Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 41 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағындағы қалалық көлік қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобиль тасымалдауына жолаушының бір реттік жол жүру ақысы 80 (сексен) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.