О наименовании улиц Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерді атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, қалалық ономастикалық комиссиясының 2012 жылғы 30 мамырдағы қорытындысына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) 14 тұрғын ауданындағы: № 1 – Ы. Алтынсарин атындағы көше; № 2 – Б. Майлин атындағы көше; № 3 – Г. Гребенщиков атындағы көше; № 4 – Ә. Шәріпов атындағы көше; № 5 – Б. Рейш атындағы көше; № 6 – Ә. Байбатчин атындағы көше;
Тармақша 2
2) А.С. Куленовтің атындағы 16 тұрғын ауданындағы: № 1 – В. Шаров атындағы көше; № 2 – Г. Флейтлих атындағы көше;
Тармақша 3
3) 17 тұрғын ауданындағы: № 1 – Б. Момышұлы атындағы көше;
Тармақша 4
4) 18 тұрғын ауданындағы: № 1 – Е. Курдаков атындағы көше; № 2 – Ә. Нұршайықов атындағы көше; № 3 – Н. Алексеенко атындағы көше;
Тармақша 5
5) 19 тұрғын ауданындағы: № 1 – Көкжал Барақ атындағы көше; № 2 – Ю. Уәлиев атындағы көше;
Тармақша 6
6) 22 тұрғын ауданындағы: № 1 – І. Жәнсүгіров атындағы көше; № 2 – Ш. Құдайбердиев атындағы көше; № 3 – М. Мәметова атындағы көше; № 4 – С. Торайғыров атындағы көше; № 5 – М. Жұмабаев атындағы көше; № 6 – Ж. Аймауытов атындағы көше; № 7 – Ш. Уәлиханов атындағы көше; № 8 – Ә. Бөкейханов атындағы көше; № 9 – Ә. Қашаубаев атындағы көше; № 10 – Р. Қошқарбаев атындағы көше; № 11 – С. Мұқанов атындағы көше;
Тармақша 7
7) 23 тұрғын ауданындағы: № 1 – Б. Павлов атындағы көше; № 2 – Ж. Алдабергенов атындағы көше; № 3 – Д. Парий атындағы көше; № 4 – Г. Молодов атындағы көше; № 5 – А. Сумин атындағы көше; № 6 – Н. Шарабарин атындағы көше.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке және Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, бюджет және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.А. Құрманғалиев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.