Об изменении административных границ Мактааральского и Шардаринского районов Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсыныстарын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданының әкімшілік шекарасына Шардара ауданынан берілетін 8500,0 гектар жерді қосу жолымен Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков Облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Е.Садыр Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы Р.Исаева