О переименовании улицы в селе Шолпан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шолпан ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Шолпан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шолпан ауылындағы Ленин көшесінің атауы – Зейнел-Ғабиден Құлахметов көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Жапековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.