Об утверждении Правил хранения записей теле-, радиопрограмм, имеющих историческую или культурную ценность Қолданыста
Басқа 0
Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидаларын бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 25 мамырдағы № 138 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3702 тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 92 бұйрығымен
бекітілген
Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиохабарлар) арқылы жасалған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле, радиобағдарламалар жазбаларын (бұдан әрі - жазба) қабылдау, сақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының мұрағаттық іс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) ұйымының ведомстволық немесе жеке мұрағаты (бұдан әрі - ұйым мұрағаты) құрылады.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) жазуларды Қазақстан Республикасының мұрағаттық іс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мұрағатта тұрақты сақтауға жібереді.
Тармақ 4
4. Ұйым мұрағатының паспорты жыл сайын жасалады және одан әрі Ұлттық мұрағат қоры және оны толықтыру көздері құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер Жинағына мәліметтерді енгізу үшін үш жылда бір рет тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Мәліметтерді Жинаққа енгізу «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
Тарау 2. 2. Жазбаларды сақтау тәртібі
2. Жазбаларды сақтау тәртібі
Тармақ 1. 1-Параграф. Жазбаларды сақтауға қабылдау тәртібі
1-Параграф. Жазбаларды сақтауға қабылдау тәртібі
Тармақ 5
5. Жазбалар ұйым мұрағатына мынадай:
Тармақша 1
1) осы ұйымның немесе оның құқық мирасқорларының қызметінде пайда болған іс жүргізуі өндірісі аяқталған жазбалар;
Тармақша 2
2) осы ұйымда әзірленген немесе басқа ұйымнан келіп түскен әртүрлі ақпарат тасығыштағы теле-, радиобағдарламалар жазуларының түпнұсқалары және көшірмелері түрінде келіп түседі.
Тармақ 6
6. Жазулар тұрақты сақтауға қоса тіркелетін ілеспе хатпен жіберіледі, оған қоса:
Тармақша 1
1) киноқұжаттар үшін - аннотациялар, монтаждық парақтар, аяқталған туындыға рұқсат беретін куәліктер, техникалық күйінің актілері, жарық және түрлі-түсті паспорттардың жазбалары;
Тармақша 2
2) фоноқұжаттар және бейнеқұжаттар үшін - техникалық күйінің актілері, сөйлеген сөздердің мәтіндері, грампластинка каталогтары, сөз сөйлейтіндердің тізімі, кештердің, концерттердің, рецензиялардың, мақалалардың бағдарламалары, қолданылатын фоноқұжаттарға және бейне құжаттарға тікелей қатысты басқа да құжаттар кіреді;
Тармақша 3
3) мұрағат ісі және құжаттама саласындағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, құжаттардың құндылық сараптамасының қорытындысы.
Тармақ 7
7. Жазбаларды сақтауға қабылдау кезінде ұйым мұрағатының қызметкері құжаттарды тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның қатысуымен:
Тармақша 1
1) құжаттардың жинақтылығын;
Тармақша 2
2) құжаттардың физикалық сақталуын;
Тармақша 3
3) осы Қағиданың 6-тармақта көзделген талаптарға сәйкес, қоса берілетін мәтіндік ілеспелі құжаттаманың жинақтылығын тексереді.
Тармақ 8
8. Қабылданған теле-, радио хабарлар жазбалары, осы Қағиданың 1-қосымшадағы нысан бойынша журналда есепке алуға жатады.
Тармақ 2. 2-Параграф. Жазбалардың істер тізімдемесін жасаудың тәртібі
2-Параграф. Жазбалардың істер тізімдемесін жасаудың тәртібі
Тармақ 9
9. Сараптау комиссиясымен тарихи немесе мәдени құндылығы бар деп танылған жазбалар осы Қағиданың 2, 3, және 4-қосымшадағы нысандар бойынша тізімдемеге енгізілуге және де өзге нормативтік құқықтық акттермен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты сақтауға жатады.
Тармақ 10
10. Киноқұжаттар мен бейнеқұжаттар:
Тармақша 1
1) түрлеріне қарай - фильмдер, арнайы шығарылымдар, киножурналдар, жеке кино- және телесюжеттер;
Тармақша 2
2) фильмдердің, арнайы шығарылымдардың, киножурналдардың шығу жылдарына қарай; жеке кино- және телесюжеттердің өндірістік нөмірлері бойынша;
Тармақша 3
3) есепке алу бірліктеріне (толықтыру);
Тармақша 4
4) түсті (түрлі-түсті, ақ-қара);
Тармақша 5
5) үлдірдің форматы (8 миллиметр (бұдан әрі - мм), 16 мм, 35 мм, 70 мм және басқа) бойынша жүйеленеді.
Тармақ 11
11. Үнқұжаттар, ақпаратты дыбыстық жазу түрлерi – фонографиялық, граммофонды, оптикалық, магниттiк, лазерлiк болып жүйеленедi. Белгiлi бiр жазба түрiнiң үнқұжатына жеке тiзiмдеме құрастырылады. Үнқұжаттың iшкi түрлерi сақтау бiрлiктерiне және толықтырулары бойынша орналастырылады.
Тармақ 12. 3–Параграф. Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртiбi
12. Тұрақты сақталатын жазулардың iстер тiзiмдемесiнiң осы Қағиданың 5-қосымшаға сәйкес титулдық парағы, мазмұны, алғысөзi, қысқартылған сөздер тiзiмi мен қорытынды жазбасы болады.
3–Параграф. Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 13
13. Ұйымның мұрағатындағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн мынадай:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны (құжаттардың сақтау ғимараты және үй-жайлары, құралдары, жабдықтар, құжаттарды көшiрiп алу және зақымданғандарын қалпына келтiру құралдары және басқада жабдықтар) құру мен дамытуды көздейтiн жазулардың сақталуын ұйымдастыру жөнiндегi;
Тармақша 2
2) құжаттарды уақытша сақтаудың нормативтiк шарттары мен параметрлерiн (сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзету режимдерi) құру мен тұрақты сақтау жөнiндегi;
Тармақша 3
3) алдын алу сипатындағы (құжаттардың физикалық-химиялық сақталуын қамтамасыз ету, мұрағат қоймаларынан құжаттардың берiлуiн регламенттеу, құжаттардың бар-жоғын және жай-күйiн тексерудi жүргiзу, аса бағалы құжаттарды табу, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру) шаралар жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесi жазулардың сақталуын және ұйымның мұрағатына құжаттар келiп түскен кезде, оларды сақтау және тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру кезiнде олардың физикалық жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi. Сақтауды ұйымдастыру және сақтауға тиiстi жағдайлар жасау кезiнде құжаттардың көрiнiстi құрам ерекшелiгiн және олардың материалдық тасығыштарының ерекшелiктерiн ескеру керек.
Тармақ 15
15. Сақталудағы құжаттардың көлемi мен құрамына сәйкес ұйым мұрағатына мұрағат құжаттарын сақтауға арнайы салынған немесе ыңғайластырылған жеке ғимарат немесе әкiмшiлiк ғимараттың бiр бөлiгi берiледi.
Тармақ 16
16. Әкiмшiлiк ғимаратты салу немесе қайта жаңарту кезiнде ұйым мұрағаты үшiн арнайы үй-жайлар көзделуi мүмкiн. Арнайы үй-жай болмаған кезде мұрағат үшiн ұйымның әкiмшiлiк ғимаратында ыңғайластырылған үй-жайлар бөлiнедi.
Әкiмшiлiк ғимараттағы ыңғайластырылған үй-жайларда ұйымның мұрағатын орналастыру олардың жарамдылығын (өртке төзiмдiлiгi, ұзақ мерзiмдiлiгi, конструкциясының берiктiгi, техникалық жағдайы, жылыту және ауа тазарту жүйесiнiң болуы) анықтайтын сараптамадан кейiн ғана жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Ұйым мұрағаты үшiн мынадай ғимараттарды:
Тармақша 1
1) құжаттарды сақтауға арналған мұрағат қоймаларын;
Тармақша 2
2) зерттеушiлердiң жұмыс iстеуiне арналған бөлменi (оқу залын);
Тармақша 3
3) мұрағат қызметкерлерiнiң жұмыс бөлмелерiн;
Тармақша 4
4) алмалы-салмалы электрондық тасымалдауыштардың, серверлiк және коммуникациялық жабдықтардың автоматтандырылған кiтапханасына арналған бөлмелерiн ұсыну көзделедi.
Тармақ 18
18. Қызметкерлер мен зерттеушiлерге арналған жұмыс бөлмелерi және зерттеушiлердiң жұмыс iстеуiне арналған үй-жайлар (оқу залы) мұрағат қоймаларынан жеке орналастырылады.
Тармақ 19
19. Жұмыс бөлмелерiнен қалқалары жоқ мұрағат қоймалары арнайы орнатылған қалқалармен бөлiнедi. Бөгде адамдар мұрағат қоймасына басшының рұқсатымен және ұйым мұрағаты қызметкерiнiң қатысуымен ғана кiргiзiледi.
Тармақ 20
20. Мұрағат қоймалары химиялық заттарды немесе тамақ өнiмдерiн сақтауға немесе қолдануға байланысты зертханалық, өндiрiстiк және қойма үй-жайларынан қашықта орналастырылады.
Тармақ 21
21. Мұрағат қоймалары өрт жағынан қауiпсiз және су басудан кепiлдендiрiлген болуы тиiс. Олардың iшiнде газ, су құбыры, кәрiз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиiс.
Тармақ 22
22. Мұрағат үй-жайларының сыртқы есiктерiне металл парақ қағылады және берiк ысырмалары болады. Жұмыс уақытында мұрағат қоймаларын кiлттеп жабылады. Жұмыстан тыс уақытта мұрағаттың барлық үй-жайларына мөр басылады немесе пломбыланылады. Мөр (пломба) кiлттермен бiрге ұйым бойынша кезекшiге, күзетшiге немесе iшкi ведомстволық қағидаларында белгiленген орынға тапсырылады.
Ұйым мұрағатынан құжаттарды ғимараттан тысқары жерге алып шығу ұйым басшысы белгiлеген тәртiппен ұйымның арнайы рұқсаттамалар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Ұйым мұрағатының үй-жайлары күзет дабылдарымен жабдықталады. Орналасуы сырттан кiруге мүмкiндiк беретiн терезелерге металл торлар орнатылады.
Тармақ 24
24. Мұрағат қоймаларындағы электр өткiзгiш жасырын болуы тиiс, штепсельдiк розеткалар герметикалық қолдануда ғана пайдаланылады. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар мұрағат қоймаларының үй-жайларынан тысқары орналастырылады.
Тармақ 25
25. Ұйым мұрағатының өрт сөндiру жүйесi мен құралдарында жазулар үшiн қауiпсiз бейтарап заттар қолданылады.
Тармақ 26. 4–Параграф. Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi
26. Мұрағат қоймаларында отты, қыздыру құралдарын қолдануға, сырт киiмдермен, дымқыл және лас аяқ киiммен кiруге, тамақ өнiмдерiн сақтау мен пайдалануға, темекi шегуге жол берілмейді.
4–Параграф. Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi
Тармақ 27
27. Киноқұжаттарда қорғану ракордтары болады. Бастапқы ракордтың ұзындығы 3 м құрайды, ракордтың соңғы ұзындығы - 1,5-2 м құрайды. Бастапқы және соңғы ракордтарға шифрлеу белгiсi қойылады. Сыртқы қабатта киноқұжаттарды фотографиялық өзекшелер рулонға оралған болуы тиiс. Орам бағыты – басынан соңына дейiн. Орам тығыз болуы тиiс, рулон шеттерiндегi iлгерi орам да.
Тармақ 28
28. Магниттiк таспадағы үнқұжаттар жазбалардың дәл көшiрмесiн алу жылдамдығына байланысты түсi әртүрлi ракордтармен ресiмделедi. Бастапқы ракордқа жұмыс жүргiзбейтiн жағынан шифрлеу белгiсi қойылады. Сыртқа құжатты жұмысшы қабатпен өзекшеге оралған болуы тиiс. Сондай рулондағы iлгерi орамдардың биiктiгi 0,05 мм шамасынан артық болуы тиiстi емес. Үнқұжаттардағы орам бағыттары осындай болу керек, дәл көшiрмесiн алуда магнитофондағы жазылған рулон сағаттық тiлiне қарсы айналатын.
Тармақ 29
29. Теле-, радиобағдарламалар жазу құжаттары сақтауындағы әрбiр бiрлiк шығаруға арналған жеке герметикалықсыз орамаға ылғал мен шаңның ену мүмкiншiлiктерiнен, жарық сәулелердiң тиюлерiнен, механикалы зақым келудiң қорғанышынан орнығады. Олардың iшiндегi жазулардың еркiн ауысуларына кедергi болуы тиiстi. Буып-түйiлген материалдардың салғырт болуы химиялық, хлорлы, азотты асырамау, оларға буып-түйетiн материалды құжаттардың зақымдануы немесе био зақымдануы мүмкiн. Буып-түйiлген материалдардың жоғарғы сапалығы жазулардың зақымдануына немесе жабысуына әкелiп соқтырмауы тиiс. Орама алғашқы және екiншi болып бөлiнедi. Алғашқы ораманың қолданылуы тек зиянды газды қоспалардың жоғары концентрация шарттарында ауа тазартуы жоқ болуы және шаң бойынша пайдалы.
Тармақ 30
30. Киноқұжаттар жiңiшке қағаздан немесе полиэтиленнен көп қабатты пакетке, полиэтилентерефталата және металл қорапқа тиiстi буып-түйiлген болуы керек. Пакет мөлшерiн рулон мөлшерiне тиiстi талапқа сай болады.
Тармақ 31
31. Үнқұжаттарда магниттiк таспада полиэтилен қабыршақтан пакетке тиiстi iшiне салынған және - қорапты немесе полиэтилендiк қапқа орналастырылған (контейнер) этикеткаларға арналған ойықтармен болады.
Тармақ 32
32. Бейнефонограмманы тиiстi сақталу арнайы зауыттық берiк полимерлiк материалдан оралады.
Тармақ 33. 5–Параграф. Құжаттарды сақтау режимiн қамтамасыз ету тәртiбi
33. Дискiлiк тасығыштағы теле-, радиобағдарламалар жазу құжаттары зауыттық орамаға салынады, ал содан соң қорап ыдысқа орналастырылады.
5–Параграф. Құжаттарды сақтау режимiн қамтамасыз ету тәртiбi
Тармақ 34
34. Ұйым мұрағатында құжаттардың сақтау бүлiнуден сақтауды қамтамасыз ететiн және қоршаған ортаның зиянды ықпалынан қорғау жағдайында жүзеге асырылады.
Жазуларды, iстердi қорғау мына талаптарды орындауды:
Тармақша 1
1) жарық режимiн сақтау;
Тармақша 2
2) температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық режимiн сақтау есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 35
35. Ауа тазартқыш жүйелермен жабдықталған мұрағат қоймаларында құжаттарды сақтау үшiн мынадай оңтайлы температуралық-ылғалдық режимдер белгiленедi.
Тармақша 1
1) ақ-қара үлгiдегi құжаттар үшiн - температура + 150 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;
Тармақша 2
2) түрлi түстi үлгiдегi құжаттар үшiн - температура +2 - +50 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;
Тармақша 3
3) магниттiк таспадағы және дисктiк тасмалдауыштағы құжаттар үшiн - температура +8–ден +180 С-ге дейiн, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 45-65 %;
Тармақ 36
36. Климаты реттелмейтiн мұрағат қоймаларында ұйымның ғимаратын ұтымды жылыту, мұрағат қоймаларындағы ауаны желдету және ылғалдандыру (құрғату) негiзiнде климаттық жағдайларды оңтайландыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Мұрағат қоймаларындағы температуралық-ылғалдылық режимi тиiстi бақылау-өлшеу приборларының көрсеткiштерi негiзiнде ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы параметрлерiн үнемi өлшеп тұру жолымен бақыланады: желдетiлетiн үй-жайларда аптасына екi рет, климаты реттелмейтiн үй-жайларда аптасына үш рет өлшенедi.
Тармақ 38
38. Бақылау-өлшеу аспаптары (термометрлер, психометрлер, гигрометрлер) басты өткелде стеллаждарда жылытқыш және желдеткiш жүйелерден аулақ орналастырылады. Аспаптар көрсеткiштерi тiркеу журналдарына жазылады, журналдың нысанын ұйым анықтайды.
Мұрағат қоймаларындағы температуралық және ылғалдылық көрсеткiштердiң ауытқуына жол берiлмейдi.
Тармақ 39
39. Ұйым мұрағатының барлық үй-жайлары зең, жәндiктер, кемiргiштер пайда болу, шаң жиналу мүмкiндiгiне жол бермейтiн жағдайда күтiп ұсталады.
Тармақ 40
40. Мұрағат қоймаларында санитарлық-биологиялық қауiптi, желдетiлмейтiн аймақтардың пайда болуын болдырмайтын ауа айналымы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 41
41. Жылдың жылы уақытында ашылатын терезелер, сондай-ақ мұрағат қоймаларының қабырғаларындағы, төбелердегi, едендерiндегi желдету тесiктерiн және желдету жүйелерiнiң сыртқы тесiктерiн диаметрi 0,5 мм аспайтын торлармен қорғау керек.
Тармақ 42
42. Мұрағат қоймаларында жүйелi түрде дымқыл тазалық жүргiзiп тұру қажет. Жылына кем дегенде бiр рет стеллаждарды, шкафтарды, жазуларды алғашқы қорғау құралдарын шаңсыздандыру қажет. Бұл ретте едендер, терезе алды тақтайлары, стеллаждардың төменгi жақтары формалиннiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен тазаланады.
Тармақ 43
43. Жазулар мен мұрағат қоймаларына жылына екi рет (жылыту мерзiмi басталған және аяқталған кездi) жәндiктер мен өңездi саңырауқұлақтарды уақтылы анықтау үшiн тексеру жүргiзiледi.
Биологиялық зиянкестер табылған жағдайда жедел залалсыздандыру және дәрiлеу шаралары жүргiзiледi.
Басқа 1. Теле-, радиобағдарламалар жазбаларының келiп түсуiн және шығуын есепке алу журналы
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
1-қосымша
Нысаны
Теле-, радиобағдарламалар жазбаларының келiп түсуiн және шығуын есепке алу журналы
№№
р/с
Теле-, радиобағдарламалар
жазбаларының
келiп түскен
немесе шыққан датасы
Теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын жiберген немесе
жiберiлген
ұйымның (ұйымның құрылымдық
бөлiмшенiң),
атауы
Теле-, радиобағдарламалар
жазбаларының iлеспе
құжаттаманың құрамы
Келiп түскен
(шыққан) теле-,
радиохабарлар
жазбаларын
жеткiзушi материал атауы
және түрi
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Теле-,
радиобағдарламалар
жазбаларының
келiп түсуi
Теле-, радиобағдарламалар
жазбаларының шыққаны
Ескертпе
Тұрақты
сақтаудағы
Тұрақты
сақтаудағы
Уақытша
сақтаудағы
Есепке
алу бiрлiгiнiң саны
Сақтау
бiрлiгiнiң саны
Есепке
алу бiрлiгiнiң саны
Сақтау бiрлiгiнiң саны
Есепке
алу бiрлiгiнiң саны
Сақтау бiрлiгiнiң саны
6
7
8
9
10
11
12
___________ жылы барлығы ________________________есепке алу бiрлiгi
(цифрмен және жазбаша)
_________________________ сақтау бiрлiгi келiп түстi,
(цифрмен және жазбаша)
____________есепке алу бiрлiгi ______________ сақтау бiрлiгi шықты.
(цифрмен және жазбаша) (цифрмен және жазбаша)
Қорытынды жылдық жазбаны жасаған Қолтаңбаның
қызметкер лауазымының атауы __________________ толық жазылуы
(өз қолы)
Мұрағат басшысы _______________________________ Қолтаңбаның
(өз қолы) толық жазылуы
Уақыты
Формат А3 (297Х420)
Басқа 2. Тұрақты сақталатын бейнеқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
2-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын бейнеқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiлген
Бекiтемiн
Жергiлiктi атқарушы органның
(республикалық мемлекеттiк
мұрағаттың) сараптама тексеру
комиссиясы_____ жылғы ______ №
___хаттамасымен
Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)
Күнi
№ ___ Тiзiмдеме
___________________________________________________
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi
Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi
Индекс, өндiрiстiк нөмiр
Құжаттың тақырыбы
Авторы
Шығарманы орындаушы
Тiлi
1
2
3
4
5
6
7
кестенiң жалғасы
Жазу, қайта жазу уақыты
бейнежазбаның хронометражы
Жазбаның түрi мен форматы
Сақтау бiрлiгiнiң саны
Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы
Ескертпе
түпнұсқа
көшiрме
8
9
10
11
12
13
14
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi
Форматы А4 (210Х297)
Басқа 3. Тұрақты сақталатын киноқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
3-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын киноқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiлген
Бекiтемiн
Жергiлiктi атқарушы органның
(республикалық мемлекеттiк
мұрағаттың) сараптама тексеру
комиссиясы______ жылғы ______ №
___ хаттамасымен
Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)
Күнi
№ ___ Тiзiмдеме
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi
Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi
Индекс, өндiрiстiк нөмiр (ұйымдағы есепке алу нөмiрi)
Құжаттың тақырыбы
Авторы
Түсiрiлiмнiң, дайындықтың уақыты
Вариант (үнсiз, дыбысты, а/б, түрлi-түстi, форматы, тiлi)
Сақтау мерзiмiнiң/ метраждың саны
негатив
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенiң жалғасы
Сақтау мерзiмiнiң/метраждың саны
Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы
Ескертпе
Дубль-негатив
Фонограмма (негатив)
Магниттiк фонограмма магнитная (негiзгi, бiрiктiрiлген)
Аралық позитив
Позитив
Бекiтiлген роликтер түрлi-түстi төлқұжаттар
9
10
11
12
13
14
15
16
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен келiсiлдi
Форматы А4 (210Х297)
Басқа 4. Магниттiк жазбадағы үнқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
4-қосымша
Нысаны
Магниттiк жазбадағы үнқұжаттардың iстер тiзiмдемесi
Бекiтiлген
Бекiтемiн
Жергiлiктi атқарушы органның
(республикалық мемлекеттiк
мұрағаттың) сараптама тексеру
комиссиясы______ жылғы ______
№ ___ хаттамасымен
Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)
Күнi
№ ___ Тiзiмдеме
____________________________________________________
(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар(ға)
Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi
Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi
Индекс, өндiрiстiк нөмiр
Құжаттың тақырыбы
Авторы
Шығарманы орындаушы
Тiлi
Жазу, қайта жазудың уақыты
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенiң жалғасы
Жазу, қайта жазудың жерi
Жазу, қайта жазудың уақыты
бейнежазбаның хронометражы
Жазбаның түрi мен форматы
Сақтау бiрлiгiнiң саны
Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы
Ескертпе
түпнұсқа
көшiрме
9
10
11
12
13
14
15
16
Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн
сақтау бiрлiгi енгiзiлдi (санмен және жазбаша)
оның iшiнде:
арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.
Тiзiмдеменi құрастырушының
лауазымының атауы _________ Қолының толық жазылуы
(қолы)
Күнi
Ұйымның орталық сараптама комиссиясы (сараптама комиссиясы)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен келiсiлдi
Басқа 5. Тұрақты сақталатын құжаттар тiзiмдемесiнiң титулдық парағы
Тарихи немесе мәдени құндылығы
бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтау Қағидасына
5-қосымша
Нысаны
Тұрақты сақталатын құжаттар тiзiмдемесiнiң титулдық парағы
___________________________________________________________________
(мемлекеттiк мұрағаттың атауы)1
____________________________________________________________________
(қордың атауы)
________________________________
(орналасқан жерi)
№ _______________________ қор
_______________________ тiзiмдеме
____________________________________________________________________
(тiзiмдеменiң атауы)
Құжаттың алғашқы және соңғы күнi___________
______________________
1 Мемлекеттiк мұрағат толтырады