайтын және тіркеу деректерін Халықаралық тіркелімде алғанға дейін туындаған іс-әрекеттер мен мән-жайлар үшін алдыңғы тармаққа сәйкес Тіркеуші жауапты болмайды.
Тармақ 3
3. 1-тармаққа сәйкес өтемақының мөлшері өзіне залал келтірілген тұлға осындай залал келтіргендей немесе оған ықпал еткендей шамаға азайтылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Тіркеуші осы бапта белгіленген жауапкершілікті жабуға Хаттамаға сәйкес Бақылаушы орган айқындағандай көлемде сақтандыруды немесе қаржылық кепілдікті қамтамасыз етеді.
Тарау viii. VIII тарау Халықаралық кепілдіктің үшінші тұлғалар үшін салдарлары
VIII тарау Халықаралық кепілдіктің үшінші тұлғалар үшін салдарлары
Бап 29. 29-бап. Бәсекелес кепілдіктердің басымдығы
29-бап. Бәсекелес кепілдіктердің басымдығы
Тармақ 1
1. Тіркелген кепілдік кейінірек тіркелген басқа кепілдіктің алдында, сондай-ақ кез келген тіркелмеген кепілдіктің алдында басым болады.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармаққа сәйкес бірінші болып тіркелген кепілдіктің басымдығы:
Тармақша а
а) егер бірінші болып тіркелген кепілдік басқа кепілдіктің бар екені туралы нақты белгілі болғанда туындаса да немесе тіркелген болса да;
Тармақша b
b) бірінші болып тіркелген кепілдіктің иеленушісі ол жөнінде өзі біле тұра төлеген авансқа қатысты да қолданылады.
Тармақ 3
3. Объектіні сатып алушы объектіге құқықты:
Тармақша а
а) осы құқықтарды сатып алу кезіне тіркелген кез келген кепілдікпен салынған ауыртпалық ескеріле отырып;
Тармақша b
b) бұл жөнінде өзіне нақты белгілі болса да, тіркелмеген кепілдікпен салынған ауыртпалықтан бос түрінде иеленеді.
Тармақ 4
4. Ықтимал сатып алушы немесе лизинг алушы кепілдікті немесе осы объектіге құқықты:
Тармақша a
a) ықтимал сатушы немесе лизинг беруші ие міндеттемелерді орындау жөніндегі халықаралық кепілдікті тіркеу кезіне дейін тіркелген кез келген кепілдікпен салынған ауыртпалық ескеріле отырып;
Тармақша b
b) бұл жөнінде өзіне нақты белгілі болса да, сол кезде көрсетілген нысанда тіркелмеген кепілдікпен салынған ауыртпалықтан бос түрінде иеленеді.
Тармақ 5
5. Осы бапқа сәйкес белгіленетін бәсекелес кепілдіктердің немесе құқықтардың басымдығы құқық иеленушілер — осы кепілдіктер бойынша тараптар арасындағы келісіммен өзгертіле алады, алайда қандай да бір бағынысты кепілдіктің цессионарийі, егер цессияны жасасу кезінде аталған келісімге қатысы бар тиісті талаптар иерархиясы тіркелмеген болса, осы қамтамасыз ету құралының бағыныстылығы туралы келісіммен байланысты емес.
Тармақ 6
6. Объектіге қандай да бір кепілдікке қатысты осы баппен белгіленген кез келген басымдық орнын толтыруға да қолданылады.
Тармақ 7
7. Осы Конвенция:
Тармақша a
a) егер осы құқықтар қолданылатын құқыққа сәйкес көрсетілген орнатудан кейін қолданысын жалғастыра берсе, тұлғаның объектіге осындай компонеттерді орнатқанға дейін иеленген, объектіге кірмейтін компоненттерге құқықтарын қозғамайды;
Тармақша b
b) егер мұндай құқықтар қолданылатын құқыққа сәйкес құрылған болса, объектіге бұрынырақ орнатылған, объектіге кірмейтін компоненттерге құқықтарды құруға кедергі келтірмейді.
Бап 30. 30-бап. Дәрменсіздік салдарлары
30-бап. Дәрменсіздік салдарлары
Тармақ 1
1. Борышкерге қатысты дәрменсіздік бойынша рәсімдерді жүзеге асыру кезінде, егер дәрменсіздік бойынша мұндай рәсімдер басталғанға дейін аталған кепілдік осы Конвенцияға сәйкес тіркелген болса, халықаралық кепілдіктің заңды күші болады.
Тармақ 2
2. Осы баптағы ешбір жайт, егер бұл кепілдік қолданылатын құқыққа сәйкес жарамды болып табылса, дәрменсіздік бойынша рәсімдер барысында халықаралық кепілдіктің заңды күшіне әсер етпейді.
Тармақ 3
3. Осы баптағы ешбір жайт:
Тармақша a
a) талаптар басымдығын құру мақсатында да, кредиторларды алдап-арбау мақсатында да жасалған мәмілелердің жоққа шығарылуына қатысы бар дәрменсіздік бойынша рәсімдерге қолданылатын кез келген нормалардың қолданысын, немесе
Тармақша b
b) сыртқы бақылаудағы немесе дәрменсіздік бойынша басқарушының бақылауындағы мүлікке қатысты құқықтарды мәжбүрлеп жүзеге асыруға қатысы бар кез келген іс жүргізу нормаларын қозғамайды.
Тарау ix. IX тарау Объектімен байланысты құқықтардың және халықаралық кепілдіктердің цессиясы; суброгация құқықтары
IX тарау Объектімен байланысты құқықтардың және халықаралық кепілдіктердің цессиясы; суброгация құқықтары
Бап 31. 31-бап. Цессия салдарлары
31-бап. Цессия салдарлары
Тармақ 1
1. Тараптар өзгеше келіскен жағдайларды қоспағанда, объектімен байланысты құқықтар цессиясын жасасу кезінде 32-бапқа сәйкес цессионарийге:
Тармақша a
a) тиісті халықаралық кепілдік;
Тармақша b
b) цеденттің осы Конвенцияда көзделген барлық кепілдіктері мен артықшылықты құқықтары да беріледі.
Тармақ 2
2. Осы Конвенциядағы ешбір жайт цеденттің объектімен байланысты құқықтарының ішінара цессиясын жасасуға кедергі келтірмейді. Осындай ішінара цессия жасалған жағдайда цедент және цессионарий алдыңғы тармақтың негізінде құқықты беру нысанасы болып табылатын, халықаралық кепілдікпен байланысты олардың тиісті құқықтарына қатысты келісімге келе алады; алайда, бұл борышкерге оның келісімінсіз теріс салдарын келтірмеуге тиіс.
Тармақ 3
3. 4-тармақтың ережелері сақталған кезде қолданылатын құқық негізінде борышкер цессионарийге қатысты пайдалана алатын қорғану құралдары мен талаптарды ескеру құқықтары айқындалады.
Тармақ 4
4. Борышкер кез келген уақытта цессионарий тарапынан жасалған алдап-арбау әрекеттерінен туындайтын қорғану құралдарынан басқа, алдыңғы тармақта айтылған қорғану құралдарының және талаптарды ескеру құқықтарының барлығынан немесе бір бөлігінен жазбаша түрде бас тарта алады.
Тармақ 5
5. Цессияны міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жүзеге асыру кезінде құқықты беру нысанасы болып табылатын объектімен байланысты құқықтар цедентке цессиямен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау жүргізілген кезде өз қолданысын жалғастырған көлемде қайта өтеді.
Бап 32. 32-бап. Цессияға қойылатын формальды талаптар
32-бап. Цессияға қойылатын формальды талаптар
Тармақ 1
1. Объектімен байланысты құқықтар цессиясы, егер ол:
Тармақша a
a) жазбаша түрде жасалса;
Тармақша b
b) олар соның негізінде туындайтын шарт бойынша объектімен байланысты құқықты сәйкестендіруге мүмкіндік берсе;
Тармақша с
с) - міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретіндегі цессия жағдайында - қамтамасыз етудің сомасы немесе ең жоғары сомасы көрсетілмей, Хаттамаға сәйкес цессиямен қамтамасыз етілген міндеттемелерді айқындауға мүмкіндік берсе ғана міндеттемелерді орындаудың тиісті халықаралық кепілдігін береді.
Тармақ 2
2. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісімнің негізінде туындаған немесе онымен көзделген халықаралық кепілдік цессиясы, егер объектімен байланысты құқықтардың кейбірі немесе барлығы құқықты беру нысанасы болып табылмаса, жарамсыз болады.
Тармақ 3
3. Осы Конвенция тиісті халықаралық кепілдікті беру үшін жарамсыз болып табылатын объектімен байланысты құқықтар цессиясына қолданылмайды.
Бап 33. 33-бап. Борышкердің цессионарий алдындағы міндеттемелері
33-бап. Борышкердің цессионарий алдындағы міндеттемелері
Тармақ 1
1. Объектімен қандай көлемде байланысты болуына қарай құқықтар және тиісті халықаралық кепілдік 31 және 32-баптардың ережелеріне сәйкес беріледі, борышкер болып табылатын тарап осындай құқықтарға және осындай кепілдікке қатысты цессиямен байланысты болады және, егер:
Тармақша а
а) цедент тарапынан немесе оның уәкілеттік беруі бойынша борышкер цессия туралы жазбаша хабардар етілсе;
Тармақша b
b) хабарлама объектімен байланысты құқықтарды сәйкестендіретін болса ғана, төлем жасауға немесе цессионер алдындағы міндеттемесін өзге де түрде орындауға міндетті.
Тармақ 2
2. Төлем жасау не борышкердің міндеттемені орындауының басқа да нысаны арқылы оны жауапкершіліктен босататын кез келген өзге де негізге қарамастан, мұндай төлемнің немесе міндеттемені орындаудың олар алдыңғы тармаққа сәйкес жасалған болса, осы мақсат үшін қолданыс күші болады.
Тармақ 3
3. Осы баптағы ешбір жайт бәсекелес цессиялар басымдығына әсер етпейді.
Бап 34. 34-бап. Міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жасалған цессия шарты бойынша міндеттемені орындамау кезінде құқықтарды қорғау құралдары
34-бап. Міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жасалған цессия шарты бойынша міндеттемені орындамау кезінде құқықтарды қорғау құралдары
Цедент объектімен байланысты құқықтар және тиісті халықаралық кепілдік цессиясының міндеттемелерін қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жасалған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер мынадай сілтемелер:
Тармақша a
a) қамтамасыз етілген міндеттемеге және қамтамасыз етілетін кепілдікке сілтемелер объектімен байланысты құқықтар және тиісті халықаралық кепілдік цессиясымен қамтамасыз етілген міндеттемеге және осындай цессия нәтижесінде туындаған қамтамасыз етілетін кепілдікке сілтемелер болса;
Тармақша b
b) кепіл ұстаушыға немесе кредиторға және кепіл берушіге немесе борышкерге сілтемелер цессионарий мен цедентке сілтемелер болса;
Тармақша c
c) халықаралық кепілдік бойынша құқық иеленушіге сілтемелер цессионарийге сілтемелер болса;
Тармақша d
d) объектіге сілтемелер құқықты беруге жататын, объектімен байланысты құқықтарға және тиісті халықаралық кепілдікке сілтемелер болса, 8, 9 және 11-14-баптар цедент пен цессионарий арасындағы қатынастарда қолданылады (ал объектімен байланысты құқықтарға қатысы бар жағдайда олар материалдық мүлікке қолдануға болатын жағдайда ғана қолданылады).
Бап 35. 35-бап. Бәсекелес цессиялардың басымдығы
35-бап. Бәсекелес цессиялардың басымдығы
Тармақ 1
1. Объектімен байланысты құқықтардың бәсекелес цессиялары болған жағдайда және тым болмағанда осындай цессиялардың бірі тиісті халықаралық кепілдікті қамтыған және тіркелген жағдайда, егер тіркелген кепілдікке сілтемелер объектімен байланысты құқықтар және тиісті тіркелген кепілдік цессиясына сілтемелер болса және егер тіркелген немесе тіркелмеген кепілдікке сілтемелер тіркелген немесе тіркелмеген цессияға сілтемелер болса, 29-баптың ережелері қолданылады.
Тармақ 2
2. 30-бап, егер халықаралық кепілдікке сілтемелер объектімен байланысты құқықтар және тиісті тіркелген кепілдік цессиясына сілтемелер болса, объектімен байланысты құқықтар цессиясына қолданылады.
Бап 36. 36-бап. Цессионарийдің объектімен байланысты құқықтарға қатысты басымдығы
36-бап. Цессионарийдің объектімен байланысты құқықтарға қатысты басымдығы
Тармақ 1
1. Цессиясы тіркелген, объектімен байланысты құқықтардың және тиісті халықаралық кепілдіктің цессионарийі, егер:
Тармақша а
а) соларға сай объектімен байланысты құқықтар туындайтын шартта олар объектімен қамтамасыз етілген немесе онымен байланысты делінсе;
Тармақша b
b) объектімен байланысты құқықтар объектіге қандай көлемде жататын болса ғана, 35-баптың 1-тармағының мағынасында объектімен байланысты құқықтардың басқа цессионарийі алдында басымдыққа ие болады.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармақтың b) тармақшасының мақсаттары үшін объектімен байланысты құқықтар мыналарға:
Тармақша а
а) объектіні сатып алу үшін аванспен енгізілген және пайдаланылған сомаға;
Тармақша b
b) егер цедент бұл кепілдікті цессионарийге берсе және цессия тіркелсе, цеденттің оған қатысты басқа халықаралық кепілдігі бар басқа объектіні сатып алу үшін аванспен енгізілген және пайдаланылған сомаға;
Тармақша с
с) объект үшін төленуге тиіс бағаға;
Тармақша d
d) объектіге байланысты төленуге тиіс жалдау төлемдеріне, немесе
Тармақша е
е) кез келген алдыңғы тармақтарда айтылған мәмілелерден туындайтың басқа да міндеттемелерге қатысы бар төлемді алуға немесе міндеттеменің өзгедей орындалуына құқықтардан тұратын көлемде ғана объектіге жатады.
Тармақ 3
3. Барлық басқа жағдайларда объектімен байланысты құқықтардың бәсекелес цессияларының басымдығын қолданылатын құқық айқындайды.
Бап 37. 37-бап. Цедент дәрменсіздігінің салдарлары
37-бап. Цедент дәрменсіздігінің салдарлары
30-баптың ережелері, егер борышкерге сілтемелер цедентке сілтемелер болса, цедентке қатысты дәрменсіздік бойынша рәсімдерге қолданылады.
Бап 38. 38-бап. Суброгация
38-бап. Суброгация
Тармақ 1
1. 2-тармақтың ережелері ескеріле отырып, осы Конвенциядағы ешбір жайт объектімен байланысты құқықтарды және тиісті халықаралық кепілдікті қолданылатын құқыққа сәйкес заңға байланысты немесе шарт бойынша суброгация жолымен сатып алуға әсер етпейді.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармақта көзделген құқықтар және бәсекелес құқықтар арасындағы иерархия тиісті құқықтарды иеленушілердің жазбаша келісімімен өзгертілуі мүмкін, алайда, міндеттемелерді орындаудың бағынысты кепілдігінің цессионарийі, егер цессияны жасасу кезінде аталған келісімге қатысы бар тиісті бағыныстылық тіркелмеген болса, осы кепілдікті бағынысты ету туралы келісіммен байланысты болмайды.
Тарау x. X тарау Уағдаласушы Мемлекеттер мәлімдемелерінің мәні болып табылатын құқықтар немесе кепілдіктер
X тарау Уағдаласушы Мемлекеттер мәлімдемелерінің мәні болып табылатын құқықтар немесе кепілдіктер
Бап 39. 39-бап. Тіркеусіз басым сипатқа ие құқықтар
39-бап. Тіркеусіз басым сипатқа ие құқықтар
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта депозитарийге сақтауға берілетін мәлімдеме Хаттамасында жалпы немесе нақты:
Тармақша a
a) шарттан тыс құқықтар мен кепілдердің (40-бап қолданылатын қандай да бір құқықтардан немесе кепілдіктерден басқа) осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес объектіге қандай да бір кепілдікке қатысы бойынша тіркелген халықаралық кепілдік иеленушісіне тиесілі және бұл кепілдіктің дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге байланысы бар-жоғына қарамастан, тіркелген халықаралық кепілдік алдыңда басым күшке ие кепілдіктің басымдығына барабар басымдыққа ие болатын санаттарын көрсете алады;
Тармақша b
b) осы Конвенцияда ештеңе мемлекеттің немесе мемлекеттік ұйымның, үкіметаралық ұйымның немесе қоғамдық қызмет көрсетудің жеке өнім берушісінің осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай ұйымға немесе өнім берушіге тиесілі, көрсетілген объекті немесе басқа объекті үшін осындай қызмет көрсетуді ұсынуға тікелей қатысты сомаларды төлеуге объектіні тұтқындау немесе ұстау құқығына әсер етпейді.
Тармақ 2
2. Өткен тармаққа сәйкес жасалған мәлімдемеде мұндай мәлімдеме сақтауға тапсырылғаннан кейін пайда болуы мүмкін санаттарға қолданылатыны айтылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Шарттан тыс құқықтар пен кепілдіктер егер олар мұндай халықаралық кепілдік тіркелгенге дейін сақтауға тапсырылған мәлімдеме қолданылатын санаттарға жатқан жағдайда ғана, олардың халықаралық кепілдікке қатысы бойынша басымдығы болады.
Тармақ 4
4. Өткен тармақтың ережесіне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде 1-тармақтың а) тармақшасына сәйкес жасалған мәлімдеме қолданылатын санаттардың бірінің құқығы немесе кепілдігі мұндай ратификацияланған, қабылданған, бекітіліген немесе қосылған күніне дейін тіркелген халықаралық кепілдікке қатысты басымдығы болады.
Бап 40. 40-бап. Тіркелетін шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер
40-бап. Тіркелетін шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер
Уағдаласушы Meмлекет кез келген уақытта депозитарийге сақтауға берілетін мәлімдеме Хаттамасында егер мұндай құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктерді білдірсе, осы Конвенцияға сәйкес объектілердің қандай да бір санаты бойынша тіркелуі мүмкін шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер санаттарының тізбесін көрсете алады, осыдан кейін бұл құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктер ретінде қаралуы тиіс. Қажеттілігіне қарай мұндай мәлімдемеге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Тарау xi. XI тарау Конвенцияны сатуға қолдану
XI тарау Конвенцияны сатуға қолдану
Бап 41. 41-бап. Сату және шарты сату
41-бап. Сату және шарты сату
Осы Конвеңцияға енгізілуі мүмкін кез келген өзгерістерімен бірге Хаттамада көзделгендей, ол объектіні сатуға немесе шартты сатуға қолданылады.
Тарау xii. ХІІ тарау Юрисдикция
ХІІ тарау Юрисдикция
Бап 42. 42-бап. Сотты таңдау
42-бап. Сотты таңдау
Тармақ 1
1. 43 және 44-баптардың ережелері сақталған жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттердің тараптар мәміледе сайлаған қандай да бір соттардың сайланған соттың тараптармен немесе мәмілемен қандай да бір байланысы болуы қарамастан, осы Конвенцияға сәйкес берілетін кез келген талап-арызға қатысты юрисдикциясы болады. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, мұндай юрисдикция ерекше болып табылады.
Тармақ 2
2. Кез келген мұндай уағдаластық жазбаша түрде жасалады немесе сайланған сот елінде қолданыстағы құқықтың формальды талаптарына сәйкес өзгеше тәсілмен жасалады.
Бап 43. 43-бап. 13-бапқа сәйкес юрисдикция
43-бап. 13-бапқа сәйкес юрисдикция
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің тараптар сайлаған қандай да бір соттары және аумағында объект орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің соттары осы объектіге қатысты 1-тармақтың a), b) және с) тармақшаларының және 13-бабының 4-тармағының мәні бойынша сот қорғауын ұсыну бөлігінде құзыретке ие болады.
Тармақ 2
2. 13-баптың 1-тармағының d) тармақшасының мәні бойынша сот қорғауын немесе 13-баптың 4-тармағының тұрғысынан өзгеше уақытша сот қорғауын ұсыну бөлігінде құзыретті:
Тармақша а
а) тараптар сайлаған соттар немесе
Тармақша b
b) аумағында борышкер орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің соттары жүзеге асыра алады; бұл ретте сот қорғауының мұндай құралдары оларды ұсыну туралы актілердің шарттарына сәйкес осы Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында ғана мәжбүрлеп орындатуға жатады.
Тармақ 3
3. Сот егер 13-баптың 1-тармағына айтылған талап-арыз бойынша түпкілікті шешім басқа Уағдаласушы Мемлекеттің сотына немесе арбитражды төрелікке енгізілетін немесе енгізілуі мүмкін болса да, өткен тармақтарға сәйкес құзыретке ие болады.
Бап 44. 44-бап. Тіркеушінің атына қаулы енгізу құзыреті
44-бап. Тіркеушінің атына қаулы енгізу құзыреті
Тармақ 1
1. Аумағында Тіркеушінің әкімшілік орталығы бар мемлекеттің сот мекемелерінің Тіркеушінің атына залалды өтеуді немесе сот қаулыларын беруге қатысты шешімдер шығару бойынша ерекше құзыреті болады.
Тармақ 2
2. Егер қандай да бір тұлға 25-тармаққа сәйкес ұсынылған талапты орындамаса және бұл тұлға өзінің өмір сүруін тоқтатса немесе оған қарсы тіркеуді тоқтатуды талап ететін сот актісін шығару құқығын жүзеге асыру мақсатында табылмаса, өткен тармақта көрсетілген сот мекемелерінің борышкердің немесе ықтимал борышкердің мәлімдемесі бойынша тіркеуді тоқтату туралы талаппен Тіркеушінің атына қаулы шығаруға ерекше құзыреті болады.
Тармақ 3
3. Егер қандай да бір тұлға осы Конвенцияға сәйкес юрисдикциясы бар соттың өкімін орындамаса немесе іс ұлттық кепілдікке қатысты болса, осы тұлға тіркеуді өзгертуі немесе тоқтатуы талап етіліп отырған құзыретті юрисдикциясы бар соттың өкімін 1-тармақта көрсетілген сот мекемелері Тіркеушінің атына осы өкімнің орындалуын қамтамасыз ететін осындай қадамдар жасауға нұсқама бере алады.
Тармақ 4
4. Өткен тармақтарда өзгеше көзделғен жағдайларды қоспағанда, ешқандай сот Тіркеушінің атына жіберілген және оған қандай да бір міндеттеме жүктеу мақсаты бар өкім бере алмайды немесе шешімдер немесе қаулылар қабылдай алмайды.
Бап 45. 45-бап. Дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге қатысты юрисдикция
45-бап. Дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге қатысты юрисдикция
Осы тараудың ережелері дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге қолданылмайды.
Тарау xiii. XIII тарау Басқа конвенциялармен байланыс
XIII тарау Басқа конвенциялармен байланыс
Бап 45. 45-бап bis. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық саудадағы дебиторлық берешекті беру туралы конвенциямен байланыс
45-бап bis. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық саудадағы дебиторлық берешекті беру туралы конвенциямен байланыс
Осы Қонвенцияның қосылу үшін 2001 жылғы 12 желтоқсанда ашылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық саудадағы дебиторлық берешекті беру туралы конвенция алдында құқықтар объектісіне байланысты ретінде авиациялық объектілерге, теміржол жылжымалы құрамына және ғарыш құралдарына арналған халықаралық кепілдіктерге қатысы бар дебиторлық берешекті беруге қатысты бөлігінде басым күші бар.
Бап 46. 46-бап. Халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА конвенциясы
46-бап. Халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА конвенциясы
Осы Конвенция мен 1988 жылғы 28 мамырда Оттава қаласында қол қойылған Халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА конвенциясы арасындағы байланыс осы Хаттамада белгіленуі мүмкін.
Тарау xiv. XIV тарау Қорытынды ережелер
XIV тарау Қорытынды ережелер
Бап 47. 47-бап. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу
47-бап. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу
Тармақ 1
1. Осы Конвенция 2011 жылғы 29 қазан-16 қараша аралығында Кейптаунда өткен жылжымалы жабдықтар мен авиациялық хаттама туралы конвенция қабылдауға арналған дипломатиялық конференцияға қатысқан мемлекеттердің қол қоюы үшін 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда ашық. 2001 жылғы 16 қарашадан кейін Конвенция 49-бапқа сәйкес ол күшіне енгенге дейін Римде Жеке құқықты біріздендірудің халықаралық институтының штаб-пәтерінде (УНИДРУА) барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.
Тармақ 2
2. Осы Конвенция ратификациялануы, қабылдануы немесе оған қол қойған мемлекеттер бекітуі тиіс.
З.Осы Конвенцияға қол қоймаған кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады.
Тармақ 4
4. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу бұл туралы депозитарийге ресми құжатты сақтауға тапсыру жолымен жүргізіледі.
Бап 48. 48-бап. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары
48-бап. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары
Тармақ 1
1. Егеменді мемлекеттер құрған және осы Конвенцияда реттелетін кейбір мәселелерге қатысты құзыреті бар экономикалық интеграцияның кез келген өңірлік ұйымы осы Конвенцияға қол қоя алады, қабылдай алады, бекіте алады немесе оған қосыла алады. Бұл жағдайда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы ұйымның осы Конвенцияда реттелетін мәселелерге қатысты қандай құзыреті болса, сондай шамада Уағдаласушы Мемлекеттің құқықтарына немесе міндеттемелеріне ие болады. Уағдаласушы Мемлекеттердің саны релевантты болып табылған жағдайларда осы Конвенцияда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын мүше мемлекеттерге оны толықтыру үшін Уағдаласушы Мемлекет ретінде есепке алынбайды.
Тармақ 2
2. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы қол қою, қабылдау, бекіту немесе қосылу кезінде депозитарийге осы Конвенцияда реттелетін және оған мүше мемлекеттер осы ұйымның құзыретін берген мәселелерді көрсете отырып мәлімдеме жасайды. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы тармаққа сәйкес жасалған мәлімдемеде көрсетілген құзыреттің аражігін ажыратудың өзгерістері туралы, оның ішінде құзыреттерді жаңадан беру туралы дереу хабарлайды.
Тармақ 3
3. «Уағдаласушы Мемлекетке» немесе «Уағдаласатын Мемлекетке» немесе «қатысушы Мемлекетке» немесе «қатысушы Мемлекеттерге» кез келген сілтеме түпмәтін мұндайды талап етсе, осы Конвенцияда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына тең дәрежеде қатысты болады.
Бап 49. 49-бап. Күшіне енуі
49-бап. Күшіне енуі
Тармақ 1
1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы үшінші құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін үш ай өткен соң келетін айдың бірінше күні, бірақ объектілердің Хаттама:
Тармақша а
а) осы Хаттама күшіне енген сәттен бастап;
Тармақша b
b) осы Хаттамада көзделген шарттарға сәйкес;
Тармақша с
с) осы Конвенцияға және осы Хаттамаға мүше Мемлекеттер арасында қолданылатын сол бір санатына қатысты ғана күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Басқа мемлекеттер үшін осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өзінің құжаты сақтауға тапсырылған күннен кейін үш ай өткен соң келетін айдың бірінші күні, объектілердің Хаттама қолданылатын сол бір санатына қатысты ғана және осындай Хаттамаға қатысты өткен тармақтың a), b) және с) тармақшаларының талаптары сақталған жағдайда күшіне енеді.
Тармақ 50. 50. Ішкі мәмілелер
50. Ішкі мәмілелер
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Конвенция осы мемлекет үшін ішкі болып табылатын мәмілелерге, объектілердің барлық типіне немесе олардың кейбіріне қатысты қолданылмайды деп мәлімдей алады.
Тармақ 2
2. Өткен тармақтың мазмұнына қарамастан, ішкі мәмілелерге V тараудың 8-бабы 4-тармағының, 9-бабы 1-тармағының, 16-бабының ережелері, сондай-ақ осы Конвенцияның тіркелген кепілдіктеріне жататын басқа кез келген ережелері қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер ұлттық кепілдік туралы хабарлама Халықаралық тіркелімде тіркелген жағдайда, 29-бапқа сәйкес мұндай кепілдік иеленушісінің кезегіне мұндай кепілдік қолданылатын құқық тұрғысынан цессия немесе суброгация жолымен басқа тұлғаға берілген деген факт әсер етпейді.
Бап 51. 51-бап. Болашақта қабылдануы мүмкін хаттамалар
51-бап. Болашақта қабылдануы мүмкін хаттамалар
Тармақ 1
1. Егер депозитарий орынды деп есептесе, осы Конвенцияның қолданысын 2-баптың 3-тармағында аталған санаттардан басқа бір немесе бірнеше хаттама арқылы құны жоғары, әрбір құрамдас элементі бірмәнді сәйкестендірілетін болып табылатын жылжымалы құрамның кез келген санатының объектілеріне, сондай-ақ осындай объектілермен байланысты құқыққа таратудың орындылығын бағалау үшін тиісті үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасып, жұмыс топтарын құра алады.
Тармақ 2
2. Депозитарий объектінің қандай да бір санатына қатысты және осындай жұмыс тобы дайындаған хаттаманың кез келген алдын ала жобасының мәтінін депозитарийдің мүше мемлекеттеріне, депозитарийдің мүше мемлекеттері болып табылмайтын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерге және тиісті халықаралық ұйымдарға жібереді және мұндай мемлекеттер мен ұйымдарды хаттаманың мұндай алдын ала жобасы негізінде хаттаманың жобасын пысықтау жөніндегі үкіметаралық келіссөздерге қатысуға шақырады.
Тармақ 3
3. Бұдан басқа, егер депозитарий орынды деп санаса, депозитарий осындай жұмыс тобы дайындаған хаттаманың кез келген алдын ала жобасының мәтінін тиісті үкіметтік емес ұйымдарға жібереді. Мұндай үкіметтік емес ұйымдарға хаттаманың алдын ала жобасының мәтіні бойынша депозитарийге дереу ескертулер беруді және хаттама жобасын дайындауда байқаушы ретінде қатысуды ұсынады.
Тармақ 4
4. Құзыретті органдар мұндай хаттама жобасы қабылдауға дайын деп санаса, депозитарий оны қабылдау үшін дипломатиялық конференцңя шақырады.
Тармақ 5
5. Мұндай хаттама қабылданғаннан кейін 6-тармақты ескере отырып, осы Конвенция ол қамтитын объект санаттарына қолданылады.
Тармақ 6
6. Осы Конвенцияның 45-бабы егер осы хаттамада нақты көзделіп отырған жағдайда ғана мұндай хаттамаға қолданылады.
Бап 52. 52-бап. Аумақтық бірліктер
52-бап. Аумақтық бірліктер
Тармақ 1
1. Егер мемлекеттің осы Конвенцияда реттелетін мәселелерге қатысты түрлі құқықтық жүйелер қолданылатын аумақтық бірліктері болса, ол ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Конвенцияның қолданысы өзінің барлық аумактық бірліктеріне немесе олардың біріне немесе бірнешеуіне таралады деп мәлімдей алады және кез келген уақытта басқа мәлімдемесе ұсынып, бұл мәлімдемені өзгерте алады.
Тармақ 2
2. Кез келген мұндай мәлімдемеде осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктер анық көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Егер Уағдаласушы Мемлекет 1-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасамаса, осы Конвенция мұндай мемлекеттің барлық аумақтық бірліктеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияның қолданысын өзінің бір немесе бірнеше аумақтық бірлігіне таратқан жағдайда осы Конвенция бойынша жол берілетін мәлімдемелер осындай аумақтық бірліктің әрбіріне жасалуы мүмкін және осындай аумақтық бірлікке қатысты жасалған мәлімдемелер басқа аумақтық бірлікке қатысты жасалған мәлімдемелерден өзгешелігі болуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Егер 1-тармаққа сәйкес мәлімдеме тұрғысынан осы Конвенцияның қолданысы қандай да бір Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше аумақтық бірлігіне таратылса:
Тармақша а
а) борышкер егер ол осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалса немесе құрылса немесе егер оның тіркелген штаб-пәтері, әкімшілік орталығы, шаруашылық қызмет жүргізу орны немесе осы Конвенция қолданылатын аумақта қалыпты тұратын орны болған жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттердің қандай да бірінде деп есептеледі;
Тармақша b
b) қандай да бір Уағдаласушы Мемлекетте объектінің орналасқан жеріне кез келген сілтеме, осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктегі объектінің орналасқан жерін көрсетеді;
Тармақша c
c) әкімшілік органдарға кез келген сілтеме осы Уағдаласушы Мемлекетте осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірлікте юрисдикциясы бар әкімшілік органдарға сілтеме ретінде қаралады.
Бап 53. 53-бап. Соттарды анықтау
53-бап. Соттарды анықтау
Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде 1-баптың және осы Конвенцияның XII тарауының мақсаттары үшін тиісті «сотқа» немесе «соттарға» қатысты мәлімдеме жасауы мүмкін.
Бап 54. 54-бап. Құқықтарды қорғау тәсілдеріне қатысты мәлімдеме
54-бап. Құқықтарды қорғау тәсілдеріне қатысты мәлімдеме
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде міндеттемелермен ауыртпалық салынған объект өзінің аумағында орналасқан немесе осы аумақтан бақыланып тұрған кезде кепіл ұстаушы осы аумақтағы бұл объектіні лизингке бермеуге тиіс деп мәлімдеме жасай алады.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Конвенция ережелерінің қандай да біріне сәйкес кредитордағы және онда сотқа жүгіну керек болатын құқықтарды қорғаудың тәсілі ретінде анық анықталмаған құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілі соттың шешімімен ғана қолданылуы мүмкін бе деген мәлімдеме жасайды.
Бап 55. 55-бап. Құқықтарды қорғаудың аралық тәсілдеріне қатысты мәлімдеме
55-бап. Құқықтарды қорғаудың аралық тәсілдеріне қатысты мәлімдеме
Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде ол 13-баптың, 43-баптың немесе осы екі баптың да ережелерін толық немесе ішінара қолданбайтын болады деп мәлімдеме жасай алады. Мұндай мәлімдемеде егер ол ішінара қолданылатын болған жағдайда, тиісті бап қандай жағдайда қолданылатыны немесе керісінше болған жағдайда уақытша сот қорғауының басқа қандай нысандары қолданылатыны көрсетіледі.
Бап 56. 56-бап. Ескертпелер мен мәлімдемелер
56-бап. Ескертпелер мен мәлімдемелер
Тармақ 1
1. Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берілмейді, бірақ 39, 40, 50, 52, 53, 54, 55, 57, 58 және 60-баптардың мақсаттарына сәйкес осы баптармен жол берілетін мәлімдемелер жасалуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы Конвенцияға сәйкес жасалған кез келген мәлімдеме немесе кейінгі мәлімдемелер туралы немесе мәлімдемені немесе ескертпені кері қайтарып алу туралы депозитарийге жазбаша түрде хабарланады.
Бап 57. 57-бап. Кейінгі мәлімдемелер
57-бап. Кейінгі мәлімдемелер
Тармақ 1
1. Кез келген қатысущы Мемлекет 60-бапқа сәйкес жол берілетін мәлімдемеден басқа, осы Конвенцияның ол үшін күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта бұл туралы депозитарийді хабарлау жолымен кейінгі мәлімдемелер жасай алады.
Тармақ 2
2. Кез келген мұндай кейінгі мәлімдеме депозитарий хабарлама алған күннен кейін алты ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді. Егер хабарламада осы мәлімдеменің күшіне енуінің ұзақ кезеңі айтылса, ол депозитарий хабарлама алғаннан кейін осындай ұзақ кезең өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Өткен тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер осындай кез келген кейінгі мәлімдеме күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты мұндай кейінгі мәлімдемелер жасалмауы үшін осы Конвенцияның қолданысы жалғасады.
Бап 58. 58-бап. Мәлімдемелерді кері қайтарып алу
58-бап. Мәлімдемелерді кері қайтарып алу
Тармақ 1
1. 60-бапқа сәйкес жол берілетін мәлімдемелерден басқа осы Конвенцияға мәлімдеме жасаған кез келген қатысушы Мемлекет депозитарийге ресми хабарлама жіберіп, кез келген уақытта оны кері қайтарып ала алады. Мұндай кері қайтарып алу депозитарий хабарлама алған күннен кейін алты ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Өткен тармақтың ережелеріне қарамастан, егер мәлімдемені мұндай кері қайтарып алу осындай кез келген кері қайтарып алу күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жүргізілмесе, осы Конвенцияның қолданысы жалғасады.
Бап 59. 59-бап. Күшін жою
59-бап. Күшін жою
Тармақ 1
1. Кез келген қатысушы Мемлекет депозитарийді жазбаша түрде хабарлау арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.
Тармақ 2
2. Кез келген мұндай күшін жою депозитарий хабарлама алған күннен кейін он екі ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Өткен тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер күшін жою осындай кез келген күшін жою күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жүргізілмесе, осы Конвенцияның қолданысы жалғасады.
Бап 60. 60-бап. Өтпелі ережелер
60-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Егер Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта өзгеше мәлімдемесе, осы Конвенция күшіне енгенге дейін қолданылатын құқыққа сәйкес олар үшін белгіленген басымдық сақталатын бұрын қолданылған құқықтарға немесе кепілдіктерге қатысты қолданылмайды.
Тармақ 2
2. 1-баптың v) тармағының мақсаттары және осы Конвенцияға сәйкес басымдықты анықтау үшін:
Тармақша а
а) «осы Конвенцияның күшіне ену күні» борышкердің осы Конвенция күшіне енген күнге немесе кешірек басталатынына қарамастан, борышкер орналасқан мемлекеттің Уағдаласушы Мемлекеттердің құрамына кіру күніне қатысын білдіреді;
Тармақша b
b) борышкер өзінің әкімшілік орталығы бар мемлекетте немесе онда өзінің шаруашылық қызметін жүргізіп отырған әкімшілік орталығы жоқ болса немесе егер борышкер өзінің шаруашылық қызметін жүргізетін негізгі орны болып табылатын өзінің шаруашылық қызметін жүргізетін бірнеше орны болса немесе оның қалыпты өмір сүру орны болып табылатын шаруашылық қызметін жүргізетін орны болмаса, әкімшілік орталығы бар мемлекетте болады.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Мемлекет 1-тармаққа сәйкес өзінің мәлімдемесінде басымдықты анықтау үшін, оның ішінде борышкер өткен тармақтың b) тармақшасында аталып өтетін мемлекетте болған уақытта жасалған шарт бойынша туындаған, бұрын қолданылған құқықтарға немесе кепілдіктерге кез келген қолданыстағы басымдықты қорғау үшін осы Конвенция және Хаттама қолданыла бастайтын осы мәлімдеме күшіне енгеннен кейін кемінде үш жылдан кейін басталатын күнді, бірақ бұл өзінің мәлімдемесінде белғіленгендей шамада белгілей алады.
Бап 61. 61-бап. Ревизиялық конференциялар, түзетулер және оларға байланысты мәселелер
61-бап. Ревизиялық конференциялар, түзетулер және оларға байланысты мәселелер
Тармақ 1
1. Депозитарий жыл сайын немесе мән-жай талап еткен кезде қатысушы Мемлекеттер үшін осы Конвенцияда құрылған халықаралық режимнің практикалық жұмыс істеуінің тәсіліне қатысты баяндамалар дайындайды. Мұндай баяндамаларды дайындау кезінде Депозитарий Бақылаушы органның халықаралық тіркеу жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты баяндамаларын ескереді.
Тармақ 2
2. Қатысушы Мемлекеттердің кемінде жиырма бес пайызының өтініші бойынша депозитарий Бақылаушы органмен консультация үшін уақыт өте келе:
Тармақша а
а) осы Конвенцияның практикалық орындалуы және өзінің ережелерімен қамтылған авиациялық объектілерді қамтамасыз етуге және лизингке қамтамасыз етілген активтермен жәрдемдесу ісінде оның тиімділігі;
Тармақша b
b) осы Конвенцияның ережелерін және қағидаларды сотта түсіндіру және қолдану;
Тармақша с
с) халықаралық тіркеу жүйесінің жұмыс істеуі, Тіркеушінің жұмысы және Бақылаушы органның баяндамасын ескере отырып, оны Бақылаушы орган тарапынан қадағалау;
Тармақша d
d) осы Конвенцияның немесе халықаралық тіркеу жүйесінің қандай да бір өзгерістерінің орындылығы мәселелерін қарау үшін қатысушы Мемлекеттердің ревизиялық конференцияларын шақырады.
Тармақ 3
3. 4-тармақтың ережелері еекеріле отырып, осы Конвенцияға кез келген түзету конференцияға қатысатын, өткен тармақта аталып өткен қатысушы Мемлекеттердің көпшілігімен, кемінде үштен екісімен бекітіледі және Конвенцияның күшіне енуіне қатысты 49-баптың ережелеріне сәйкес үш мемлекет ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен жағдайда мұндай түзетуді ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен мемлекетке қатысты күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Егер осы Конвенция болжанып отырған түзету жабдықтардың бірнеше санаттарына қолданылатын болады деп ұйғарылып отырған жағдайда, мұндай түзету 2-тармақта аталып өткен конференцияға қатысатын әрбір хаттамаға қатысушы мемлекеттердің көпшілігімен, кемінде үштен екісімен бекітіледі.
Бап 62. 62-бап. Депозитарий және оның функциялары
62-бап. Депозитарий және оның функциялары
Тармақ 1
1. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттар осымен депозитарий бекітетін Жеке құқықты біріздендірудің халықаралық институтына (УНИДРУА) сақтауға тапсырылады.
Тармақ 2
2. Депозитарий:
Тармақша a
a) барлық Уағдаласушы Мемлекеттерді:
Тармақша і
і) тиісті күнін көрсете отырып, әрбір қол қойылған немесе әрбір ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттың сақтауға жаңадан тапсырылғаны туралы;
Тармақша іі
іі) осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы;
Тармақша ііі
ііі) тиісті күнін көрсете отырып, осы Конвенцияға сәйкес жасалған әрбір мәлімдеме туралы;
Тармақша iv
iv) тиісті күнін көрсете отырып, кез келген мәлімдемені кері қайтарып алу немесе өзгерту туралы;
Тармақша v
v) тиісті күнін және күшін жоюдың күшіне ену күнін көрсете отырып, осы Конвенцияның күші жойылғаны туралы хабарлама туралы хабардар етеді;
Тармақша b
b) осы Конвенцияның куәландырылған түпнұсқа көшірмелерін барлық қатысушы Мемлекеттерге жібереді;
Тармақша с
с) Бақылаушы органға және Тіркеушіге сақтауға тапсыру күнін көрсете отырып, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы әрбір құжаттың, әрбір мәлімдеменің немесе мәлімдемені кері қайтарып алудың немесе мәлімдеме өзгерісінің және хабарлама күнін көрсете отырып, күшін жою туралы әрбір хабарламаның көшірмесін қамтыған ақпарат жалпыға қолжетімді болуы үшін береді;
Тармақша d. Қазақстан Республикасының Конвенция мақсаттары үшін жасаған мәлімдемелері
d) депозитарий үшін қалыпты болып табылатын басқа да функцияларды орындайды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік беріліп, төменде қол қойған өкілетті өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
Екі мың бірінші жылғы қараша айының он алтысы күні Кейптаунда орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде жалғыз түпнұсқа данада ЖАСАЛДЫ әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады, ол мұндай теңтүпнұсқалыққа Конференцияның бірлескен хатшылығы Конференция Төрағасының өкілеттіктері щеңберінде осында көрсетілген күннен бастап тоқсан күн ішінде оларды бір-біріне сәйкес келтіру тұрғысынан тексергеннен кейін ие болады.
Қосымша
Қазақстан Республикасының Конвенция мақсаттары үшін жасаған мәлімдемелері
№ 1 нысан. 39 (1)(а)-бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы мынадай шарттан тыс құқықтардың немесе кепілдіктердің санаттары:
Тармақша а
а) объектіні қаржыландыру немесе лизинг шарты бойынша жұмыс беруші мәлімдеген дефолт кезінен бастап төленбеген жалақы бөлігінде қызметкерлердің пайдасына кепіл құқықтары;
Тармақша b
b) өзінің иелігіндегі объектіге жөндеу жүргізуді жүзеге асыратын тұлғаның пайдасына орындалған жұмыстар мен объектіге қосылған құнның шектеріндегі кепіл құқықтары заңнамаға сәйкес объектіге қандай да бір кепілдікке қатысы бойынша тіркелген халықаралық кепілдік иесіне тиесілі және бұл кепілдіктің дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге байланысы бар-жоғына қарамастан, тіркелген халықаралық кепілдік алдында басым күшке ие кепілдіктің басымдығына балама басымдыққа ие болатынын мәлімдейді.
№ 4 нысан. 39 (1)(b)-бап бойынша мәлімдемелер:
Осы Конвенциядағы ешнәрсе де Қазақстан Республикасының немесе мемлекеттік ұйымның, үкіметаралық ұйымның немесе қоғамдық қызмет көрсететін басқа да жекеменшік өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған объекті немесе басқа объекті үшін мұндай қызмет көрсетуді ұсынуға тікелей қатысты, осындай ұйымға немесе өнім берушіге тиесілі сомалар төлемі үшін объектіге тыйым салу немесе оны кідірту құқығына әсер етпейді.
№ 5 нысан. 39 (4)-бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы 1-тармақтың а) тармақшасына сәйкес жасалған мәлімдеме қолданылатын санаттардың бірінің құқығы немесе кепілдігі Хаттамаға қосылу күніне дейін тіркелген халықаралық кепілдікке қатысты басымдыққа ие болатынын мәлімдейді.
№ 6 нысан. 40-бап бойынша мәлімдеме:
Қазақстан Республикасы шарттан тыс құқықтардың немесе кепілдіктердің мынадай санаттары:
Тармақша c
c) авиациялық объектіні толықтай немесе ішінара басқаруға немесе пайдалануға рұқсат беретін сот өкімін алған тұлғаның құқықтары; және
Тармақша d
d) салықтарға немесе кез келген басқа төленбеген төлемдерге жатқызылатын мемлекеттік тұлғаның кепілдік немесе басқа құқықтары (Конвенцияның 39(1)(а)-бабы бойынша мәлімдемеге енгізілмеген); және
Тармақша е. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖАБДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА АВИАЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ХАТТАМА
е) Конвенцияның 39 (1)(а)-бабы бойынша мәлімдемеге енгізілмеген кез келген басқа шарттан тыс құқық немесе кепілдік -
осы Конвенцияға сәйкес, осындай құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктерді білдіретіндей, объектілердің қандай да бір санаты бойынша тіркелуі тиіс екенін, осыдан кейін бұл құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктер ретінде қаралуы тиіс екенін мәлімдейді.
№ 11 нысан. 53-бап бойынша мәлімдемелер:
Бірінші сатыдағы соттар өздерінің аумақтық соттылық шектерінде Конвенцияның 1-бабының және XII Тарауының мақсаттары үшін сәйкес соттар болып табылады.
№ 13 нысан, 54(2)-бап бойынша міндетті мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы Конвенцияның қандай да болсын ережелеріне сәйкес және онда құқықтарды қорғаудың тәсілі ретінде айқын белгіленбеген, оған байланысты сотқа жүгіну керек болатын, кредиторда бар құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілі сот рұқсатынсыз немесе қандай да бір басқа сот іс-әрекетінсіз қолданылуы мүмкін екенін мәлімдейді.
Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияның мемлекеттік тілдегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінімен тең түпнұсқалы.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігінің
Құжаттамалық қамтамасыз ету және
мемлекеттік тілді дамыту
департаментінің директоры
Е. Наурызбаева
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖАБДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА АВИАЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ХАТТАМА
ОСЫ ХАТТАМАҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР
Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияның (бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын) авиациялық жабдыққа қатысты бөлікте және Конвенцияға кіріспеде жазылған мақсаттарды ескеріп орындалуын қамтамасыз ету қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,
Конвенцияны авиациялық қаржыландырудың ерекше талаптарына бейімдеу және Конвенцияға авиациялық жабдықты сатып алу-сату щарттарын енгізу есебінен оның қолданылу аясын кеңейту қажеттігін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қағидаттары мен мақсаттарын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
авиациялық жабдыққа қатысты төмендегі ережелермен КЕЛІСТІ:
Тарау xv. І тарау Қолдану аясы және жалпы ережелер
І тарау Қолдану аясы және жалпы ережелер
Бап i. I бап. Анықтамалар
I бап. Анықтамалар
Тармақ 1
1. Мән-жайлар өзгеше талап ететін жағдайларды қоспағанда, осы Хаттамада пайдаланылатын терминдер Конвенцияда айқындалғандағыдай мағынада қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Хаттамада мынадай терминдер төменде көрсетілген мағынада пайдаланылады:
Тармақша a
a) «әуе кемелері» Чикаго конвенциясының мақсаттары үшін айқындалғандай әуе кемелерін білдіреді және авиациялық қозғалтқыштар орнатылған планерлерді не тікұшақтарды білдіреді;
Тармақша b
b) «авиациялық қозғалтқыштар» әуе кемелерінің реактивті қарқынмен қозғалысқа келтірілетін немесе турбиналық немесе поршеньдік технология пайдаланылатын қозғалтқыштарын білдіреді (әскери, кеден немесе полиция қызметтері пайдаланатындардан басқа), олар:
Тармақша і
і) реактивті авиациялық қозғалтқыштар тартысы кемінде 1750 фунт немесе басқа бірліктердегі барабар шамада болады;
Тармақша іі
іі) барлық модульдері және басқа да орнатылған, монтаждалған немесе қоса берілген керек-жарақтары, бөлшектері мен жабдықтары бар, сондай-ақ соларға қатысты барлық деректері, нұсқаулықтары мен жазбалары бар жиынтықта турбиналық немесе поршеньдік авиациялық қозғалтқыштардың бірліктегі ең төменгі ұшу қуаты кемінде 550 ат күші немесе басқа бірліктердегі барабар шамада болады;
Тармақша с
с) «авиациялық объектілер» әуе кемелерінің планерлерін, авиациялық қозғалтқыштарды және тікұшақтарды білдіреді;
Тармақша d
d) «әуе кемелерінің тіркелімі» Чикаго конвенциясының мақсаттары үшін жалпы тану және тіркеу белгілерін тіркейтін мемлекет немесе өкілетті орган жүргізетін тіркелімді білдіреді;
Тармақша e
e) «әуе кемелерінің планерлері» тиісті авиациялық қозғалтқыштар орнатылғаннан кейін құзырлы авиациялық өкілетті органдар оларға:
Тармақша і
і) экипажды қоса алғанда кемінде сегіз (8) адамды, немесе
Тармақша іі
іі) барлық орнатылған, монтаждалған немесе қоса берілген керек-жарақтары, бөлшектері мен жабдықтары бар (авиациялық қозғалтқышты қоспағанда), сондай-ақ соларға қатысты барлық деректері, нұсқаулықтары мен жазбалары бар жиынтықта салмағы 2750 килограммнан аспайтын тауарларды тасымалдауға жарамдылығын куәландыратын үлгілік сертификат берілетін әуе кемелерінің планерлерін білдіреді (әскери, кеден немесе полиция қызметтері пайдаланатындардан басқа);
Тармақша f
f) «уәкілетті тарап» XIII баптың 3-тармағында айтылған тарапты білдіреді;
Тармақша g
g) «Чикаго конвенциясы» 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны оған енгізілген өзгерістерімен және оған Қосымшаларды білдіреді;
Тармақша h
h) «жалпы тану және тіркеу белгілерін тіркейтін өкілетті орган» тіркелімді Чикаго конвенциясының 77-бабына сәйкес жүргізетін және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Кеңесі 1967 жылғы 14 желтоқсанда қабылдаған ұлт және халықаралық пайдалану агенттіктерінің әуе кемелерін тіркеу туралы қарарға сәйкес құрылатын өкілетті органды білдіреді;
Тармақша і
і) «әуе кемесін тіркеуден алып тастау» әуе кемесін тіркеу туралы жазбаны Чикаго конвенциясына сәйкес авиациялық тіркелімнен алып тастауды немесе алып қоюды білдіреді;
Тармақша j
j) «кепілдіктерді қамтамасыз ету туралы шарт» кепілгер ретіндегі тұлғамен жасалған шартты білдіреді;
Тармақша k
k) «кепілгер» міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы шарттың немесе қандай да бір өзге шарттың негізінде қандай да бір міндеттемелердің кредитордың пайдасына орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепілдеме беретін немесе алғашқы талап ету бойынша кепілдік беретін, резервтегі аккредитивті немесе кредит қамтамасыз ету туралы қандай да бір құжатты шығаратын тұлғаны білдіреді;
Тармақша l
l) «тікұшақтар» ауадан ауыр болатын ұшу аппараттарын білдіреді (әскери, кеден немесе полиция қызметтері пайдаланатындардан басқа), олар негізінен ауаның күш беретін қондырғының көмегімен білікті айналдыратын, шамамен вертикалды етіп орнатылған бір немесе бірнеше негізгі винттермен өзара әрекеті есебінен ұшады және құзырлы өкілетті органдар оларға:
Тармақша і
і) экипажды қоса алғанда кемінде бес (5) адамды, немесе
Тармақша іі
іі) барлық орнатылған, монтаждалған немесе қоса берілген керек-жарақтары, бөлшектері мен жабдықтары бар (негізгі винттерді қоса алғанда), сондай-ақ соларға қатысты барлық деректері, нұсқаулықтары мен жазбалары бар жиынтықта салмағы 450 килограммнан асатын тауарларды тасымалдауға жарамдылығын куәландыратын үлгілік сертификатын береді.
Тармақша m
m) «дәрменсіздікпен байланысты оқиға»:
Тармақша і
і) дәрменсіздік бойынша рәсімдердің басталуын немесе
Тармақша іі
іі) егер кредитордың борышкерге қатысты дәрменсіздік бойынша рәсімді қозғау немесе құқықтарын қорғау амалдарын пайдалану құқығы Конвенцияға сәйкес мемлекеттің тиісті әрекеттерінің нәтижесінде тоқтатыла тұрған немесе заң бойынша іске асырылуы мүмкін емес болса, борышкердің төлемдерді тоқтата тұру жөнінде мәлімдеген ниетін немесе төлемдерді нақты тоқтата тұруын білдіреді;
Тармақша n
n) «дәрменсіздікке қатысты бастапқы юрисдикция елі» егер өзгеше дәлелденбесе, борышкердің негізгі мүдделері шоғырланған және осы мақсат үшін борышкердің заңнамада көзделген штаб-пәтерінің орналасқан жері болып есептелетін немесе, егер бар болса, борышкер тіркелген немесе құрылған Уағдаласушы Мемлекетті білдіреді;
Тармақша о
о) «тіркеу органы» Уағдаласушы Мемлекетте әуе кемелерінің тіркелімін жүргізетін және Чикаго конвенциясына сәйкес әуе кемелерін тіркеу және тіркеуден алып тастау үшін жауап беретін ұлттық өкілетті органды немесе жалпы тану және тіркеу белгілерін тіркейтін органды білдіреді;
Тармақша р
р) «тіркеу мемлекеті» әуе кемесіне қатысты ұлттық тіркеліміне әуе кемесі туралы тіркеу жазбасы енгізілетін мемлекетті немесе әуе кемелерінің тіркелімін жүргізетін, жалпы тану және тіркеу белгілерін тіркейтін өкілетті орган орналасқан мемлекетті білдіреді.
Бап ii. II бап. Конвенцияны авиациялық объектілерге қатысты қолдану
II бап. Конвенцияны авиациялық объектілерге қатысты қолдану
Тармақ 1
1. Конвенция авиациялық объектілерге қатысты осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес қолданылады.
Тармақ 2
2. Конвенция және осы Хаттама «Авиациялық объектілерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенция» деген атауға ие болады.
Тарау xvi. III Конвенцияны сатуларға қолдану
III Конвенцияны сатуларға қолдану
Егер халықаралық кепілдікті құратын немесе көздейтін келісімге сілтемелер сатып алу-сату шартына сілтемелер болса және егер халықаралық кепілдікке, шартты халықаралық кепілдікке, борышкер мен кредиторға сілтемелер тиісінше сатуға, шартты түрде сатуға, сатушы мен сатып алушыға сілтемелер болса, Конвенцияның төмендегі ережелері қолданылады:
3 және 4-баптар;
16-баптың 1-тармағының а) тармақшасы;
19-баптың 4-тармағы;
20-баптың 1-тармағы (сатып алу-сату немесе шартты түрде сату шартын тіркеуге қатысты);
25-баптың 2-тармағы (шартты түрде сатуға қатысты);
Бап 30. 30-бап.
30-бап.
Сонымен қатар, сатып алу-сату және шартты түрде сату шарттарына 1-баптың, 5-баптың, IV-VII тараулардың, 29-баптың (XIV баптың 1 және 2-тармақтарымен ауыстырылған 29-баптың 3-тармағынан басқа), X тараудың, XII тараудың (43-баптан басқа), XIII тараудың және XIV тараудың (60-баптан басқа) жалпы ережелері қолданылады.
Бап iv. IV бап. Қолдану аясы
IV бап. Қолдану аясы
Тармақ 1
1. Конвенцияның 3-бабының 1-тармағына залал келтірілмей, осы Конвенция егер мұндай тіркеу келісім жасасу кезінде қолданыста болған деп есептелген әуе кемесін тіркеу туралы келісімге сәйкес жүргізілсе, тіркеу мемлекеті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің әуе кемелері тіркелімінде тіркелген тікұшаққа немесе әуе кемесінің планеріне де қолданылады.
Тармақ 2
2. Конвенцияның 1-бабында қамтылған «ішкі мәмілені» айқындау мақсаттары үшін:
Тармақша а
а) планер өзі тиесілі болатын, әуе кемесі тіркелген мемлекетте болады;
Тармақша b
b) авиациялық қозғалтқыш өзі орнатылған әуе кемесі тіркелген мемлекетте немесе егер ол әуе кемесінде орнатылмаған болса, өзі нақты тұрған мемлекетте болады;:
Тармақша c
c) тікұшақ тиісті кепілдік соның негізінде туындайтын немесе сол бойынша көзделетін келісімді жасасу кезінде өзі тіркелген мемлекетте болады.
Тармақ 3
3. Бір-бірімен қарым-қатынастарда тараптар жазбаша түрде ресімделген келісімді жасасу жолымен IX баптың 2-4-тармақтарының ережелерін қоспағанда, осы Хаттаманың кез келген ережелерінен бас тарта алады немесе олардан шегіне алады. Жазбаша түрде келісім жасаса отырып, тараптар XI баптың қолданылуын жоюы мүмкін.
Бап v. V бап. Сатып алу-сату шарттарының формальды белгілері, салдарлары мен оларды тіркеу
V бап. Сатып алу-сату шарттарының формальды белгілері, салдарлары мен оларды тіркеу
Тармақ 1
1. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін:
Тармақша a
a) жазбаша түрде жасалған;
Тармақша b
b) сатушының билік ету құқығы бар авиациялық объектіге қатысты;
Тармақша c
c) осы Хаттамаға сәйкес авиациялық объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін шарт сатып алу-сату шарты болып табылады.
Тармақ 2
2. Сатып алу-сату шарты бойынша сатушының авиациялық объектіге қатысты кепілдігі осы шарттың талаптарына сәйкес сатып алушыға өтеді.
Тармақ 3
3. Сатып алу-сату шартын тіркеу мерзімсіз болып табылады. Шартты түрде сатуды тіркеу оның күшін жойғанға дейін немесе егер мұндай жайт көрсетілген болса, тіркеу кезінде атап көрсетілген уақыт кезеңі аяқталғанға дейін күшінде болады.
Тарау vi. VI бап. Өкілдердің өкілеттіктері
VI бап. Өкілдердің өкілеттіктері
Кез келген тұлға авиациялық объектіге қатысты келісімді жасаса алады немесе оны сатуды жүзеге асыра алады және оған қатысты халықаралық кепілдікті тіркей алады немесе мұндай объектіні агент, сенім білдірілген тұлға ретінде немесе кез келген өзге де өкілдік сипатта сатуды жүзеге асыра алады. Мұндай жағдайда бұл тұлға өзінде Конвенцияға сай құқықтар мен кепілдіктердің болуы туралы мәлімдей алады.
Бап vii. VII бап. Авиациялық объектілер сипаттамасы
VII бап. Авиациялық объектілер сипаттамасы
Жасап шығарушының сериялық нөмірін, жасап шығарушының атауын және модельдің белгіленуін қамтитын авиациялық объекті сипаттамасы Конвенцияның 7-бабы с) тармағының және осы Хаттаманың V бабының 1-тармағы с) тармақшасының мақсаттары үшін объектіні сәйкестендіруге қажетті және жеткілікті болып табылады.
Бап viii. VIII бап. Қолданылатын құқықты таңдау
VIII бап. Қолданылатын құқықты таңдау
Тармақ 1
1. Осы бап Уағдаласушы Мемлекет ХХХ баптың 1-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған жағдайда ғана қолданылады.
Тармақ 2
2. Тараптар келісімде немесе сатып алу-сату шартында немесе кепілдіктерді қамтамасыз ету туралы солармен байланысты шартта немесе міндеттемелер бағыныстылығының тәртібі туралы келісімде соларға сәйкес олардың шарттық құқықтары мен міндеттері толық немесе ішінара реттелуге тиіс құқыққа қатысты уағдаласа алады.
Тармақ 3
3. Егер өзгеше келісілмесе, алдыңғы тармақта тараптар таңдап алған құқық туралы атап көрсету аталған мемлекеттің ішкі мемлекеттік құқық нормаларына немесе егер бұл мемлекет бірнеше аумақтық бірліктен тұрса, көрсетілген аумақтық бірліктің ішкі құқығына сілтеме жасауды білдіреді.
Тарау ii. II тарау Міндеттемелерді орындамау кезінде құқықтарды қорғау тәсілдері, басымдықтар мен цессиялар
II тарау Міндеттемелерді орындамау кезінде құқықтарды қорғау тәсілдері, басымдықтар мен цессиялар
Бап ix. IX бап. Міндеттемелерді орындамау кезінде құқықтарды қорғау тәсілдері туралы ережелерді өзгерту
IX бап. Міндеттемелерді орындамау кезінде құқықтарды қорғау тәсілдері туралы ережелерді өзгерту
Тармақ 1
1. Конвенцияның III тарауында көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдеріне қосымша ретінде кредитор мұнымен борышкер қай уақытта болсын келіскен көлемде және осы тарауда көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде:
Тармақша a
a) әуе кемесін тіркеуден алып тастауды талап ете алады;
Тармақша b
b) авиациялық объектіні ол тұрған аумақтан әкетуді және физикалық тасымалдауды талап ете алады.
Тармақ 2
2. Кредитор алдыңғы тармақта көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдерін осы кредитордың тіркелген кепілдігінің алдында кезектілік тәртібімен есепте тұрған қандай да бір тіркелген кепілдікті иеленушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдаланбайды;
Тармақ 3
3. Конвенцияның 8-бабының 3-тармағы авиациялық объектілерге қолданылмайды. Конвенцияда авиациялық объектіге қатысты көзделген кез келген құқықтарды қорғау тәсілі коммерциялық тұрғыдан ақылға қонымды түрде пайдаланылады. Егер құқықтарды қорғау тәсілі мұндай ереже айқын түрде қисынсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, келісімнің қандай да бір ережесіне сәйкес қолданылса, ол коммерциялық тұрғыдан ақылға қонымды түрде пайдаланылуда деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Мүдделері тұлғаларға болжанып отырған сату немесе лизингке беру туралы жазбаша хабарламаны он немесе одан да көп жұмыс күні бұрын ұсынған кепіл ұстаушы Конвенцияның 8-бабының 4-тармағында қамтылған «ақылға қонымды мерзімде алдын ала хабарламаны ұсыну» туралы талапты қанағаттандырушы болып есептеледі. Жоғарыда айтылған ереже кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің немесе кепілгердің арасындағы алдын ала хабарламаның одан да ұзақ мерзімі туралы уағдаластыққа келуіне кедергі болмайды.
Тармақ 5
5. Уағдаласушы Мемлекеттегі тіркеу органы ұшу қауіпсіздігі саласында қолданылатын заңдар мен қағидаларды ескере отырып, егер:
Тармақша a
a) мұндай өтінішті уәкілетті тарап тіркеуден алып тастауға және әкетуге арналып тіркелген кері қайтарылмайтын өкілеттікке сәйкес тиісті түрде ұсынған болса;
Тармақша b
b) уәкілетті тарап тіркеу органына, егер мұны осы орган талап етсе, осы өкілеттік соның пайдасына берілген кредитордың тіркелген кепілдігінің алдында кезектілік тәртібімен есепте тұрған барлық тіркелген кепілдіктердің қанағаттандырылғанын немесе мұндай кепілдіктердің иеленушілері тіркеуден алып тастауға және әкетуге келіскенін растаса, объектіні тіркеуден алып тастау және әкету туралы өтінішті қанағаттандырады.
Тармақ 6
6. Әуе кемесін 1-тармаққа сәйкес, сот қаулысының негізінен өзгеше болатындай тіркеуден алып тастауды және әкетуді талап етпек болған кепіл ұстаушы ақылға қонымды мерзімдерде болжанып отырған тіркеуден алып тастау және әкету туралы алдын ала хабарламаны:
Тармақша a
a) Конвенцияның 1-бабы m) тармағының і) және іі) тармақшаларында көрсетілген мүдделі тұлғаларға;
Тармақша b
b) Конвенцияның 1-бабы m) тармағының ііі) тармақшасында көрсетілген және кепіл ұстаушыға өз құқықтары туралы тастауға және әкетуге дейін ақылға қонымды мерзімдерде хабар берген мүдделі тұлғаларға жазбаша түрде ұсынады.
Бап x. X бап. Құқықтарды қорғау жөніндегі уақытша шараларға қатысты eрежелерді өзгерту
X бап. Құқықтарды қорғау жөніндегі уақытша шараларға қатысты eрежелерді өзгерту
Тармақ 1
1. Осы бап Уағдаласушы Мемлекет XXX баптың 2-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған жағдайда ғана және сол мәлімдемеде көрсетілген көлемде қолданылады.
Тармақ 2
2. Конвенцияның 13-бабы 1-тармағының мақсаттары үшін қорғауға ие болу тұрғысынан «кідіртпей» деген сөз қорғауға алу туралы өтініш берілген күннен бастап жұмыс күні санының осындай өтініш берілген Уағдаласушы Мемлекетте жасалған мәлімдемеде көрсетілгендей болып өтуін білдіреді.
Тармақ 3
3. Конвенцияның 13-бабының 1-тармағы d) тармақшасынан кейін бірден мына мәтінді қосу арқылы қолданылады:
Тармақша е
«е) егер кез келген уақытта мұндай жайт борышкермен және кредитормен нақты келісілген болса, сату және одан түсетін ақшаны пайдалану туралы», ал 43-баптың 2-тармағы «d) тармақшасының» деген сөзден кейін «және е)» деген сөздерді қосу арқылы қолданылады.
Тармақ 4
4. Борышкердің меншік құқығы немесе алдыңғы тармаққа сәйкес сату кезінде өтетін қандай да бір өзге құқығы Конвенцияның 29-бабының ережелеріне сәйкес кредитордың халықаралық кепілдігінің оған қатысты басымдығы болатын кез келген басқа кепілдікпен ауыртпалық салудан бос болып табылады.
Тармақ 5
5. Кредитор мен борышкер немесе кез келген басқа мүдделі т9лға кез келген уақытта Конвенцияның 13-бабының 2-тармағы ережелерінің қолданылмайтыны туралы жазбаша түрде келісім жасаса алады.
Тармақ 6
6. IX баптың 1-тармағында көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдеріне қатысты айтатын болсақ, онда:
Тармақша a
a) оларды Уағдаласушы Мемлекетте тіркеу органы және қажет болғанда басқа да әкімшілік органдар кредитор осындай органдарды IX баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес немесе шетелдік сот қорғауға алған жағдайда, осындай Уағдаласушы Мемлекеттің соты оны мойындаған жағдайда қорғауға алу туралы және кредитордың Конвенцияға сәйкес осындай құқықтарды қорғау тәсілдерін алуға құқығы бар екені туралы хабардар еткен соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетеді;
Тармақша b
b) құзырлы органдар ұшу қауіпсіздігі туралы қолданыстағы заңдар мен нормативтік ережелерге сәйкес осындай құқықтарды қорғау тәсілдерін пайдалануда кредиторға жедел ынтымақтастық пен жәрдемдесуді көрсетеді.
Тармақ 7
7. 2 және 6-тармақтардың ережелері ұшу қауіпсіздігі туралы қандай да бір қолданыстағы заңдар мен нормативтік ережелерді қозғамайды.
Бап xi. XI бап. Дәрменсіздік жағдайында құқықтарды қорғау тәсілдері
XI бап. Дәрменсіздік жағдайында құқықтарды қорғау тәсілдері
Тармақ 1
1. Осы бап дәрменсіздікке қатысты бастапқы юрисдикция елі болып табылатын Уағдаласушы Мемлекет XXX баптың 3-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған жағдайларда ғана қолданылады.
А нұсқасы
Тармақ 2
2. Дәрменсіздікпен байланысты оқиға туындағаннан кейін дәрменсіздік бойынша басқарушы немесе тиісті жағдайларда борышкер 7-тармақтың ережелерін ескере отырып, авиациялық объектіні төменде тізбеленген күндердің ең ертесінен кешіктірмей, кредитордың иелігіне береді:
Тармақша a
a) кейінге қалдыру кезеңінің аяқталуы;
Тармақша b
b) осы бап қолданылмаған жағдайда, кредитордың авиациялық объектіні иелену құқығы басталатын күн.
Тармақ 3
3. Осы баптың мақсаттары үшін «кейінге қалдыру кезеңі» дәрменсіздікке қатысты бастапқы юрисдикция елі болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің мәлімдемесінде атап көрсетілген кезеңді білдіреді.
Тармақ 4
4. Осы бапта «дәрменсіздік бойынша басқарушыға» жасалған сілтемелер аталған тұлғаға жеке тұрғыдан емес, ресми тұрғыдан қатысты болады.
Тармақ 5
5. Егер кредиторға 2-тармаққа сәйкес иелену мүмкіндігі берілмесе:
Тармақша a
a) дәрменсіздік бойынша басқарушы немесе тиісті жағдайларда борышкер келісімге сәйкес авиациялық объектіні сақтайды, күтеді және құнының төмендеуіне жол бермейді;
Тармақша b
b) кредитор қолда бар қолданыстағы құқыққа сай кез келген басқа да құқықтарды қорғаудың уақытша нысанын беру жөнінде жүгінуге құқылы.
Тармақ 6
6. Алдыңғы тармақтың а) тармақшасы авиациялық объектінің сақталуын, күтілуін және құнының төмендемеуін қамтамасыз етуге бағытталғаң жағдайларда осы авиациялық объектіні пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Тармақ 7
7. Дәрменсіздік бойынша басқарушы немесе тиісті жағдайларда борышкер, егер ол 2-тармақта атап көрсетілген күнге дәрменсіздік бойынша рәсімдердің басталуымен туындайтын міндеттемелерді бұзудан басқа барлық міндеттеме бұзуларды жойса және болашақта барлық міндеттемелерді келісімге сәйкес орындауға келісімін берсе, авиациялық объектіні өзінде сақтап қала алады.
Осындай болашақ міндеттемелерді сақтамауға қатысты кейінге қалдырудың екінші кезеңі қолданылмайды.
Тармақ 8
8. IX баптың 1-тармағында көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдеріне қатысты айтатын болсақ, онда:
Тармақша a
a) оларды Уағдаласушы Мемлекетте тіркеу органы және тиісті жағдайларда әкімшілік органдар кредитор мұндай органдарды осы Конвенцияға сәйкес осындай құқықтарды қорғау тәсілдерін алуға құқығы бар екені жөнінде хабардар еткен күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетеді;
Тармақша b
b) құзырлы органдар ұшу қауіпсіздігі туралы қолданыстағы заңдар мен нормативтік ережелерге сәйкес осындай құқықтарды қорғау тәсілдерін пайдалануда кредиторға жедел ынтымақтастық пен жәрдемдесуді көрсетеді.
Тармақ 9
9. 2-тармақта көрсетілген күннен кейін Конвенцияда немесе осы Хаттамада рұқсат етілген құқықтарды қорғау тәсілдерін пайдалануда кедергілер немесе кешіктірулер жасалмайды.
Тармақ 10
10. Борышкердің келісім бойынша ешбір міндеттемелері кредитордың келісімінсіз өзгертіле алмайды.
Тармақ 11
11. Алдыңғы тармақтағы ешбір жайт, егер мұндайлар бар болса, дәрменсіздік бойынша басқарушының қолданылатын құқыққа сәйкес келісімнің қолданысын тоқтатуға арналған өкілеттіктерін қозғайтындай болып түсінілмеуге тиіс.
Тармақ 12
12. 39-баптың Д-тармағына сәйкес жасалған мәлімдемеде тізбеленген санаттардың біріне жататын шарттан тиіс құқықтардан немесе кепілдіктерден басқа ешбір құқықтардың немесе кепілдіктердің дәрменсіздік бойынша рәсімдерде тіркелген кепілдіктерге қатысты басым күші болмайды.
Тармақ 13
13. Осы Хаттаманың IX бабымен өзгертілген Конвенция осы бапқа сәйкес кез келген құқықтарды қорғау тәсілдерін пайдалану кезінде қолданылады.
В нұсқасы
Тармақ 2
2. Дәрменсіздікпен байланысты оқиға туындағаннан кейін дәрменсіздік бойынша басқарушы немесе тиісті жағдайларда борышкер кредитордың өтініші бойынша Уағдаласушы Мемлекеттің XXX баптың 3-тармағына сәйкес жасаған мәлімдемесінде көрсетілген мерзім ішінде оған:
Тармақша a
a) дәрменсіздік бойынша рәсімдердің басталуынан туындайтын міндеттемелерді бұзудан басқа барлық міндеттеме бұзуларды оның жоюы-жоймауы және келісімге және мәмілемен байланысты құжаттарға сәйкес барлық болашақ міндеттемелерді орындауға оның келісуі-келіспеуі немесе
қолданылатын құқыққа сәйкес авиациялық объектіні иелену мүмкіндігін кредиторға беруі-бермөуі жөнінде хабарлайды.
Тармақ 3
3. Алдыңғы тармақтың b) тармақшасында айтылған қолданылатын құқық сотқа кез келген қосымша шаралар қабылдауды немесе кез келген қосымша кепілдіктер ұсынуды талап етуге рұқсат бере алады.
Тармақ 4
4. Кредитор өз талаптарының дәлелін және оның халықаралық кепілдігінің тіркелгенін растауды ұсынады.
Тармақ 5
5. Егер дәрменсіздік бойынша басқарушы немесе тиісті жағдайларда борышкер 2-тармаққа сәйкес хабардар етпесе немесе егер дәрменсіздік бойынша басқарушы немесе борышкер кредиторға авиациялық объектіні иелігіне алуға мүмкіндік беретінін мәлімдеп, бірақ оны жасамаса, сот кредиторға авиациялық объектіні сот белгілейтін шарттарда иеленуге рұқсат бере алады және кез келген қосымша шаралар қабылдауды немесе кез келген қосымша кепілдіктер беруді талап ете алады.
Тармақ 6
6. Авиациялық объект сот тиісті талап қою мен халықаралық кепілдікке қатысты шешім қабылдағанға дейін сатылмайды.
Бап xii. XII бап. Дәрменсіздік жағдайында көмек көрсету
XII бап. Дәрменсіздік жағдайында көмек көрсету
Тармақ 1
1. Осы бап Уағдаласушы Мемлекет XXX баптың 1-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған жағдайда ғана қолданылады.
Тармақ 2
2. Авиациялық объект тұрған Уағдаласушы Мемлекеттің соттары осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес шетелдік соттарға және шетелдік дәрменсіздік бойынша басқарушыларға XI баптың ережелерін орындауда барынша мүмкін болатын ынтымақтастықты көрсетеді.
Бап xiii. XIII бап. Тіркеуден алып тастауға және әкетуге өкілеттік
XIII бап. Тіркеуден алып тастауға және әкетуге өкілеттік
Тармақ 1
1. Осы бап Уағдаласушы Мемлекет XXX баптың 1-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған жағдайда ғана қолданылады.
Тармақ 2
2. Егер борышкер тіркеуден алып тастауға және әкетуге арналған кері қайтарылмайтын өкілеттікті негізінен осы Хаттамаға қоса берілген нысанға сәйкес келетін нысанда берсе және тіркеу үшін мұндай өкілеттікті тіркеу органына ұсынса, бұл өкілеттік тиісті түрде тіркеледі.
Тармақ 3
3. Өзіне осындай өкілеттік берілген тұлға («уәкілетті тарап») немесе ол ресми түрде тағайындаған тұлға IX баптың 1-тармағында көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдерін пайдалануға құқылы және осы өкілеттікке және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі кез келген қолданылатын заңнамалық немесе нормативтік ережелерге сәйкес түрде ғана осылайша әрекет ете алатын дара тұлға болып табылады. Мұндай тараптың жазбаша келісімінсіз кері қайтара алмайды. Тіркеу органы уәкілетті тараптың өтініші бойынша өкілеттікті тіркелімнен алып тастайды.
Тармақ 4
4. Уағдаласушы Мемлекетте тіркеу органы және басқа да әкімшілік органдар IX бапта көрсетілген құқықтарды қорғау тәсілдерін пайдалануда уәкілетті тарапқа жедел ынтымақтастық пен жәрдемдесуді көрсетеді.
Бап xiv. XIV бап. Басымдықтар туралы ережелерді өзгерту
XIV бап. Басымдықтар туралы ережелерді өзгерту
Тармақ 1
1. Авиациялық объектіні сатып алушы тіркелген сатып алу-сату шарты бойынша осы объектіге құқықтарды кейінірек тіркелген кепілдікпен және тіркелмеген кепілдікпен салынған ауыртпалықтан бос түрінде, егер сатып алушыға мұндай тіркелмеген кепілдіктің бар екені жөнінде белгілі болса да иеленеді.
Тармақ 2
2. Авиациялық объектіні сатып алушы осы объектіге құқықтарды бұл құқықтарды иелену кезіне тіркелген кез келген кепілдікпен салынған ауыртпалық ескеріліп иеленеді.
Тармақ 3
3. Авиациялық қозғалтқышқа меншік құқығы немесе өзге де құқық немесе кепілдік оны әуе кемесіне орнату немесе одан шешіп алу нәтижесінде қозғалмайды.
Тармақ 4
4. Конвенцияның 29-бабының 7-тармағы әуе кемесінің планерінде, авиациялық қозғалтқышта немесе тікұшақта орнатылған, объектіге жатпайтын компоненттерге қолданылады.
Бап xv. XV бап. Цессия туралы ережелерді өзгерту
XV бап. Цессия туралы ережелерді өзгерту
Тармақ 1
1. Конвенцияның 33-бабының 1-тармағы b) тармақшасынан кейін мынадай мәтін қосылғандай болып қолданылады:
Тармақша с
«с) келісімнің цессияны жасасқанға дейін берілгеніне-берілмегеніне не цессионарийді нақты көрсету арқылы берілгеніне-берілмегеніне қарамастан, борышкер жазбаша түрде келісім берсе»7
Бап xvi. XVI бап. Борышкерге қатысы бар ережелер
XVI бап. Борышкерге қатысы бар ережелер
Тармақ 1
1. Конвенцияның 11-бабының мағынасында міндеттемелерді орындамау фактісі болмаған кезде борышкердің:
Тармақша a
a) борышкер құқықтарды Конвенцияның 29-бабының 4-тармағына сәйкес кепілдік ауыртпалығынан бос түрінде иеленетін жағдайда немесе егер борышкер өзгедейге келіспеген көлемде болса да, борышкер осы Хаттаманың XIV бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы ретінде шыққанда, өз кредиторына және кез келген кепілдікті иеленушіге;
Тармақша b
b) борышкердің құқықтары немесе кепілдігі Конвенцияның 29-бабының 4-тармағына сәйкес ауыртпалықты болып табылатын немесе борышкер осы Хаттаманың XIV бабының 2-тармағына сәйкес бірақ егер мұндай жайт орын алса, осындай иеленуші сонымен келіскен дәрежеде ғана сатып алушы ретінде шыққанда, кез келген кепілдікті иеленушіге қатысты объектіні келісімге сәйкес кедергісіз иелену мен пайдалану құқығы болады.
Тармақ 2
2. Конвенциядағы немесе осы Хаттамадағы ешбір жайт кредитордың келісімді қолданылатын құқыққа сәйкес осы келісімнің авиациялық объектіге қатысты болу көлемінде кез келген бұзғаны үшін жауапкершілігін қозғамайды.
Тарау iii. III тарау Авиациялық объектілерге қатысты халықаралық кепілдіктерді тіркеу жүйесіне қатысы бар ережелeр
III тарау Авиациялық объектілерге қатысты халықаралық кепілдіктерді тіркеу жүйесіне қатысы бар ережелeр
Бап xvii. XVII бап. Бақылаушы орган және Тіркеуші
XVII бап. Бақылаушы орган және Тіркеуші
Тармақ 1
1. Жылжымалы жабдық туралы конвенцияны және авиациялық хаттаманы қабылдау үшін Дипломатиялық конференция қабылдаған қарармен белгіленген халықаралық ұйым Бақылаушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер алдыңғы тармақта айтылған халықаралық ұйым Бақылаушы орган ретінде әрекет ете алмаса және оның әрекет ету ниеті болмаса, басқа Бақылаушы органды белгілеу үшін қол қойған және Уағдаласушы Мемлекеттердің конференциясы шақырылады.
Тармақ 3
3. Бақылаушы орган және оның лауазымды адамдары мен қызметшілері өздеріне қатысты халықаралық ұйым нормаларымен немесе өзге де түрде қолданылатындай сот немесе әкімшілік әрекеттерден иммунитетті пайдаланады.
Тармақ 4
4. Бақылаушы орган кандидатураларын қол қойған және Уағдаласушы Мемлекеттер ұсынған және қажетті құзыреті мен тәжірибесі бар адамдардың қатарынан сарапшылар комиссиясын құра алады және оған Бақылаушы органға өз функцияларын орындауда көмек көрсетуді тапсыра алады.
Тармақ 5
5. Бірінші Тіркеуші Халықаралық тіркелімді осы Хаттама күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы жүргізеді. Содан соң Бақылаушы орган Тіркеушіні тұрақты негізде бесжылдық мерзімге белгілейді немесе қайта белгілейді.
Бап xviii. XVIII бап. Бастапқы қағидалар
XVIII бап. Бастапқы қағидалар
Тіркеуші орган бастапқы қағидаларды олар осы Хаттама күшіне енген кезден бастап қолданыла бастайтындай етіп қабылдайды.
Бап xix. XIX бап. Ақпарат енгізудің белгіленген пункттері
XIX бап. Ақпарат енгізудің белгіленген пункттері
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекет 2-тармақтың ережелерін ескере отырып, кез келген уақытта өз аумағындағы ұйымды немесе ұйымдарды ақпаратты енгізу пункті немесе пункттері ретінде белгілей алады, олар арқылы Халықаралық тіркелімге 40-бапқа сәйкес, екі жағдайда да басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес туындайтын ұлттық кепілдік туралы хабарламаны немесе құқық немесе кепілдік туралы хабарламаны тіркеумен қатар, тіркелуге қажетті ақпарат берілуге тиіс немесе берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармаққа сәйкес жүргізілген белгілеу авиациялық қозғалтқыштарға қатысты тіркеу үшін талап етілетін ақпаратты енгізу үшін белгіленген пунктті немесе пункттерді пайдалануға жол беруі мүмкін, бірақ оны міндеттемеуі мүмкін.
Бап xx. XX бап. Тіркелімге қатысы бар ережелерді қосымша өзгерту
XX бап. Тіркелімге қатысы бар ережелерді қосымша өзгерту
Тармақ 1
1. Конвенцияның 19-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін қайталануды болдырмау үшін қажет болғанда басқа деректермен толықтырылып отыратын авиациялық объектіні жасап шығарушының атауы, оны жасап шығарушының сериялық нөмірі және модельдің белгіленуі ол үшін іздеу критерийлері болып табылады.
Мұндай қосымша ақпарат қағидаларда атап көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Конвенцияның 25-бабы 2-тармағының мақсаттары үшін және онда сипатталған мән-жайлардың болуы кезінде тіркелген шартты халықаралық кепілдіктің немесе тіркелген халықаралық кепілдіктің шартты цессиясының иеленушісі не шартты түрде сату соның пайдасына тіркелген тұлға өз өкілеттіктерінің шегінде осы тармақта көрсетілген талапты алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тіркеудің жойылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
Тармақ 3
3. Конвенцияның 17-бабы 2-тармағының h) тармақшасында айтылған алымдар Халықаралық тіркелімді құрумен, жүргізумен және реттеумен байланысты ақылға қонымды шығындардың, сондай-ақ Бақылаушы органның Конвенцияның 17-бабының 2-тармағында көзделген функцияларды атқарумен, өкілеттіктерді жүзеге асырумен және міндеттерді орындаумен байланысты ақылға қонымды шығындарының орны толтырылатындай етіп белгіленеді.
Тармақ 4
4. Халықаралық, тіркелімнің орталықтандырылған функцияларын Тіркеуші тәулік бойы жүзеге асырады және атқарады. Ақпарат енгізудің әртүрлі пункттері өз функцияларын жұмыс уақытында өздерінің тиісті аумақтарында жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Кoнвенцияның 28-бабының 4-тармағында айтылған сақтандыру немесе қаржылық кепілдіктер сомасы әрбір оқиғаға қатысты авиациялық объектінің тым болмағанда Тіркеуші орган белгілеген ең жоғары құнына тең болады.
Тармақ 6
6. Конвенциядағы ешбір жайт Тіркеуші Конвенцияның 28-бабына сәйкес олар үшін жауапты болмайтын оқиғаларды жабу үшін Тіркеушіге сақтандыруды немесе қаржылық кепілдіктерді алуға кедергі келтірмейді.
Тарау iv. ІV тарау Юрисдикция
ІV тарау Юрисдикция
Бап xxi. XXI бап. Юрисдикция туралы ережелерді өзгерту
XXI бап. Юрисдикция туралы ережелерді өзгерту
Конвенцияның 43-бабының мақсаттары үшін және Конвенцияның 42-бабын ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің соты осы мемлекет тіркеу мемлекеті болып табылған жағдайда да юрисдикцияға ие болады.
Бап xxii. XXII бап. Егеменді иммунитеттен бас тарту
XXII бап. Егеменді иммунитеттен бас тарту
Тармақ 1
1. 2-тармақтың ережелері ескеріліп, Конвенцияның 42 немесе 43-баптарында айтылған соттар юрисдикциясынан егеменді иммунитеттен бас тарту немесе Конвенцияға сәйкес қандай да бір авиациялық объектіге қатысты құқықтарды мәжбүрлеп орындатуға және кепілдіктердің сақталуына байланысты міндетті болып табылады және осындай юрисдикцияны немесе осындай мәжбүрлеп орындатуды жүзеге асырудың басқа да талаптары сақталған жағдайда, мән-жайларға қарай, юрисдикцияны жүзеге асыруға құқықтар мен мәжбүрлеп орындатуға рұқсаттар беру бөлігінде жарамды болып табылады.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармақта көзделген бас тарту жазбаша түрде ресімделуге және авиациялық объектінің сипаттамасын қамтуға тиіс.
Тарау v. V тарау Басқа конвенциялармен байланыс
V тарау Басқа конвенциялармен байланыс
Бап xxiii. XXIII бап. Әуе кемелеріне құқықтарды халықаралық мойындау туралы конвенциямен байланыс
XXIII бап. Әуе кемелеріне құқықтарды халықаралық мойындау туралы конвенциямен байланыс
Осы Конвенция 1948 жылғы 19 маусымда Женевада қол қойылған Әуе кемелеріне құқықтарды халықаралық мойындау туралы конвенцияның тарабы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекет үшін аталған Конвенцияны осы Хаттамада айқындалғандай әуе кемелеріне және авиациялық объектілерге қатысы бар бөлікте ауыстырады. Алайда, осы Конвенция қамтымайтын немесе Конвенция оларға қолданылмайтын құқықтарға немесе кепілдіктерге қатысты Женева конвенциясы ауыстырылмайды.
Бап xxiv. XXIV бап. Әуе кемелерін ескерту үшін тұтқындауға қатысы бар кейбір қағидаларды біріздендіруге арналған конвенциямен байланыс
XXIV бап. Әуе кемелерін ескерту үшін тұтқындауға қатысы бар кейбір қағидаларды біріздендіруге арналған конвенциямен байланыс
Тармақ 1
1. Осы Конвенция 1933 жылғы 29 мамырда Римде қол қойылған Әуе кемелерін ескерту үшін тұтқындауға қатысы бар кейбір қағидаларды біріздендіруге арналған конвенцияның тарабы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекет үшін аталған Конвенцияны осы Хаттамада айқындалғандай әуе кемелеріне қатысы бар бөлікте ауыстырады.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Мемлекет - жоғарыда айтылған Конвенцияның қатысушысы осы Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде өзінің осы бапты қолданбайтыны жөнінде мәлімдей алады.
Бап xxv. XXV бап. Халықаралық қаржылық лизинг туралы УНИДРУА конвенциясымен байланыс
XXV бап. Халықаралық қаржылық лизинг туралы УНИДРУА конвенциясымен байланыс
Осы Конвенция 1988 жылғы 28 мамырда қол қойылған Халықаралық қаржылық лизинг туралы УНИДРУА конвенциясын авиациялық объектілерге қатысы бар бөлікте ауыстырады.
Тарау vi. VІ тарау Қорытынды ережелер
VІ тарау Қорытынды ережелер
Бап xxvi. XXVI бап. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу
XXVI бап. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу
Тармақ 1
1. Осы Хаттама жылжымалы жабдық туралы конвенцияны және авиациялық хаттаманы қабылдау үшін 2001 жылғы 29 қазан-16 қараша аралығында Кейптаунда өткен Дипломатиялық конференцияға қатысқан мемлекеттердің 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қол қоюы үшін ашық. 2001 жылдың 16 қарашасынан кейін осы Хаттама барлық мемлекеттердің Халықаралық жеке құқықты біріздендіру институтының Римдегі Штаб-пәтерінде ол XXVIII бапқа сәйкес күшіне енгенге дейін қол қоюы үшін ашық болады.
Тармақ 2
2. Осы Хаттаманы оған қол қойған мемлекеттер ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге тиіс.
Тармақ 3
3. Осы Хаттамаға қол қоймаған кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады.
Тармақ 4
4. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу депозитарийге бұл туралы ресми құжатты сақтауға тапсыру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекет, егер ол Конвенцияның қатысушысы болып табылмаса немесе болмаған жағдайда, осы Хаттаманың қатысушысы бола алмайды.
Бап xxvii. XXVII бап. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары
XXVII бап. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары
Тармақ 1
1. Егеменді мемлекеттер құрған және осы Хаттамамен реттелетін кейбір мәселелерге қатысты құзыреті болатын кез келген өңірлік экономикалық интеграция ұйымы да осы Хаттамаға қол қоюы, оны ратификациялауы, қабылдауы, бекітуі немесе оған қосылуы мүмкін. Бұл жағдайда өңірлік экономикалық интеграция ұйымы осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты осы ұйымның құзыреті болатындай көлемде Уағдаласушы Мемлекеттің құқықтары мен міндеттемелеріне ие болады. Уағдаласушы Мемлекеттер саны осы Хаттамада релевантты болып табылатын жағдайларда өңірлік экономикалық интеграция ұйымы Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын оған мүше мемлекеттерге қосымша ретінде Уағдаласушы Мемлекет болып есептелмейді.
Тармақ 2
2. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымы қол қою, қабылдау, бекіту немесе қосылу кезінде осы Хаттама реттейтін және соларға қатысты осы ұйымға оған мүше мемлекеттердің құзыреті берілген мәселелерді көрсете отырып, депозитарийге мәлімдеме жасайды. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымы депозитарийге осы тармаққа сәйкес жасалған мәлімдемеде көрсетілген құзыреттердің аражігін ажыратудың кез келген өзгерістері туралы, оның ішінде жаңа құзыреттер беру туралы дереу хабарлайды.
Тармақ 3
3. Осы хаттамада «Уағдаласушы Мемлекетке» немесе «Уағдаласушы Мемлекеттерге» немесе «қатысушы Мемлекетке» немесе «қатысушы Мемлекеттерге» кез келген сілтеме жасау контекст талап еткенде өңірлік экономикалық интеграция ұйымына бірдей дәрежеде қатысты болады.
Бап xxviii. XXVIII бап. Күшіне ену
XXVIII бап. Күшіне ену
Тармақ 1
1. Осы Хаттама осындай құжаттарды сақтауға тапсырған мемлекеттер арасындағы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы сегізінші құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін үш ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Басқа мемлекеттер үшін осы Хаттама ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өз құжаты сақтауға тапсырылған күннен кейін үш ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
Бап xxix. XXIX бап. Аумақтық бірліктер
XXIX бап. Аумақтық бірліктер
Тармақ 1
1. Егер мемлекеттің осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты әртүрлі құқықтық жүйелер қолданылатын аумақтық бірліктері болса, ол ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу кезінде осы Хаттаманың күші оның барлық аумақтық бірліктеріне немесе олардың біреуіне немесе одан да көбіне қолданылатыны жөнінде мәлімдей алады және кез келген уақытта басқа мәлімдеме жасай отырып, бұл мәлімдемесін өзгерте алады.
Тармақ 2
2. Кез келген осындай мәлімдемеде осы Хаттама қолданылатын аумақтық бірліктер анық көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Егер Уағдаласушы Мемлекет 1-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасамаса, осы Хаттама мұндай мемлекеттің барлық аумақтық бірліктеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Уағдаласушы Мемлекет осы Хаттаманың күшін өзінің бір немесе бірнеше аумақтық бірлігіне қолданатын жағдайларда осы Хаттама бойынша жол берілетін мәлімдемелер әрбір осындай аумақтық бірлікке қатысты жасалуы мүмкін және бір аумақтық бірлікке қатысты жасалған мәлімдемелер басқа аумақтық бірлікке қатысты жасалған мәлімдемелерден өзгеше болуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Егер 1-тармаққа сәйкес мәлімдемеге байланысты осы Хаттаманың күші қандай да бір Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше аумақтық бірлігіне қолданылатын болса:
Тармақша a
a) егер ол Конвенция мен осы Хаттама қолданылатын аумақтық бірлікте қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылған немесе қалыптастырылған болса ғана немесе егер оның тіркелген мекемесі немесе заңнамада көзделген штаб-пәтері, әкімшілік орталығы, шаруашылық қызметті жүргізу орны немесе Конвенция мен осы Хаттама қолданылатын аумақтық бірлікте әдеттегі тұру орны болса ғана, борышкер Уағдаласушы Мемлекеттің бірінде тұратын болып есептеледі;
Тармақша b
b) объектінің қандай да бір Уағдаласушы Мемлекетте орналасуын көрсететін кез келген сілтеме объектінің Конвенция мен осы Хаттама қолданылатын аумақтық бірлікте орналасуын көрсетеді;
Тармақша c
c) осы Уағдаласушы Мемлекетте әкімшілік органдарға жасалған кез келген сілтеме Конвенция мен осы Хаттама қолданылатын аумақтық бірлікте юрисдикциясы бар әкімшілік органдарға жасалған сілтеме ретінде қарастырылады, ал осы Уағдаласушы Мемлекетте ұлттық тіркелімге немесе тіркеу органына жасалған кез келген сілтеме Конвенция мен осы Хаттама қолданылатын аумақтық бірлікте немесе бірліктерде юрисдикциясы бар қолданыстағы авиациялық тіркелімге немесе тіркеу органына жасалған сілтеме ретінде қарастырылады.
Бап xxx. XXX бап. Жекелеген ережелерге қатысы бар мәлімдемелер
XXX бап. Жекелеген ережелерге қатысы бар мәлімдемелер
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Мемлекет осы Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Хаттаманың VIII, XII және XIII баптардың кез келген біреуін немесе бірнешеуін қолданатыны жөнінде мәлімдей алады.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Мемлекет осы Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Хаттаманың X бабының ережелерін толық немесе ішінара қолданатыны жөнінде мәлімдей алады. Егер ол мұндай мәлімдемені X баптың 2-тармағына қатысты жасаса, онда ол талап етілетін уақыт кезеңінің ұзақтығын атап көрсетеді.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Мемлекет осы Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде X баптың А нұсқасының ережелерін толық қолданатыны немесе В нұсқасының ережелерін толық қолданатыны жөнінде мәлімдей алады және мұндай жағдайда, егер ондайлар бар болса, ол A нұсқасының ережелерін қолданатын дәрменсіздік бойынша рәсімдердің түрлерін және егер ондайлар бар болса, ол В нұсқасының ережелерін қолданатын дәрменсіздік бойынша рәсімдердің түрлерін көрсетеді. Осы тармаққа сәйкес мәлімдеме жасайтын Уағдаласушы Мемлекет XI бапқа сәйкес талап етілетін уақыт кезеңінің ұзақтығын атап көрсетеді.
Тармақ 4
4. Уағдаласушы Мемлекеттердің соттары дәрменсіздікке қатысты бастапқы юрисдикцияны жүзеге асыратын Уағдаласушы Мемлекет жасаған мәлімдемеге сәйкес XI бапты қолданады.
Тармақ 5
5. Уағдаласушы Мемлекет осы Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде XXI баптың ережелерін толық немесе ішінара қолданбайтыны жөнінде мәлімдей алады. Мұндай мәлімдемеде, егер тиісті бап ішінара қолданылатын болса, оның қандай шарттарда қолданылатыны немесе керісінше жағдайда уақытша сот қорғауының басқа қандай нысандары қолданылатыны көрсетіледі.
Бап xxxi. XXXI бап. Конвенцияға сәйкес мәлімдемелер
XXXI бап. Конвенцияға сәйкес мәлімдемелер
Конвенцияның 39, 40, 50, 53, 54, 55, 57, 58 және 60 баптарына сәйкес жасалған мәлімдемелерді қоса алғанда, Конвенцияға сәйкес жасалған мәлімдемелер, егер өзгеше көрсетілмесе, осы Хаттамаға да сәйкес жасалған мәлімдемелер ретінде қарастырылады.
Бап xxxii. XXXII бап. Ескертпелер мен мәлімдемелер
XXXII бап. Ескертпелер мен мәлімдемелер
Тармақ 1
1. Осы Хаттамаға қатысты ешбір ескертпелер жасалмайды, алайда XXIV, XXIX, XXX, ХХХІ, XXXIII және ХХХІV баптармен рұқсат етілген мәлімдемелер осы баптардың ережелеріне сәйкес жасалуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Кез келген мәлімдеме немесе кейіннен жасалатын мәлімдеме туралы немесе осы Хаттамаға сәйкес жасалған мәлімдемені кез келген кері қайтарып алу туралы депозитарий жазбаша түрде хабардар етіледі.
Бап xxxiii. XXXIII бап. Кейіннен жасалатын мәлімдемелер
XXXIII бап. Кейіннен жасалатын мәлімдемелер
Тармақ 1
1. Кез келген қатысушы Мемлекет өзі үшін осы Хаттама күшіне енген күннен кейін кез келген уақытта ол жөнінде депозитарийді хабардар ете отырып, Конвенцияның 60-бабына сай XXXI бапқа сәйкес жасалған мәлімдемеден басқа кейіннен мәлімдеме жасай алады.
Тармақ 2
2. Осындай кез келген кейіннен жасалған мәлімдеме депозитарий хабарламаны алған күннен кейін алты ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді. Егер хабарламада осы мәлімдеменің күшіне енуінің неғұрлым ұзақ кезеңі атап көрсетілсе, ол депозитарий хабарламаны алғаннан кейін осындай неғұрлым ұзақ кезең өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Алдыңғы тармақтардың ережелеріне қарамастан, осы Хаттама мұндай кейіннен жасалған мәлімдемелер осындай кез келген кейіннен жасалған мәлімдеме күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жасалмағандай болып қолданыла береді.
Бап xxxiv. XXXIV бап. Мәлімдемелерді кері қайтарып алу
XXXIV бап. Мәлімдемелерді кері қайтарып алу
Тармақ 1
1. Осы Хаттамаға сәйкес Конвенцияның 60-бабына сай XXXI бапқа сәйкес жасалған мәлімдемеден басқа мәлімдеме жасаған кез келген қатысушы Мемлекет депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп, оны кез келген уақытта кері қайтарып алуы мүмкін. Мұндай кері қайтарып алу депозитарий хабарламаны алған күннен кейін алты ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Алдыңғы тармақтардың ережелеріне қарамастан, осы Хаттама мәлімдемені мұндай кері қайтарып алу кез келген осындай кері қайтарып алу күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жүргізілмегендей болып қолданыла береді.
Бап xxxv. XXXV бап. Күшін жою
XXXV бап. Күшін жою
Тармақ 1
1. Кез келген қатысушы Мемлекет депозитарийді жазбаша хабардар ете отырып, осы Хаттаманың күшін жоя алады.
Тармақ 2
2. Кез келген мұндай күшін жою Депозитарий хабарламаны алған күннен кейін он екі ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Алдыңғы тармақтардың ережелеріне қарамастан, осы Хаттама мұндай күшін жою кез келген осындай күшін жою күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жүргізілмегендей болып қолданыла береді.
Бап xxxvi. XXXVI бап. Ревизиялық конференциялар, түзетулер және солармен байланысты мәселелер
XXXVI бап. Ревизиялық конференциялар, түзетулер және солармен байланысты мәселелер
Тармақ 1
1. Депозитарий Бақылаушы органмен кеңесе отырып, жыл сайын немесе мұны мән-жайлар талап еткенде қатысушы Мемлекеттер үшін осы Хаттамамен өзгертілген Конвенция құрған халықаралық режимнің іс жүзінде жұмыс істеу тәсіліне қатысты баяндамаларды дайындайды. Осындай баяндамаларды дайындау кезінде депозитарий Бақылаушы органның халықаралық тіркеу жүйесінің жұмыс істеуіне қатысы бар баяндамаларын ескереді.
Тармақша 2
2) Қатысушы Мемлекеттердің кемінде жиырма бес пайызының өтініші бойынша депозитарий Бақылаушы органмен кеңесе отырып, мынадай мәселелерді:
Тармақша а
а) осы Хаттамамен өзгертілген Конвенция іс жүзінде орындалуын және соның ережелерімен қамтылатын авиациялық объектілерді активтермен қамтамасыз етілген қаржыландыруға және олардың лизингіне жәрдемдесу ісіндегі оның тиімділігін;
Тармақша b
b) осы Хаттаманың және қағидалардың ережелерін сот ісі тұрғысынан түсіндіру мен қолдануды;
Тармақша c
c) Бақылаушы органның баяндамаларын ескере отырып, халықаралық тіркеу жүйесінің жұмыс істеуін, Тіркеушінің жұмысын және оның Бақылаушы орган тарапынан қадағалануын;
Тармақша d
d) осы Хаттаманы немесе халықаралық тіркеу жүйесін қандай да бір өзгертудің орындылығын қарау үшін қатысушы Мемлекеттердің ревизиялық конференцияларын оқтын-оқтын шақырып отырады.
Тармақ 3
3. Осы Хаттамаға кез келген түзетуді алдыңғы тармақта айтылған конференцияға қатысатын қатысушы Мемлекеттердің тым болмағанда үштен екісі көпшілік болып бекітеді және ол сегіз мемлекет осындай түзетудің күшіне енуіне қатысы бар XXVIII баптың ережелеріне сәйкес ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен жағдайда, оны ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен мемлекеттерге қатысты күшіне енеді.
Бап xxxvii. XXXVII бап. Депозитарий және оның функциялары
XXXVII бап. Депозитарий және оның функциялары
Тармақ 1
1. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттар осы арқылы депозитарий болып белгіленетін Халықаралық жеке құқықты біріздендіру институтына (УНИДРУА) сақтауға тапсырылады.
Тармақ 2
2. Депозитарий:
Тармақша а
а) барлық Уағдаласушы Мемлекеттерге:
Тармақша і
і) тиісті күндері көрсетіле отырып, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатқа әрбір жаңа қол қою немесе осындай құжатты әрбір жаңа сақтауға тапсыру туралы;
Тармақша іі
іі) осы Хаттаманың күшіне енген күні туралы;
Тармақша ііі
ііі) тиісті күндері көрсетіле отырып, осы Хаттамаға сәйкес жасалған әрбір мәлімдеме туралы;
Тармақша iv
iv) тиісті күндері көрсетіле отырып, кез келген мәлімдемені кері қайтарып алу немесе өзгерту туралы;
Тармақша v
v) тиісті күні және күшін жоюдың күшіне енген күні көрсетіле отырып, осы хаттаманың күшін жою туралы хабардар ету жөнінде хабарлайды;
Тармақша b
b) барлық Уағдаласушы Мемлекеттерге осы Хаттаманың расталған түпнұсқалы көшірмелерін жібереді;
Тармақша c
c) Бақылаушы органға және Тіркеушіге ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттың сақтауға тапсырылған күнін көрсете отырып әрбір осындай құжаттың көшірмесін, әрбір мәлімдеменің немесе мәлімдемені кері қайтарып алудың немесе мәлімдемені өзгертудің көшірмесін және күшін жою туралы хабарламаның күнін көрсете отырып, әрбір осындай хабарламаның көшірмесін соларда қамтылған ақпарат жалпыға қолжетімді болатындай етіп береді;
Тармақша d. ТІРКЕУДЕН АЛЫП ТАСТАУҒА ЖӘНЕ ӘКЕТУГЕ АРНАЛҒАН КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛЫНБАЙТЫН ӨКІЛЕТТІК НЫСАНЫ
d) депозитарийлер үшін әдеттегі болып табылатын басқа функцияларды да орындайды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік беріліп, төменде қол қойған өкілетті өкілдер осы Хаттамаға қол қойды.
Екі мың бірінші жылғы қараша айының он алтысы күні Кейптаунда орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде жалғыз түпнұсқа данада ЖАСАЛДЫ әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады, ол мұндай теңтүпнұсқалылыққа Конференцияның бірлескен хатшылығы Конференция Төрағасының өкілеттіктері шеңберінде осында көрсетілген күннен бастап тоқсан күн ішінде оларды бір-біріне сәйкес келтіру тұрғысынан тексергеннен кейін ие болады.
Қосымша
ТІРКЕУДЕН АЛЫП ТАСТАУҒА ЖӘНЕ ӘКЕТУГЕ АРНАЛҒАН КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛЫНБАЙТЫН ӨКІЛЕТТІК НЫСАНЫ
XIII бапта сілтеме жасалатын қосымша
[Күні]
Кімге: [тіркеу органының атауы]
Мазмұны: тіркеуден алып тастауға және әкетуге арналған кері қайтарып алынбайтын өкілеттік.
Төменде қол қойған тұлға тіркелген, [пайдаланушы] [иеленуші] болып табылады* [әуе кемесінің планерін/тікұшақты жасап шығарушының атауы және модельдің нөмірі], жасап шығарушының сериялық нөмірі берілген [жасап шығарушының сериялық нөмірі] және тіркеу [нөмірі] [белгісі] [тіркеу нөмірі/белгісі] (барлық орнатылған, монтаждалған немесе қоса берілген керек-жарақтары, бөлшектері мен жабдықтары бар жиынтықта - «әуе кемесінің»). Осы құжат төменде қол қойған тұлға Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманың XIII бабының ережелеріне байланысты [кредитордың атауы] («уәкілетті тараптар») пайдасына берген тіркеуден алып тастауға және әкетуге арналған кері қайтарып алынбайтын өкілеттік болып табылады.
Көрсетілген бапқа сәйкес төменде қол қойған тұлға осы арқылы:
Тармақша і
і) уәкілетті тарап немесе осы тарап белгілеген тұлға:
Тармақша а
а) 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның III тарауының мақсаттары үшін [тіркеу органының атауы] жүргізетін [әуе кемелері тіркелімінің атауы] әуе кемесін тіркеуден алып тастауды қамтамасыз етуге;
Тармақша b
b) әуе кемесінің [елдің атауы] физикалық орын ауыстыруын қамтамасыз етуге;
Тармақша іі. Қазақстан Республикасының Авиациялық Хаттаманың мақсаттарына арналған мәлімдемелері
іі) төменде қол қойған тұлғаның келісімінсіз жазбаша талап ету бойынша уәкілетті тарап немесе осы тарап белгілеген түлғаның жоғарыда і) тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жасауы мүмкін екенін және мұндай талап қойылғаннан кейін [елдің атауы] өкілетті органдары осындай іс-әрекеттерді тез арада аяқтау мақсатында уәкілетті тараппен ынтымақтасатынын растауға құқығы бар дара тұлға болып табылатынын мойындауды сұрайды.
Уәкілетті органның осы құжатта белгіленген құқықтарын төменде қол қойған тұлға уәкілетті тараптың жазбаша келісімінсіз кері қайтарып ала алмайды.
* Ұлттық тиесілігін тіркеудің тиісті критерийін көрсететін терминді таңдау.
Құжаттың төменгі бөлігінде сол үшін бөлінген тұста тиісті жазба енгізу және осы құжатты [тіркеу органының атауы] беру арқылы осы сұрау салумен және оның шарттарымен келісетініңізді растауды сұраймын.
[Пайдаланушының/иеленушінің атауы]
____________________________________
Келісілді және берілді [Қол қойған адамның тегі]
[Күні] [Қол қойған адамның лауазымы]
____________________________________
[Тиісті адресатты көрсету]
Қосымша
Қазақстан Республикасының Авиациялық Хаттаманың мақсаттарына арналған мәлімдемелері
№ 19 нысан. VIII бапқа қатысты ХХХ(1) бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы өзінің VIII бапты қолданатынын мәлімдейді.
№ 21 нысан. X бапқа қатысты соңғысының ережелерін толықтай қолдануды көздейтін ХХХ(2) бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы X бапты толықтай қолданатынын, және Х(2) көрсетілген шекті мерзімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын жұмыс күндерінің саны
(A) Конвенцияның 13(1)(а), (b) және (с) баптарында белгіленген шараларға қатысты (авиациялық объектілерді сақтау және олардың құны туралы; авиациялық объектілерді иелікке, бақылауға немесе сақтауға беру туралы; авиациялық объектілердің орналасқан жерін өзгертуге тыйым салу туралы) күнтізбелік 10 (он) күннен аспауы тиіс екенін;
(B) Конвенцияның 13(l)(d) және (е) баптарында белгіленген шараларға қатысты (авиациялық объектіні лизингіге немесе, а)-с) тармақшаларымен қамтылатын тармақтарды қоспағанда, көрсетілгеннен табыс алумен басқаруға беру туралы) - күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы тиіс екенін мәлімдейді.
№ 23 нысан. А Нұсқасын дәрменсіздік жөніндегі рәсімдердің барлық түрлеріне толықтай қолдануды көздейтін XI бапқа қатысты ХХХ(3) бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы XI бапты, А Нұсқасын дәрменсіздік жөніндегі рәсімдердің барлық түрлеріне толықтай қолданатынын және осы Нұсқаның ХІ(3) бабының мақсаттары үшін күту мерзімі күнтізбелік 60 (алпыс) күндерді құрайтынын мәлімдейді.
№ 26 нысан. XII бапқа қатысты ХХХ(1) бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы өзінің XII бапты қолданатынын мәлімдейді.
№ 27 нысан. XIII бапқа қатысты ХХХ(1) бап бойынша мәлімдемелер:
Қазақстан Республикасы өзінің XIII бапты қолданатынын мәлімдейді.
Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманың мемлекеттік тілдегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінімен тең түпнұсқалы.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігінің
Құжаттамалық қамтамасыз ету және
мемлекеттік тілді дамыту
департаментінің директоры
Е. Наурызбаева