О размещении государственного заказа в средних профессиональных учебных заведениях Қолданыста
Басқа 0
Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы15 мамырдағы № 721 Қаулысын орындау мақсатында және мемлекеттік қорғауды қажет ететін мектеп бітіруші жастарды, жетім балаларды, тұрмысы төмен отбасы балаларын әлеуметтік қорғау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру орта арнаулы білімді мамандар дайындаудың мемлекеттік тапсырысы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы /Жантеміров Б. Е./ мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды 2000 жылға қарастырылған нақтыланған бюджет шегінде жүргізсін.
З. Облыстық білім басқармасы /Құдайбергенов А. А./ оқу орындарының жасақталуын бөлінген қаржы шегінде және жасалған келісім-шарттар негізінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. К. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің
2000 жылғы "15" масымдағы № 86
шешіміне қосымша
2000 жылдың 4 айына мемлекеттік кәсіпорындарда /колледждерде/ мемлекеттік тапсырыс орналастыру есебі
мың тенге
№
Мемлекеттік кәсіпорындардың
аттары
2000 жылға
мемлекеттік
тапсырыс,
адам
Шығын
есебі,
мың тенге
Мемлекеттік
тапсырыс құны, тенге
1
Ақтөбе гуманитарлық
колледжі
50
988,0
19760
2
Ақтөбе политехникалық
колледжі
50
630,0
12600
3
Ақтөбе байланыс колледжі
25
352,0
14080
4
Ақтөбе музыкалық колледжі
40
1782,0
44550
5
Ақтөбе ауылшаруашылық
колледжі
50
715,0
14300
б
Ақтөбе теміржол көліктері колледжі
25
323,0
12910
7
Ақтөбе қаржы-экономика колледжі
25
232,0
9280
8
Ақтөбе дәрігерлік
колледжі
50
1055,0
21100
ИТОГО :
315
6077,0