Об установлении границ охранной зоны и определении режима использования земель магистрального газопровода "Казахстан-Китай" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзету аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 118, 121-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының желілік бөлігін пайдалану кезеңінде қажетті жағдайлар жасау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай газ құбырының белдік нүктесінің (ось) екі жағынан 25 метрден, компрессорлық станциялардың (КС-6, КС-7) жан-жақтарынан 100 метрден іске қосу-қабылдау құрылғыларын тазарту жүйелерінің (ҚҚҚТЖ) жан-жағынан 50 метрден күзету аймағының шекарасы 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзету аймағындағы жерді пайдалану режимі 4-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Досымбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзету аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" N 182 қаулысына 1-қосымша "Қазақстан-Қытай" магистральды газқұбырының 25 метрден күзету аймағына кіретін жерлердің экспликациясы N р/н Аудан- дардың атауы Күзету аймағының ауданы, га ауыл шаруашы- лық алқап- тары, га оның ішінде егістік көп жылдық екпелер шабын- дық жайы- лым басқа да алқап- тар суар- малы тәлім- ді 1 Жамбыл 580,98 575,34 28,41 6,46 22,07 524,86 5,64 2 Қарасай 102,51 100,63 94,73 5,90 1,88 3 Іле 467,38 459,0 103,56 45,36 355,44 8,38 4 Талғар 150,30 146,34 72,48 64,24 73,85 3,96 5 Еңбекші- қазақ 1189,40 1167,92 378,04 348,61 6,78 87,05 696,05 21,47 6 Ұйғыр 444,76 432,62 58,18 58,18 54,44 320,00 12,14 7 Панфилов 530,99 236,67 4,33 4,33 15,55 216,79 294,32 Барлығы 3466,31 3118,52 739,34 527,18 6,78 179,11 2192,89 347,79
Басқа 6
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзету аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" N 182 қаулысына 2-қосымша "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының 100 метрден күзету аймағына кіретін жерлердің компрессорлық станцияларының (КС-6, КС-7) экспликациясы N р/н Аудан- дардың атауы Күзету аймағының ауданы, га ауыл шаруашы- лық алқап- тары, га оның ішінде егістік көп жылдық екпе- лер шабын- дық жайы- лым басқа да алқап- тар суар- малы тәлім- ді КС-6 "Отар" 1 Жамбыл 19,74 19,74 8,47 11,27 КС-7 "Шелек" 2 Еңбекші- қазақ 19,23 19,23 13,09 6,14 Барлығы 38,97 38,97 13,09 8,47 17,41
Басқа 7
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзету аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" N 182 қаулысына 3-қосымша "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының 50 метрден күзету аймағына кіретін жерлердің қосу-қабылдау тазарту құрылғы жүйелері (ҚҚТҚЖ) экспликациясы N р/н Аудан- дардың атауы Күзету аймағының ауданы, га ауыл шаруашы- лық алқап- тары, га оның ішінде егістік көп жылдық екпе- лер шабын- дық жайы- лым басқа да алқап- тар суар- малы тәлім- ді ҚҚТҚЖ-6 1 Жамбыл 5,95 5,95 5,95 ҚҚТҚЖ-7 2 Еңбекші- қазақ 6,00 6,00 3,11 2,89 Барлығы 11,95 11,95 3,11 5,95 2,89
Басқа 8
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзету аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" N 182 қаулысына 4-қосымша "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Газ құбырының күзетілетін аймақтарында:
Тармақша 1
1) оны дұрыс пайдаланудың бұзылуына әкеп соғатын іс-әрекеттерге тыйым салынады;
Тармақша 2
2) бақылау-өлшеу пункттерін, аймақтарын және сигнал белгілерін сындыру, басқа жерге ауыстыру және көму;
Тармақша 3
3) әртүрлі тектегі қоқыс тастайтын жерге айналдыру және сілті, ерітінді қышқылдарын төгу;
Тармақша 4
4) от қою, от көздерін ашуға немесе жабуға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Газ құбыры кәсіпорнының рұқсатынсыз:
Тармақша 1
1) кез-келген құрылымдар мен құрылыстарды шығаруға;
Тармақша 2
2) ағаштар және тал-шыбықтардың барлық түрлерін отырғызуға, жемдер, тыңайтқыштар, материалдар, шөп және сабан жинақтауға, атқоралар орналастыруға, мал ұстауға, балық аулайтын учаскелерді бөлуге, балық өнімдерін өндіруге, мұз жаруды және дайындауды жүргізуге;
Тармақша 3
3) газ құбыры трассасы арқылы өтуге және жол салуға, автокөлік, тракторлар және механизмдер тұрақтарын салуға, бақтар мен бау-бақшалар орналастыруға;
Тармақша 4
4) мелиорациялық жер жұмыстарын, суару және құрғату жүйелерін жүргізуге;
Тармақша 5
5) ашық түрде және жер асты, тау, құрылыс, монтаждау және жарылыс жұмыстарын, топырақ жоспарлау жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 6
6) геологиялық түсіру, геологиялық барлау, іздестіру, геологиялық және де басқа да іздестіру жұмыстарын, ұңғырларды орналастырумен байланысты, тік шурф және топырақ сынамасын алуды жүргізуге (топырақ үлгілерінен басқа) болмайды.