О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы Жоғары өрт қаупі бар 4-5 класты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 15 бабының 11) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде Жамбыл облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңде (ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патрульдеуді ұйымдастыруды қамтасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тірекуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.