Об утверждении Инструкции "О порядке восстановления документов об окончании высших и средних специальных учебных заведений" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы құжаттарды қалпына келтіру туралы Нұсқауды бекіту туралы Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Білім комитеті ұсынған жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы құжаттарды қалпына келтіру тәртібі туралы Нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Білім комитетіне (Ахметов Ә.Қ.) осы Нұсқау жоғары және арнаулы орта оқу орындарына мағлұмат етілсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Е.М. Арынға жүктелсін.
Басқа 4. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы құжаттарды қалпына келтіру туралы Нұсқау
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 2 наурыз N 84 бұйрығына 1-қосымша Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы құжаттарды қалпына келтіру туралы Нұсқау
Тармақ 1
1. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы дипломын жоғалтқан немесе кезінде алмаған тұлғалар, өзінің білімі туралы құжатын қалпына келтіру үшін өзі, бітірген оқу орнына өтініш береді.
Тармақ 2
2. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы дипломның дубликаты бір рет қана беріледі. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы құжатын қайта жоғалтқанда диплом орнына куәлік беріледі.
Тармақ 3
3. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы жоғалған және кезінде алмаған дипломдардың орнына дубликаттар немесе куәліктер оқу орнының архивіне өтініш иесінің сол оқу орнын бітіргендігін куәландыратын келесі құжаттардың бірі болғанда беріледі:
Тармақша а
а) оқу жоспарын орындағандығы туралы құжаттық мәліметтер;
Тармақша б
б) Мемлекеттік біліктілік (емтихан) комиссиясы мәжілісінің хаттамасы;
Тармақша в
в) оқу орны ректорының (директорының) жас мамандардың бітіруі туралы бұйрығы;
Тармақша г
г) диплом беру туралы кітап жазбасы;
Тармақша д
д) оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа жіберілгендігі туралы жолдама;
Тармақша ж
ж) жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын өтініш иесінің бітіргендігін анықтайтын басқа да құжаттар. Өтініш иесінің жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіргендігін анықтайтын, дипломның дубликатын немесе куәлік беруге негіз болатын барлық құжаттар осы оқу орнын бітірушілердің жеке іс қағаздарымен бірдей сақталады. 📌 Ескерту. Оқу орнын бітірушілермен бірге топ болып түскен суреттер, сонымен бірге тағы да жанама материалдар жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіргендігін растайтын құжаттар орнына қабылданбайды.
Тармақ 4
4. Дипломның дубликатына дипломның дубликаты берілген жылы бекітілген Мемлекеттік біліктілік (емтихан) комиссиясының төрағасы, сонымен оқу орнының ректоры (директоры) және Мемлекеттік біліктілік (емтихан) комиссиясының хатшысы қол қоюлары керек. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы куәлікке оқу орнының ректоры (директоры) және оқу бөлімінің хатшысы қол қоюлары керек.
Тармақ 5
5. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы дипломның орнына дипломның дубликатын немесе куәлікті оқу орнының проректоры (директордың орынбасары) береді.
Тармақ 6
6. Жоғары немесе арнаулы оқу орны таратылған жағдайда жоғалған дипломның орнына дипломның дубликатын министрліктің Білім комитетінің (оқу орындары бөлімінің), таратылған оқу орны қарамағында болған ведомствоның, облыстық білім басқармасының (департаментінің) нұсқауы бойынша сол министрліктің, ведомствоның, облыстық білім басқармасының департаментінің немесе сол оқу орнының құжаттық материалдары сақтауға берілген тиісті мемлекеттік архивтің өтініш иесінің жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіргендігін куәландыратын анықтама негізінде беріледі.
Тармақ 7
7. Оқу орны және оқу орны қарамағында болған министрліктің Білім комитеті (оқу орындары бөлімі), ведомстволар, облыстық білім басқармасы (департаменттері) таратылған жағдайда жоғалған дипломның орнына дубликатты таратылған мекеменің құқығын иеленуші болып табылатын министрліктің Білім комитетінің (оқу орындары бөлімінің), ведомствоның, облыстық білім басқармаларының (департаменттерінің) нұсқауы бойынша, осы нұсқаудың 3-ші бабында тізілген архивтік құжаттар негізінде беріледі.
Тармақ 8
8. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында белгіленген үлгіде берілетін дипломның дубликаттарын және куәліктерді тіркеу ерекше кітап арқылы ресімделеді:
Тармақша а
а) реттік тіркеу нөмірі;
Тармақша б
б) құжаттың нөмірі және берілген күні;
Тармақша в
в) құжатты алған тұлғаның фамилиясы, аты жөні;
Тармақша г
г) өтініш иесінің бітірген жоғары немесе арнаулы оқу орнының аты;
Тармақша д
д) бітірген жылы және айы;
Тармақша е
е) мамандықтың және біліктіліктің аты;
Тармақша ж
ж) жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіргендігі туралы құжат беруде негіз болған құжаттардың тізімі;
Тармақша з
з) диплом дубликатын, куәлікті алғандығы туралы тұлғаның қолхаты;
Тармақша и
и) оқу орнының құжат берген проректорының (директордың орынбасарының) қолы енеді. Ескерту: Берілген диплом дубликаттары мен куәліктер тіркелетін кітап жіппен қайымдалады, нөмірленеді және оқу орнының проректорында (директордың орынбасарында) сақталады.
Тармақ 9
9. Ескіргендігіне немесе басқа себептермен жарамсыз болып қалған дипломдарды дипломның дубликатына ауыстыру осы нұсқаудың 3-ші бабында тізілген архивтік құжаттар негізінде жүргізіледі. Фамилиясы және аты-жөні өзгерген жеке тұлғалардың, дипломды дипломның дубликатына ауыстыруы осы нұсқаудың 3-ші бабында тізілген архивтік құжаттар және өзгерген деректі растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Өзгерген деректі растайтын құжаттар, осы оқу орнын бітірушілердің жеке іс қағаздарымен бірдей сақталады.
Тармақ 10
10. Куәліктің бланкілері орталықтандырылған тәртіпте қоса берілген үлгіге сәйкес беріледі.
Тармақ 11
11. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы куәлік алуға өтініш, диплом бланкілерін алуға белгіленген тәртіпте жіберіледі.
Тармақ 12
12. Куәлік бланкілері ерекше есептегі құжаттар ретінде Білім комитетінде және жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарында сақталады.
Тармақ 13
13. Жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітіру туралы құжатты қалпына келтіруден оқу орнының ректоры (директоры) бас тартқан жағдайда өтініш иесі оқу орнының басқару органына шағым беруі мүмкін.
Басқа 33. Куәлік
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіру туралы құжаттарды қалпына келтіру туралы Нұсқауға 1-қосымша ҚР Елтаңбасы ____________________________________________________________________ (министрліктің аты) ____________________________________________________________________ (жоғары немесе арнаулы орта орнының аты) Куәлік Азамат(ша)__________________________________________________________ (фамилиясы, аты-жөні) ____________________________________________________________берілді. ____________________________________________________________________ (оқу орнының аты) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (министрлік немесе ведомствоның аты) __________________________________________________мамандығы бойынша және Мемлекеттік біліктілік / емтихан комиссиясының шешімімен ____________________________________________________________________ ___________________________________________біліктілігі берілді. Осы куәлік ____________________________________________________ _____________________________________________________орнына берілді. Куәлікті беруге негіз болған___________________________________ ____________________________________________________________________ (архивтік құжаттар) ____________________________________________________________________ Ректор (директор)______________________________________________ ______________________________________________қолы. Оқу бөлімінің хатшысы_____________________________________қолы. ____________________________________________________________қаласы. Тіркеу нөмірі__________________________________________________ Берілген уақыты "   " ________________ 199 __ ж.