Көше атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және 2012 жылғы 3 ақпандағы Аққу ауылының тұрғындары жиынының хаттамасына сәйкес, Лебяжі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аққу ауылындағы "Береговая" көшесі "Қайырбай Абетов" атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.