О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорт и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бурабайского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз