Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность организаций начального профессионального образования Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бастауыш кәсіптік білім ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1013 "Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса тiркелген (N 1, 2 қосымшалар) бастауыш кәсiптiк бiлiм ұйымдарының қызметін тәртіпке келтiретiн нормативтiк-құқықтық актiлер бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы кәсiптiк мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы кәсiптiк лицейлерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереже.
Тармақ 2
2. Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ. Лекер) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) меншiк және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы бұйрықты барлық бастауыш кәсiптiк ұйымдарының басшыларына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсін.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы кәсiптiк мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы
Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 463 бұйрығына қосымша N 1 Қазақстан Республикасы кәсiптiк мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының кәсiптiк мектептерi үшiн, меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан типтiк болып табылады.
Тармақ 2
2. Кәсiптiк мектеп - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны.
Тармақ 3
3. Кәсiптiк мектеп Қазақстан Республикасындағы барлық азаматтарға өзiнiң қабілетi, бейiмдiлiгi, денсаулығының жағдайына қарай кәсiптер, мамандықтар, бiлiктiлiктер алуда тең мүмкiндiк бередi.
Тармақ 4
4. Кәсiптiк мектептегi оқу мерзiмi 2-3 жыл.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының кәсiптiк мектептерi алдында тұрған мiндеттерi:
Тармақша 1
1) бастауыш кәсiптiк және жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдай туғызу;
Тармақша 2
2) жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, салауатты өмiр салты мен берiк адамгершiлiк негiздерiн қалыптастыру, дара ерекшелiктерiн дамытуға жағдайлар жасау арқылы интеллектiсiн байыту;
Тармақша 3
3) оқушыларды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi қастерлеуге, халық дәстүрлерiн сыйлауға, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
Тармақша 4
4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне сапалы көзқарасын қалыптастыру;
Тармақша 5
5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
Тармақша 6
6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
Тармақша 7
7) еңбек нарығында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
Тармақша 8
8) жұмыссыздар мен жұмыстан босаған қызметкерлердi қайта оқыту және қайта даярлау;
Тармақша 9
9) жартылай қызмет көрсетушi бiлiм беру ұйымы ретiнде оқу орнын тиiмдi дамыту.
Тармақ 6
6. Кәсiптiк мектептер:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi мен бiлiм кәсiпорындары);
Тармақша 2
2) мемлекеттiк емес (жеке меншiк, Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң бiлiм беру ұйымдары);
Тармақша 3
3) халықаралық болуы мүмкiн.
Тармақ 7
7. Кәсiптiк мектептi құру, қайта құру және тарату жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзіледi.
Тармақ 8
8. Кәсiптiк мектеп бiлiм беру құқығын ендiру лицензиясын республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыстық бiлiм басқармалары (департаменттерi) бередi.
Тармақ 9
9. Кәсiптiк мектеп өзiнiң қызметiн Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi және Yкiметi актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Кәсiптiк мектеп меншiктi мүлкi, аты мен мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, мемлекеттiк тiлде өзiнiң аты жазылған мөртаңбасы (белгiсi), сондай-ақ, банктерде есеп-шоты бар заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 11
11. Кәсiптiк мектеп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңы мен осы Ереже негiзiнде құрылтайшысы бекiткен өз жарғысын жасайды.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Оқушыларды қабылдау және бiтiрту тәртiбi
2. Оқушыларды қабылдау және бiтiрту тәртiбi
Тармақ 12
12. Оқушыларды қабылдау тәртiбiн, бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдар бекiткен, аталған оқу орнына оқушыларды қабылдау туралы үлгi Ережеге сәйкес, кәсiптiк мектептер белгiлейдi.
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептер оқушылары, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша, жатақханамен және жолаушы көлiктерiндегi жеңiлдiктермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Тармақ 14
14. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мемлекеттiк тұрғыда толық қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Оқу орнының жарғысында немесе шартта (контрактiде) қарастырылған iшкi тәртiп ережелерiн бұзғаны үшiн оқушыларға жазалау шаралары қолданылады.
Тармақ 16
16. Толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк циклдағы пәндерден, өндiрiстiк оқудан оң қорытынды бағалары бар кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орнының оқушылары бiтiру емтихандарын тапсыруға жiберiледi. Емтихандарды тапсырудан босатуға құқық берiлетiн ауру түрлерiне сәйкес, сырқаты туралы медициналық комиссияның қорытындысы негiзiнде ғана теориялық пәндерден емтихан тапсырудан босатылады.
Тармақ 17
17. Кәсiптiк мектептер оқушыларды аралық аттестациядан өткiзудiң формасын, тәртiбiн және кезеңдерiн таңдауға ерiктi. Оқушылардың кәсiптiк мектептегi кәсiптiк бастауыш және жалпы орта бiлiм бағдарламаларын меңгеруi, қорытынды мемлекеттiк аттестациядан өту арқылы аяқталады. Бiтiру емтихандары бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар бекiткен тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 18
18. Кәсiптiк мектептi бiтiрушiлерге меншiк формасы мен ведомостволық бағыныштылығына қарамастан, қорытынды мемлекеттiк аттестациядан өткеннен кейiн, бiлiм мен мамандық деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар берiледi.
Тармақ 19
19. Оқу жоспарындағы пәндердiң 75 пайызынан астамынан 5 (өте жақсы) деген бағасы бар, ал қалғандарынан 4 (жақсы) деген баға алған, қорытынды мемлекеттiк аттестациядан 5 (өте жақсы) деген баға алып өткен кәсiптiк мектеп бiтiрушiлерiне үздiк диплом берiледi.
Тармақ 20
20. Кәсiптiк мектептi бiтiрушiлер ұқсас мамандықтарына сәйкес қысқартылған, жеделдетiлген бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк орта бiлiм ала алады.
Тармақ 21
21. Егер кәсiптiк мектептi (лицейдi) бiтiрген күнi мен жұмысқа орналасқан күнi арасында мерзiм бiр айдан аспаса, онда кәсiптiк мектепте оқыған уақыты жалпы еңбек стажына, сондай-ақ, үзiлiссiз еңбек стажына есептеледi.
Тармақ 22
22. Әр түрлi себептерге байланысты, оқудың толық курсын аяқтамаған және белгiлi деңгейде бiлiктiлiгi бар оқушыларға белгiленген үлгiдегi анықтама берiлуi.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк оқу орнын бiтiргендiгi туралы құжаттың республикадан тыс жерлерде мойындалуы, халықаралық шарттар (келiсiмдер) негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
3. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
Тармақ 24
24. Кәсiптiк мектептегi оқу-тәрбие қызметi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестесiн жасау мен бекiту кәсiптiк мектеп құзыретiне кiредi.
Тармақ 26
26. Кәсiптiк мектепте бiлiктi жұмысшыларды даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi оқу орнының жұмыс берушiлермен, жұмыспен қамту қызметi мен жеке азаматтармен бiрге анықтаған кәсiптер (мамандықтар) және кәсiптер тобы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Кәсiптiк мектептерде оқу төмендегідей нысандарда жүзеге асырылады: күндiзгi, сырттай, кешкi оқу, дистанциялық оқыту және экстернат. Кәсiптiк бiлiм алудың әркелкi түрлерiн ұштастыруға жол берiледi.
Тармақ 28
28. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептерде оқу қазақ тiлiнде, ана тiлiнде және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi, мұның өзi қажеттi сәйкес оқу бөлiмдерiн құруды, сонымен бiрге олардың қызмет етуiне жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк емес кәсiптiк мектептерде оқу тiлi (тiлдер) олардың құрылтайшылары арқылы анықталады. Меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiптiк мектептер мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн оқыту мен дамытуды, сондай-ақ, орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн оқып-үйренудi қамтамасыз етуге тиiс. Ұлттық топтар үшiн олардың ана тiлдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде өз тiлдерiнде оқытатын кәсiптiк мектептер немесе құрылымдар (бөлiмдер, топтар) құрыла алады.
Тармақ 29
29. Кәсiптiк мектептегi оқу сабақтары 1 қыркүйекте басталып, 1 шiлдеге дейiнгi аралықта аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы 52 оқу аптасы. Оқу жылы бойындағы демалыстардың ұзақтығы 11 аптадан аспауы керек. Оқушылардың апталық оқу жүктемесi 36 сағаттан аспауы керек. Оқушылардың жекелеген санаттары үшiн сабақтың басталуы оқу топтарының жасақталу шамасына қарай жұмыс берушiлермен келiсiм-шарт негiзiнде белгiленедi.
Тармақ 30
30. Оқу топтары мамандықтар бойынша 25 адамнан аспайтын көлемде жасақталады, бюджеттен тыс қаржыларды пайдалану кезiнде жергiлiктi басқару органдарымен келiсiм негiзiнде шағын оқу топтары құрылады.
Тармақ 31
31. Жекелеген пәндердi, оның iшiнде дене тәрбиесi мен тiлдердi оқытудағы теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтар кезiнде топ екiге бөлiнедi. Топтарға бөлiнiп оқытылатын пәндердiң тiзiмi оқу жоспары бойынша анықталады. Теориялық оқу сабағының ұзақтығы 45 минут, қажет болған кезде кәсiптiк циклдағы пәндер бойынша ортасында 5 минуттық үзiлiс бар жұп сабақтары өткiзiледi, ал 2 сабақтан кейiнгi үзiлiс 10 минутқа созылады. Өндiрiстiк оқу сабақтарында топ екi кiшi топтарға бөлiнедi, ал кiшi топтардағы оқушылар саны мамандықтар, күрделi жабдықтармен жұмыс iстеу, қауiптi жұмыстарды орындау сияқты жағдайларға байланысты анықталады. Өндiрiстiк оқу сабақтарының ұзақтығы 10 минуттық үзiлiсiмен 90 минут болады. Теориялық, практикалық сабақтардың кезектестiрiлуi оқу жоспарына қарай анықталады.
Тармақ 32
32. Оқушылардың өндiрiстiк оқуы оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертхана, полигондарда, оқу орнының тәжiрибе шаруашылықтарында, құрылыс объектiлерiнде, егiс даласында, тапсырыс берушiлердiң кәсiпорындарында, фермаларында жүргiзiледi. Оқу бағдарламаларына сәйкес өндiрiстiк оқу процесiнде және сабақтан тыс уақытта келешекте сату мақсатында өнеркәсiп пен ауылшаруашылығы өнiмдерiн шығаруды ұйымдастыру қарастырылады.
Тармақ 33
33. Оқушылардың кәсiптiк практикасы теориялық оқыту процесiнде алынған бiлiм және бiлiктiлiгiн бекiтуге, кәсiптiк тәжiрибенiң практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Кәсiптiк практика, практика базасы болып табылатын ұйымдарда өткiзiледi. Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмi мен мазмұны оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен белгiленедi. Практиканы ұйымдастырудың күнтiзбелiк кестесi ұйымдармен шарт негiзiнде келiсу арқылы бекiтiледi. Шарттарда практика базасы болып табылатын ұйымдардың, кәсiптiк мектептердiң және оқушылардың мiндеттерi белгiленедi.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Кәсiптiк мектептi басқару
4. Кәсiптiк мектептi басқару
Тармақ 34
34. Кәсiптiк мектептi басқару Қазақстан Республикасының Заңына, осы Ережеге және оқу орнының жарғысына сәйкес жүргiзiледі. Кәсiптiк мектептi басқару алқалық пен дара бастылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады. Алқалық басқару түрлерiне: кәсiптiк мектептiң кеңесi, қамқорлық жасаушы кеңес, жалпы жиналыстар және педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес, т.б. жатады. Кәсiптiк мектептi тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңдары бекiткен тәртiпте құрылтайшы тағайындайтын басшы жүргiзедi.
Тармақ 35
35. Кәсiптiк мектеп басшысы өзiнiң орынбасарын, бiлiм беру басқармаларының өкiлеттi органдарымен келiсе отырып тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 36
36. Кәсiптiк мектеп оқу-тәрбие процесiн, мамандарды таңдауды және орналастыруды, ғылыми, шаруашылық-қаржыландыру және тағы да басқа қызметтердi Қазақстан Республикасында белгiленген заңдар шегiнде өздiгiнен, дербес жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Кәсiптiк мектеп ұжымы қызметкерлерiнiң құқығы мен мiндеттерi, ұйымның жарғысы, iшкi тәртiп ережелерi және лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептердiң қызметiн қаржылық- шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
5. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептердiң қызметiн қаржылық- шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 38
38. Мемлекеттiк кәсiптiк мектептi қаржыландыру, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қаржыландыру нормативтерiнiң негiзiнде бiр бiлiм алушыға шаққандағы бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Мемлекеттiк кәсiптiк мектеп Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуге құқылы. Ақылы бiлiм беру қызметiн, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының шеңберiнде қаржыландыратын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетуге болмайды.
Тармақ 40
40. Мемлекеттiк кәсiптiк мектеп өзге қаржылық және материалдық түсімдерді, оның iшiнде валюталық түсімдерді Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен ұстауға құқылы.
Тармақ 41
41. Ақылы бiлiм беру қызметiнен түсетiн қаржыны қалыптастыру, пайдалану, есепке алу, есеп беру және бақылау, қаржылық, материалдық, сондай-ақ валюталық түсiмдер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арқылы анықталады.
Тармақ 42
42. Кәсiптiк мектеп өзiнiң жарғысында анықталған тәртiппен мүлiктердi пайдалануға және иелiк етуге құқылы.
Тармақ 43
43. Кәсiптiк мектептер басқару құрылымын, штаттық кестесiн бекiтедi, қызмет мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасы заңдарындағы белгiленген тәртiппен жалақы ставкасы мен лауазымдық айлықақылары, оған қосылатын үстеме ақы мен қосымша ақы, оларға сыйлық берудiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлейдi.
Тармақ 44
44. Мемлекеттiк емес кәсiптiк мектептердi қаржыландыру бiлiм беру қызметiн сату, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасы Заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Мемлекеттiк емес кәсiптiк мектептер бiлiм беру қызметiн көрсеткенi үшiн, соның iшiнде мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде оқытқаны үшiн ақы алуға құқығы бар.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Кәсiптiк мектептердiң халықаралық қызметi
6. Кәсiптiк мектептердiң халықаралық қызметi
Тармақ 46
46. Кәсiптiк мектептердiң халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары және халықаралық шарттар, келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Кәсiптiк мектептер Қазақстан Республикасы заңдарымен бекiтiлген тәртiпте шетелдiк бiлiм, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен (қауымдастықтармен) тiкелей байланыс жасауға құқылы.
Басқа 79. Қазақстан Республикасы кәсiптiк лицейлерінің қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы
Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 463 бұйрығына қосымша N 2 Қазақстан Республикасы кәсiптiк лицейлерінің қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Кәсiптiк лицей - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және бiліктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны.
Тармақ 2
2. Кәсiптiк лицей Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына, кәсiптiк бастауыш бiлiм беру жүйелерiнiң ережелерiне, осы Ережеге және кәсiптiк лицейдiң жарғысына негiзделген, аттестаттаудан өткен таңдаулы кәсiптiк мектептiң негiзiнде құрылады.
Тармақ 3
3. Кәсiптiк лицей заңды ұйым, жеке мүлкi, мемлекеттiк тiлде көрсетiлген ұйымның мөрi, таңбасы, әрi заңға сәйкестендiрiлген есеп айыру шоты болады.
Тармақ 4
4. Кәсiптiк лицей жеке оқу жүйесi болып құрыла алады, сонымен қатар олар өз ерiктерiмен әртүрлi дәрежедегi оқу орындары мен оқу-өндiрiстiк құрамына ене алады.
Тармақ 5
5. Кәсiптiк лицей бiлiм беру құқына лицензия беру уақытынан бастап ие болады.
Тармақ 6
6. Кәсiптiк лицейдi құру, қайта құру және тарату жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Оқушыларды қабылдау және олардың оқуды бiтiру тәртiбi
Тармақ 7
7. Оқушыларды қабылдау тәртiбiн, бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдар бекiткен, аталған оқу орнына оқушыларды қабылдау туралы үлгі Ережеге сәйкес, кәсiптiк лицейлер белгiлейдi.
Тармақ 8
8. Көшiру және толық курсты бiтiру емтихандары Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен оқушыларды келесi курсқа көшiру, аттестациялау және оқуды бiтiру туралы нұсқауларына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
3. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кәсiптiк лицейдегi оқу-тәрбие процесi, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес iске асырылады.
Тармақ 10
10. Оқу жоспарларын, бағдарламаларын және оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестесiн әзiрлеу мен бекiту кәсiптiк лицейдiң құзырына кiредi.
Тармақ 11
11. Кәсiптiк лицейдегi оқу топтарының саны 25 оқушыдан артпауы керек. Бюджеттен тыс қаржы көздерiн тапқан кезде жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарымен келiсе отырып, шағын оқушылар топтарын құруға болады.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Кәсiптiк лицейдi басқару
4. Кәсiптiк лицейдi басқару
Тармақ 12
12. Кәсiптiк лицейдi басқару Қазақстан Республикасының Заңына, осы Ережеге және оқу орнының жарғысына сәйкес жүргiзiледi. Кәсiптiк лицейдi басқару алқалық пен дара басшылық принциптері негiзiнде жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысандарына: кәсiптiк лицей кеңесiнiң мәжiлiсi, қамқорлық жасаушы кеңес, жалпы жиналыстар және педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес, т.б. жатады. Кәсiптiк лицейдi тiкелей басқаруды құрылтайшы тағайындаған басшы жүргiзедi.
Тармақ 13
13. Кәсiптiк лицейдiң басшысы өзiнiң орынбасарын бiлiм беру басқармаларының өкiлеттi органдарымен келiсе отырып тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 14
14. Кәсiптiк лицейдiң оқу-тәрбие процесiн, мамандарды таңдауды және орналастыруды, ғылыми, шаруашылық-қаржыландыру және тағы да басқа қызметтердi Қазақстан Республикасында белгiленген заңдар шегiнде, дербес жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Кәсiптiк лицейлер қызметкерлерiнiң құқығы мен мiндеттерi оқу ұйымының жарғысы, iшкi тәртiп ережелерi және лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мемлекеттiк кәсiптiк лицейдiң қызметiн қаржылық- шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
5. Мемлекеттiк кәсiптiк лицейдiң қызметiн қаржылық- шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк кәсiптiк лицейдi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қаржыландыру нормативтерiнiң негiзiнде бiр бiлiм алушыға шаққандағы бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттiк кәсiптiк лицей заңды негiзде бiлiм беру және өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы. Ақылы бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының шеңберiнде қаржыландыратын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетуге болмайды.
Тармақ 18
18. Кәсiптiк лицей өзге қаржылық және материалдық түсiмдердi, оның iшiнде валюталық түсiмдердi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен ұстауға құқылы.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Кәсiптiк лицейдiң халықаралық қатынасы
6. Кәсiптiк лицейдiң халықаралық қатынасы
Тармақ 19
19. Кәсiптiк лицейдiң халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары және халықаралық шарттар, келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Кәсiптiк лицей Қазақстан Республикасы заңдарымен бекiтiлген тәртiпте шетелдiк бiлiм, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастық жағдайда екi жақты және көп жақты шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен (қауымдастықтармен) тiкелей байланыс жасауға құқылы.