О лицензировании производства и распределения тепловой энергии Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылу қуатын өндіруді және бөлуді лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1895 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жылу қуатын өндіруге, беруге және бөлуге (жиынтық жылу қуаты 100 Гкал сағатқа дейінгі) лицензияларды ресімдеу жөніндегі өкілді орган "Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы лицензияларды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заңын кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса басшылыққа алатын болсын.