О присвоении наименований улицам сел Быково, Богатырево и поселения Ново-Калиновск Малеевского сельского округа Зыряновского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Малеевка селолық округінің Быково, Богатырев ауылдарының, Ново-Калиновск елді мекенінің көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Быково, Богатырево ауылдарының, Ново-Калиновск елді мекенінің тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Малеевка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Быково ауылындағы Быково өзенінің ар жағындағы атауы жоқ көшеге - Заречная; Быково ауылындағы Быково өзенінің сол жағындағы Заречная көшесіне қатар жатқан атауы жоқ көшеге - Зеленая; Быково ауылындағы Зеленая көшесімен қатар ауылдың солтүстік батысына қарай орналасқан атауы жоқ көшеге - Школьная; Быково ауылындағы Школьная көшесімен қатар ауылдың солтүстік батысына қарай орналасқан атауы жоқ көшеге - Мараловод; Быково ауылындағы шығыстан батысқа қарай Бұқтырма өзеніне перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге - Лесхозная; Быково ауылындағы оңтүстіктен солтүстікке қарай Лесхозная көшесіне перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге - Центральная; Быково ауылындағы шығыстан батысқа қарай Центральная көшесіне перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге – Окраинная; Богатырево ауылындағы батыстан шығысқа қарай Бұқтырма өзенінің ағысымен орналасқан атауы жоқ көшеге – Боровая; Богатырево ауылындағы ауылдың солтүстігінен батысқа қарай атауы жоқ көшеге – Центральная; Богатырево ауылындағы ауылдың солтүстігінен оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ көшеге – Солнечная; Богатырево ауылындағы ауылдың оңтүстігінен солтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ көшеге – Молодежная; Богатырево ауылындағы ауылдың оңтүстігінен солтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ көшеге - Прохладная; Богатырево ауылындағы ауылдың оңтүстік-шығысына қарай орналасқан атауы жоқ көшеге – Заречная; Ново-Калиновск ауылындағы аты жоқ көшесіне – Центральная атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.