Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в Жанаминском сельском округе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жанама ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринария – санитарлық инспекторының 2012 жылғы 22-мамырдағы N 14 ұсынысы негізінде Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жанама ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылы ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің бас маманы Керімбай Сәметұлы Ақтымбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.