О порядке выдачи разрешения на приобретение за счет пенсионных активов государственных ценных бумаг, выпущенных местными исполнительными органами Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтерiнiң есебiнен Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар сатып алуға рұқсат берудiң тәртiбi туралы
Тармақ 4
Ескерту: Кiрiспенi қоспағанда, қаулының бүкiл мәтiнi бойынша түрлi септiктегi "Ұлттық комиссия" деген сөздер тиiстi септiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздермен, "Ұлттық комиссия Директоратының" деген сөздер тиiстi септiктегi "Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 537 қаулысымен . Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағының 1-1) тармақшасын және Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағының 1-1) тармақшасын орындау мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы Қаулыда қолданылған ұғымдардың мыналарды бiлдiретiндігі белгiленсiн:
Тармақша 1
1) "Шығарылымның андеррайтерi" - тиiстi лицензияның негiзiнде бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және муниципальдық облигацияның эмитентi - жергiлiктi атқарушы органмен жасасқан шарттың негізiнде оларды шығаруға және орналастыруға әзiрлеуге андеррайтер (қаржы консультанты, муниципальдық облигацияларды шығаруды және орналастыруды әзiрлеу жөнiндегi менеджер, эмиссиялық синдикаттың басқарушысы) ретiнде қатысатын ұйым;
Тармақша 2
2) "муниципальдық облигациялар" - жергіліктi атқарушы органы шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары;
Тармақша 3
3) "Заң кеңесшiсi" - тиiстi лицензияның негізiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсететiн және муниципальдық облигацияның эмитентi - жергiлiктi атқарушы органмен немесе Шығарылымның андеррайтерiмен жасасқан шарттың негiзiнде муниципальдық облигациялар шығарылымының мәселелерi жөнiндегi заң кеңесшiсi (заң консультанты) функциясын жүзеге асыратын ұйым.
Тармақша 3-1
3-1) Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi. Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 537 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Ұлттық банктің Директорлар кеңесі зейнетақы активтерiнiң есебiнен муниципальдық облигациялар сатып алуға рұқсат алу үшiн муниципальдық облигацияның эмитентi - жергiлiктi атқарушы орган немесе Шығарылымның андеррайтерi Ұлттық банкке муниципальдық облигациялардың осы шығарылымына қатысты мынадай құжаттарды ұсыну керек екендiгi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
Тармақша 2
2) осы Қаулының 3 және 4 тармақтарының шарттарына сәйкес келетiн муниципальдық облигациялардың инвестициялық меморандумы (бұдан әрi "инвестициялық меморандум" деп аталады);
Тармақша 3
3) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мазмұнында муниципальдық облигациялар бойынша маркет-майкер мәртебесiн беру туралы шешiм бар нормативтiк актiсiнiң көшiрмесi;
Тармақша 4
4) қаржыландырылуы үшiн муниципальдық облигациялар шығарылған аймақтық инвестициялық бағдарламалардың сипаттамасы (егер осындай сипаттама инвестициялық меморандумға енгізiлмесе).
Тармақ 3
3. Инвестициялық меморандумның мазмұнында:
Тармақша 1
1) жергiлiктi атқарушы органы муниципальдық облигациялар шығарған әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң қаржы-экономикалық жай-күйi туралы толық ақпарат;
Тармақша 2
2) муниципальдық облигацияның эмитентi - жергілiктi атқарушы органның несиелiк тарихының (қарызға алу тарихының) толық сипаттамасы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, өзге де мемлекеттiк орталық органдардың, жергілiктi атқарушы және өкiлеттi органдардың муниципальдық облигацияларды шығаруға және оларды шығару туралы шешiм қабылдауға құқық беретiн нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және өзге де ықтимал құжаттарының көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) Ұлттық банктің мазмұнында муниципальдық облигациялардың осы шығарылымына ұлттық бiрiздендiру нөмiрiн беру туралы шешiм бар нормативтiк актiсiнiң көшiрмесi;
Тармақша 5
5) жергiлiктi өкiлеттi органның мазмұнында осы әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң муниципальдық облигацияларды шығаруға, оларға қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты кiрiстер мен шығыстар енгізiлген тиiстi кезеңге бюджетi бар бiр немесе одан да көп нормативтiк құқықтық актiлерiнiң көшiрмесi;
Тармақша 6
6) жергіліктi өкiлеттi органның муниципальдық облигацияларға қызмет көрсетуге және өтеуге арналған шығыстарды секвестiрлеуден қорғауды растайтын нормативтiк құқықтық актiсiнiң көшiрмесi;
Тармақша 7
7) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мазмұнында оның сауда жүйесiнде муниципальдық облигацияларды айналысқа жiберу туралы шешiм бар нормативтiк актiсiнiң көшiрмесi;
Тармақша 8
8) қаржыландырылуы үшiн муниципалдық облигациялар шығарылған аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға және/немесе муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергiлiктi атқарушы органға қатысты тәуекелдердiң толық сипаттамасы;
Тармақша 9
9) Шығарылымның андеррайтерi және Заң кеңесшiсi туралы мәлiметтер;
Тармақша 10
10) Заң кеңесшiсiнiң инвестициялық меморандумның және муниципальдық облигацияларды шығаруға байланысты өзге де құжаттардың қолданылып жүрген заңдарға және муниципальдық облигациялардың инвестициялық сапасы туралы ақпаратты ашу толықтығына сәйкес келуiне заңдық сараптама жасау нәтижелерi туралы қорытындысы;
Тармақша 11
11) өтiнушiнiң (муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергілiктi атқарушы органның немесе Шығарылым андеррайтерiнiң) пiкiрiнше муниципальдық облигациялардың инвестициялық сапасы және олардың инвестициялық тартымдылығын әлуеттi сатып алушылардың бағалауларының объективтiлігі туралы ақпаратты жан-жақты ашуға мүмкiндiк жасайтын өзге де құжаттардың болу керектiгi белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық банкке ұсынылған инвестициялық меморандумның парақтар бойынша нөмiрленуi, тігілуi және соңғы парақтың сыртына муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергiлiктi атқарушы орган және Шығарылым андеррайтерi мөрлерiнiң таңбасы қойылу (жартылай тiгiстiң түйiнiне желiмделген қағаздың жоғарғы жағына, жартылай парақта) керек екендiгі белгіленсiн.
Тармақ 5
5. Зейнетақы активтерiнiң есебiнен муниципальдық облигациялар сатып алу мүмкiндiгi туралы негiзделген шешiм қабылдау мақсатында Ұлттық комиссияның осы Қаулының 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға енгiзiлген мәлiметтердi нақтылауға және толықтыруға қажеттi қосымша ақпаратты ұсынуды сұрауға құқылы, оның iшiнде осындай ақпаратты инвестициялық меморандумға енгiзудi талап етуге, екендiгi белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды Ұлттық комиссияның оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде қарайтындығы белгiленсiн. Осы Қаулының 5-тармағына сәйкес қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда аталған қарау мерзiмi жаңартылады. Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 537 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Ұсынылған инвестициялық меморандумның негiзiнде зейнетақы активтерiнiң есебiнен муниципальдық облигациялар сатып алуға Ұлттық комиссияның рұқсаты берiлгендiгiн растау үшiн:
Тармақша 1
1) инвестициялық меморандумның сыртқы парағына "Зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға Ұлттық банк Директорлар кеңесі қаулысымен рұқсат етiлдi" деген жазба енгiзiледi, осындай қаулының күнi және нөмiрi көрсетiлетiндiгi, Ұлттық Банк Төрағасының қолымен және Ұлттық банктің мөрiнiң таңбасымен куәландырылатындығы;
Тармақша 2
2) инвестициялық меморандумның соңғы парағының сыртына (жартылай тiгiстiң түйiнiне желiмделген қағаздың жоғарғы жағына, жартылай парақта) Ұлттық комиссияның мөрiнiң таңбасымен куәландырылатын Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылатындығы белгiленсiн. Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 537 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Осы Қаулының 4 және 7 тармақтарына сәйкес ресiмделген муниципальдық облигациялардың инвестициялық меморандумының бiр данасының өтiнушiге (муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергілiктi атқарушы органға немесе Шығарылым андеррайтерге) берiлетiндiгi, ал екіншi данасының Ұлттық комиссияда қалатындығы белгiленсiн.
Тармақ 9
9. Зейнетақы активтерiнiң есебiнен муниципальдық облигацияларды сатып алуға ұсыныс жасаған кезде және оларды өтегенге дейiнгi уақыттың кез келген кейiнгi сәтiнде муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергiлiктi атқарушы органның немесе Шығарылым андеррайтерiнiң кез келген мүдделi тұлғаға оның бiрiншi талап етуi бойынша осы Қаулының 4 және 7 тармақтарына сәйкес келетiн инвестициялық меморандумның түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi екендiгі белгiленсiн. Муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергілiктi атқарушы органы немесе Шығарылым андеррайтерi осы мүдделi тұлғаға оған инвестициялық меморандумның көшiрмесiн (типографиялық тәсiлмен дайындалған данасын) беруден бас тартуға құқылы емес. Бұл ретте муниципальдық облигациялардың эмитентi - жергiлiктi атқарушы органның немесе Шығарылым андеррайтерi инвестициялық меморандумның көшiрмесiн (типографиялық тәсiлмен дайындалған данасын) бергендiгі үшiн оны дайындауға кеткен шығындардың мөлшерiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.
Тармақ 10
10. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 11
11. Ұлттық банк орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгінiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 12
12. Ұлттық банк орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының зейнетақыны реформалау бөлiмi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) зейнетақы активтерiнiң есебiнен муниципальдық облигациялар сатып алу үшiн Ұлттық комиссияның рұқсатын алуға ниет бiлдiрген муниципальдық облигацияның эмитентi - жергілiктi атқарушы органдардың немесе Шығарылым андеррайтерлерiнiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.