Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих стоматологическую помощь Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 397 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Тарау 1. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы осы ереже Қазақстан Республикасының ересектері мен балаларына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының міндетін, қызметін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.
Тармақ 2
2. Стоматологиялық ұйымдар ересектер мен балаларға клиникалық хаттамалардың негізінде қазіргі заманға медициналық технологияларды пайдалана отырып, стоматологиялық науқастардың профилактикасына, диагностикасын емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында амбулаториялық-емханалық және стационарлық нысандарды мамандандырылған көмек көрсету үшін құрылады.
Тармақ 3
3. Стоматологиялық ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Стоматологиялық ұйымдар дербес ұйым (стоматологиялық емхана (орталық)) ретінде немесе көп бейінді медициналық ұйымның құрамындағы құрылымдық бөлімше ретінде құрылады.
Тарау 2. 2. Стоматологиялық көмек көрсететін ұйымның құрылымы
2. Стоматологиялық көмек көрсететін ұйымның құрылымы
Тармақ 5
5. Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымға:
Тармақша 1
1) стоматологиялық емхана (орталық);
Тармақша 2
2) стоматологиялық бөлімше (кабинет);
Тармақша 3
3) медициналық пунктің; фельдшерлік – акушериялық пунктің; медициналық денсаулық орталығының; білім беру ұйымдарының; денсаулық сақтаудың көп бейінді ұйымдарының құрамында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті.
Тарау 3. 3. Стоматологиялық емхана (орталық)
3. Стоматологиялық емхана (орталық)
Тармақ 6
6. Стоматологиялық емхананың (орталықтың) құрылымы өзіне:
Тармақша 1
1) стоматологиялық ауруларды профилактикалау кабинетін (қарау кабинеті);
Тармақша 2
2) пародонтология және ауыздың сілекейлі қабығын емдеу кабинеттері бар терапиялық стоматология бөлімшелерін;
Тармақша 3
3) хирургиялық стоматология бөлімшелерін (кабинет);
Тармақша 4
4) ортодонтия бөлімдерін (кабинет);
Тармақша 5
5) білім беру мекемелерінде балаларға стоматологиялық көмек көрсететін емдеу профилактикалық бөлімшені;
Тармақша 6
6) қосалқы бөлімшелерді (рентологиялық, физиотерапиялық кабинеттер, тіркеу бөлімі және т.б.);
Тармақша 7
7) орталықтандырылған зарарсыздандыруды;
Тармақша 8
8) техникалық қызметті;
Тармақша 9
9) медициналық статистика кабинетін;
Тармақша 10
10) әкімшілік-шаруашылық бөлімін қамтиды.
Тармақ 7
7. Стоматологиялық емхананың қызметі:
Тармақша 1
1) стоматологиялық науқастарға амбулаторлық жағдайда нақтама қою, емдеу және алдын алуды денсаулық сақтау саласының өкілетті ұйымы ұсынған, клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика мен ем жүргізу;
Тармақша 2
2) стоматологиялық аурулардың қараусыз қалған түрлерін жіктеу және себебін талдау;
Тармақша 3
3) стоматологиялық науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама;
Тармақша 4
4) стоматологиялық аурумен ауыратын науқасқа диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) профилактикалық жұмыс;
Тармақша 6
6) ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмыс: стоматологиялық бөлімшенің (кабинеттің), стоматологиялық ауруларды профилактикалау кабинетінің қызметіне ұйымдастырушылық - әдістемелік көмек; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келесі есептік кезеңдегі айдың 5-не дейінгі мерзімде жарты жылдық және жылдық есепті ұсына отырып стоматологиялық науқастардың есебі; стоматологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу және оңалту мәселелерінде дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу; саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп халық арасында бірлескен санитариялық – ағарту жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 7
7) амбулаториялық жағдайда стоматологиялық ауруларды тегін емдеуге арналған қаражатты тиімді жұмсаудың мониторингі және талдауы.
Тармақ 8
8. Стоматологиялық клиникалар тиісті медициналық университеттердің, дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының кафедрасының клиникалық, оқу базасы, сондай-ақ медициналық колледж студенттерінің өндірістік практикалық базасы болып табылады.
Тарау 4. 4. Стоматологиялық бөлімше (кабинет)
4. Стоматологиялық бөлімше (кабинет)
Тармақ 9
9. Стоматологиялық бөлімше (кабинет) (бұдан әрі – Бөлімше/кабинет) амбулаториялық – емханалық көп бейінді стационарлық көмекті көрсететін медицина ұйымының немесе оқушыларының саны 800 адамнан кем емес білім беру ұйымдарының базасында құрылады.
Тармақ 10
10. Бөлімше/кабинет қызметі:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласының өкілетті ұйымы ұсынған, клиникалық хаттамаларға сәйкес консультативтік және емдеу-диагностикалық үдерісті ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тіс-жақ-бет кемістіктері, қисаюы және олардың дамуына алғышарттары, тіс сыртының және тіс қатарларының кемістіктері, тістің қатты тіндерінің және ауыз қуысы сілекейлі қабығының патологиялары бар бұдан бұрын айқындалған тұлғаларды одан әрі стоматологиялық емханадағы (орталықтағы) түрде жіберу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық және медициналық көмек көрсету.
Тарау 5. 5. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті
5. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті
Тармақ 11
11. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті медициналық пункттерде, фельдшерлік–акушериялық пункттерде, медициналық денсаулық орталықтарында, оқушыларының саны 800 адамнан кем білім беру ұйымдарында, сондай-ақ стоматологиялық бөлімше (кабинет) жоқ көп бейінді медициналық ұйымдардың құрамында ұйымдастырылады.
Тармақ 12
12. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінің қызметі:
Тармақша 1
1) ауыз қуысының гигиенасына үйретуді;
Тармақша 2
2) профилактикалық жеке құралдарды таңдауды;
Тармақша 3
3) тістерді гелдермен, лактармен, суспензиялармен фторлауды (оның ішінде терең) және минералдауды;
Тармақша 4
4) фиссур герметизациясы;
Тармақша 5
5) ауыз қуысының және тіс жақ жүйесінің патологиясы бар балаларды және жасөспірімдерді стоматолог дәрігерге жіберуді;
Тармақша 6
6) ата-аналардың және балалардың арасында стоматологиялық саулық мәселелері бойынша санитариялық – ағарту жұмыстарын қамтып дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінде дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек көрсетуді тіс гигиенаисті, немесе «Тіс гигиенаисті» мамандығы бойынша арнайы қайта даярлаудан өткен және тиісті маман сертификаты бар орта буын медицина қызметкері жүргізеді.