Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 237 бұйрығымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Тұрғын үй комиссиясы) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй беретін жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан (орталық мемлекеттік органдарда кемінде жеті), оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), уәкілетті органның өкілдерінен және тұрғын үй комиссиясының хатшысынан қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);
аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);
уәкілетті органның өкілдері.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.
Мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басқарады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы не мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй комиссиясының функцияларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) жалдау (қосымша жалдау), жекешелендіру тәртібінде меншігіне тұрғын үй алу не бұдан бұрын жалға (қосымша жалға берілген) берілген тұрғын үйді ауыстыру үшін өтініш берген үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету,
Тармақша 2
2) үміткерлер ұсынған құжаттарды тексеру;
Тармақша 3
3) үміткерлер ұсынған құжаттарды қарау;
Тармақша 4
4) үміткердің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдау не үміткерге дәлелді бас тарту туралы шешім шығару;
Тармақша 5
5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасау сұрағын қарастыру;
Тармақша 6
6) тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау (жергілікті атқарушы органдар үшін) сұрағын қарастыру;
тұрғын үйді жекешелендірген кезде оның құнын төлеуге шот ұсыну (жергілікті атқарушы органдар үшін);
Тармақша 8
8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемнің мөлшерін анықтау;
Тармақша 9
9) жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына (орталық мемлекеттік органдар және мемлекеттік кәсіпорындар үшін) ауыстыруды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) үміткерлердің істерін (материалдардың) сақтау және жүргізу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан үміткерлер және олардың жылжымайтын мүліктері туралы ақпарат сұрау;
Тармақша 12
12) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың комиссияның құрамына кірмейтін өкілдерін тарту;
Тармақша 13
13) үміткерлерден түсінік алу.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй комиссияның қызметін қамтамасыз ету
3. Тұрғын үй комиссияның қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 8
8. Тұрғын үй комиссиясы, отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, отырысты айына кемінде бір рет өткізеді.
Тармақ 9
9. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Тармақ 10
10. Тұрғын үй комиссиясының шешіміне Тұрғын үй комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері Тұрғын үй комиссиясының шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Шешім әрбір үміткер бойынша жеке қабылданады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жүргізеді. Хаттамаға Тұрғын үй комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй комиссиясы хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелерінің өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша баяндауға және оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы хаттамада белгіленеді.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды.
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметін тоқтату
4. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 16
16. Тұрғын үй комиссиясы өзінің қызметін уәкілетті орган тараған немесе қайта құрылған кезде тоқтатады.