Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3, 4) тармақшаларына, Екібастұз қаласы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 31 мамырдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" № 350/32 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" № 159/6, 2012 жылғы 5 маусымдағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" № 160/6 қаулыларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Байет ауылдық округінде Атығай ауылы құрылсын;
Бозшакөл ауылы және 112 - разъезд құрылсын;
Төрт-Құдық ауылын орталық ретінде алып, Төрт-Құдық, Бозшакөл, 112 - разъезд ауылдарының елді мекендерімен Төрт–Құдық ауылдық округі құрылсын;
Комсомол ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Шиқылдақ ауылы болып қайта құрылсын;
Қарасу ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Бесқауға ауылы болып қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Сарықамыс ауылдық округінің Суыққұдық ауылы;
Өленті ауылдық округінің Жартас ауылы;
Ақкөл ауылдық округінің Присовхозный ауылы таратылсын және Павлодар облысының есептік деректерінен шығарылсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.