О проведении противогнусовых мероприятий Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қан сорғыш насекомдарға қарсы шараларды жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты адамдарға қауіпті қан сорғыш насекомдардан және тас кенеден қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" 1996 жылғы 2 шілдедегі N 840 қаулысын басшылыққа алып және облыстық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның "Безгекке қарсы, қансорғыш насекомдарға қарсы шаралар туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 1 шешімін назарға ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) жергілікті атқарушы органдардың резервінен (ТЖ қоры) безгекке қарсы, қан сорғыш насекомдарға қарсы шараларды жүргізу үшін облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасына (Бирюков) 3,0 млн. теңге қаржы бөлсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы (Бирюков): - орындаушыларды белгілеу, материалдық ресурстарды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 165 заңын басшылыққа алсын; - бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін және барлық жұмыстар кешенін жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы К.А. Федотовқа жүктелсін.