О внесении изменений и дополнений в законы Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и "О торговом мореплавании" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
3-бапта:
бірінші бөліктегі «халықаралық мәртебесі бар теңіз порттары,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».
Тармақ 2
2. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж,, № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж. № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
Тармақша 1
1) 4-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акциямен төлеуге беру қағидаларын бекіту;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар (теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын әзірлеу;
2-2) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;
Тармақша 2
2) 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».
Бап 2
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.