Об организационной структуре и численности Республиканской гвардии Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ұйымдық құрылымы мен саны туралы «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының саны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ұйымдық құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Республикалық ұлан қолбасшылығы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының САНЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 360 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының САНЫ Рес­пуб­ли­ка­лық ұлан­ның са­ны оның ішін­де: - 1838, қол­бас­шы­лық және ор­та­лық ап­па­рат - 53, бри­га­да­лар - 1739 (олар­дың 580 ла­у­а­зы­мы мер­зім­ді қыз­мет­тің әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі), гос­пи­таль - 46.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 360 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:
Тармақша 1
1) басқару органдары: қолбасшылық, орталық аппарат;
Тармақша 2
2) құрамалар мен бөлімдер: бөлiмшелер мен қамтамасыз ету органдарын қоса алғанда, екі бригада, госпиталь.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кeйбip жарлықтарының ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 360 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кeйбip жарлықтарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 маусымдағы № 634 Жарлығы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 1013 Жарлығы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1028 Жарлығы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы.