Отдельные вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің Ақтау қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдарының тізбесі: мынадай мазмұндағы 161-1 және 182-1-тармақтармен толықтырылсын: «161-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің Ақтау қаласы бойынша салық басқармасы.»; «182-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.