Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Кайрат Кайратского сельского округа Уалихановского района Күшін жойған
Басқа 0
Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округінің Қайрат ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 94 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округіндегі Қайрат ауылында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығына, «Уәлиханов ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: